Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
                  Құрметтi ханымдар мен мырзалар !
                 Қымбатты балалар!

     Сiздермен жаңадан ашылған бетте қауышқаныма   қуаныштымын.   Бiлiм алуда ең батыл жоспарларды жүзеге   асыру үшiн барлық   мүмкiншiлiктерi бар. Бүгiнгi күнi   мемлекетiмiзде дарындарды   дамытуға, қолдауға iшiнде   шетелде бiлiм беруге жағдайлар   жасалған.   Елiмiз үшiн   алдына қойған мiндеттердi жоғары кәсiби   деңгейде   шешуге   қабiлеттi, бастамашыл жас мамандар қашан да   қажет.    Мектеп,  лицей, гимназия және басқа да оқу орындарының   оқушылары сапалы бiлiм алудың маңызын жақсы түсiнедi. Осы   орайда ауданның бiлiм жүйесiн жетiлдiруге және дамытуға   бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ескертулерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн.
    Осы бет өзiне қалың жұртшылықтың, оқушылар мен ата-аналардың ауданда  ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыруға мүдделi барлық азаматтардың назарын аудартады деген үмiтзор. Елбасы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мумкiндiктерi» халыққа Жолдауында: «Жастар — бiздiң болашағымыздың негiзi — өз болашағын құрудың жаңа мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi» — деп атап көрсеткен. Бiлiм саласының алдында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердi сiздермен бiрiгiп табысты iске асыратынымызға нық сенiмдiмiн.


                                                                         Құрметпен бiлiм бөлімінің бастығы
                                                                                                                       Қ.К. Оңғаров

   
 
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
                                Қайырымдылықтан  асқан  ізгілік  жоқ
       Ауданымызда 29 қазан күні №244 Ы.Жақаев атындағы мектепте «Қамқоршы күні» мерекесі атап өтілді. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Рабиға Тәжібаеваның ұйымдастыруымен өткізілген бұл іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Есенбаев құттықтау сөзімен ашып «ауданымызда осы кезеңге дейін жалпы Қорғаншылық пен қамқоршылық орган  есебінде қорғаншылық пен қамқоршылық және патронат тәрбие тағайындалған – 35 жетім бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 49 бала тіркелген. Патронаттық тәрбиеде – 32 бала, қамқоршылықта – 3, қорғаншылықта – 49 бала бар. Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бауырларының немесе туыстарының қарауында қорғаншылық пен қамқоршылыққа немесе патронат тәрбиеге берілуде» дей келе атаулы мерекемен құттықтап балалар мен отбасыларына ізгі тілегін жеткізді.

    2010 жылдың 8 қазанында Шиелі ауданы №219 Ы.Алтынсарин орта мектеппен Нартай ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбында аймақтық оқу - әдістемелік семинар болып өтті. Бұл семинарға облыстық білім басқармасы маманы Ж.Сыздықова, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілік арттыру және қайта даярлай институтының директоры Б.Елеусінов және бастауыш кабинет қызметкерлері, Қызылорда қаласы мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, Жаңақорған ауданы білім бөлімі әдіскерлері және пән мұғалімдері қатысты.  Семинарға жалпы 75 мамандар мен пән мұғалімдері қатысты. толығырақ 
    Көкшоқы елді мекеніндегі «Арман» мәдениет үйінде 8 қазанда аудандық әкімдік пен білім бөлімінің ұйымдастыруымен «И.Әбдікәрімов - елінің ұлы, жерінің перзенті» атты мектеп оқушыларының ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Сыр елінің түлегі, ауданымыздың өркендеп дамуына зор үлесін қосқан қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, ғасыр адамы атанған Исатай Әбдікәрімовтің өмірі мен ел басқару ісіндегі өнегелі қызмет жолы жөнінде аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жанайдар Омаров баяндама жасады. Исатай Әбдікәрімовпен қызметтес, замандас болған ел ағалары, ауданымыздың құрметті ардагерлері Р.Мауяев пен С.Аймахановтар естеліктер айтып, келешек ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі. толығырақ 
    Ұстаз мамандығы  қай кезде де  әлемдегі ең киелі мамандық саналады.
Жас ұрпақтың  бойына ізгілік дәнін сеуіп, ұлағат ұялатқан, білімге жетелеген     ұстаздар-ең абзал, ең асыл, ең мәртебелі жандар.
Қазан айының 4-ші жұлдызында Халықаралық мұғалімдер күніне орай  «Білімнің шырағы, баланың бағбаны мұғалім» атты мерекелік кеш «Сыр сұлуы» мейрамханасында болып өтті. Салтанатты мерекелік кешке аудандағы білім  мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар, озат ұстаздар және кәсіби мерекемен құттықтау үшін түрлі сала, бөлім меңгерушілері қатысты.толығырақ

                                                 Құттықтаймыз!
     Ұстаз-барлық  жақсы қасиеттерді бойына жинаған ұлы тұлға. Олардың арасында жезтаңдай әнші, арқалы ақын,тілі орамды шешендері де көптеп кездеседі.
     Жақында «Парасат пернесі» атты ұстаз ақындардың жинағы жарық көрді. Оған аудандық  білім бөлімінің әдіскері Әмина Тәжиеваның, №149 мектептің мұғалімі Сәрсенбаева Ғалияның, №46 мектептің мұғалімі Андақұлова Нұргүлдің, №155 мектеп мұғалімі Қалекеев Алматтың, Таспамбетов Жалғастың, «Береке» балалар бақшасының меңгерушісі Нәлібаева Баянның, №40 мектептің мұғалімі Шзімова Перизаттың, №241 мектептің мұғалімі Ысқақова Разияның, №47 мектептің мұғалімі Рыспембетова  Жұлдызайдың, №206 мектеп мұғалімі Әміров Асхаттың шығармалары енді. Ұстаздарымызға шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін, қаламдарыңыз қарымды болсын демекпіз!

                                                 Алғашқы айдың асулары
     Қазіргі білім мен ғылым өрлеген кезеңде шәкірттерге білім беру үрдісін жаңарту мен тереңдетуде, заман талабына сай ізденімпаз тұлға етіп тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі, жауапкершілік жүгі жеңіл емес.
     Жаңа оқу жылы  ұстаздардың жігерін жанып, ізденімпаздығын арттыра түсетін түрлі байқаулардан басталды. Оқу жылының аяғына дейін талай  белестерді бағындырып, талай жеңістерге жетеміз деп үміттенеміз. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында тынбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесі  баршаңызға құтты болсын! Әрқашан да асқақ абыроймен  жеңіс тұғырынан көріне берейік. Денсаулығымыз мықты, еліміз тыныш болсын! толығырақ

     

 

   


Hosted by uCoz