Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

                  2008 жылғы «14» сәуірдегі

№ 193 бұйрығына

өзгерістер мен  толықтырулар енгізу

туралы 2010 жылғы « 9 » ақпандағы

50 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулық   

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы нұсқаулық ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:

1)                Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік);

2)                Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО);

3)                ҰБТ өткізу пунктінің (бұдан әрі – ҰБТӨП) жетекшісі мен инженері;

3-1)  облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары;

3-2)  мемлекеттік комиссия;

4)                мектеп бойынша жауапты (бұдан әрі – техникалық хатшы);

5)                Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Министрлік өкілі);

6)                Білім және ғылым министрлігінің программисі (бұдан әрі - Министрлік программисі);

7)                апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері;

8)                Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері (бұдан әрі – Республикалық комиссия);

9)                аудитория бойынша кезекші (бұдан әрі – кезекші);

10)           ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер (бұдан әрі - бітірушілер);

11)           Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК өкілі).

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,                                                                           Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін (бұдан әрі – ереже), осы Нұсқаулықты, Министрліктің нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Ескерту: Осы нұсқаулықта  қолданылған нысандар «ҰБТ негізгі нысандары мен актілері» құжатында келтірілген.

 

 

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың, яғни Министрлік, ҚР ҰҚК, ҰТО, ҰБТӨП қызметкерлері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, жергілікті (облыстық) білім беруді басқару және ішкі істер басқармасының органдарының бірлесе отырып атқаратын жұмыстарын қарастырады.

4.                 Министрлік ҰТО-мен бірлесе отырып нұсқаулықтарды, нормативтік құжаттарды және ережелерді әзірлейді және жетілдіреді. Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелеріне оқыту семинарларын өткізеді.

5.                  ҰТО «ҰБТӨП базасы», «Бітіруші», «Министрлік программисі»,  «Сертификат», «Сканерді тексеру» автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) әзірлейді және оны электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі бойынша белгіленген мерзімде ҰБТӨП-ке  жібереді.

          6. ҰТО белгілеген мерзімде ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-ны орнату мен толтыруды жүзеге асырады.

7. «ҰБТӨП базасында» құрылған мәліметтер телекоммуникациялық  желі  арқылы  ҰТО-ға жіберіледі.

          8. ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО орнатылады және тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.

9.  Техникалық хатшы бітірушілерден өтінішті қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді  қамтамасыз етеді.

10. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде  өтініш береді.

11. ҰБТӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі.  Бланкілерді сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға тіркеу жөніндегі анықтама  беріледі.

12. ҰБТӨП бойынша тестілеуге өтініштерді қабылдау жұмысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-ге дейін ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады. ҰТО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады.

13. Ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірлесіп, «Бітіруші» ДБ мен өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. 

14. ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді  аудиториялар бойынша бөлу жүргізіледі, мектепте ресімделетін және бітірушілерге берілетін емтиханға рұқсаттамалар басылады. Рұқсаттамалар мектептің мөрімен расталады.

15. ҰБТ ережеде белгіленген мерзімде тестілеуге  қатысушылардың барлығымен бірлесіп  өткізіледі.

16. Тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілердің нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады.

17. Апелляцияға өтініштерді қабылдау жергілікті уақытпен келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады  және тәулік бойына қарастырылады.

18. Апелляция аяқталғаннан кейін апелляцияның қорытындысы  ескерілген ҰБТ-ның емтихан ведомосы беріледі.

          19. Күн сайын ҰТО-ға мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.

20.            ҰБТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттарды басу және беру жүргізіледі.

21.            ҰБТ-ны ұйымдастырушылар атқарылған жұмыстары жөніндегі есептерінің қағаздағы және электронды тасымалдағыштағы нұсқасын ҰТО-ға тапсырады.

 

3. Негізгі функциялар

 

22. ҰБТ процесін ұйымдастырушылар мен атқарушылар бірлесіп қызмет атқаруына қарамай, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде өз функцияларын орындайды.

 

4. Министрлік функциялары

 

23. Тестілеуді өткізуге қатысатын барлық қатысушыларды ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік, нұсқамалық құжаттармен қамтамасыз етеді: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,  Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі, ҰБТ-ны  ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық.

24. ҰТО-мен бірлесіп, Министрлік өкілдеріне ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді.

25.  Республика бойынша ҰБТ-ның өту процесін бақылайды.

26.  Республикалық комиссия төрағасы мен мүшелерін анықтайды.

 

5. ҰТО функциялары

 

27. ҰБТӨП  базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ҰБТӨП қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; 

2) «ҰБТӨП базасын» қалыптастыру үшін ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

3)                «ҰБТӨП базасы» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастырады;

4) телекоммуникациялық желі арқылы «ҰБТӨП базасы» деректерін жинайды.

28. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ҰБТ-ны өткізу пункттерін келесі құжаттармен қамтамасыз етеді:

 өтініш бланкілері;

 орта мектеп, кәсіптік мектеп (лицей) және колледждер анықтамалықтары;

 ұлттар анықтамалығы;

 азаматтық анықтамалығы және т.б.

           2) «Бітіруші» АЖО-сын әзірлейді, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастырады;

3)          ҰБТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылайды;

  3-1)  ҰБТ-ға  қатысатын бітірушілердің саны туралы күнделікті статистикалық деректерді жинайды және қалыптастырады;

4)          «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастырады;

5)           аудитория бойынша бітірушілерді бөлуді ұйымдастырады;

6)           ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы статистикалық деректерді жинайды және қалыптастырады.

 29. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңінде:

           1) Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ-сын жасайды;

            2) Министрлікпен бірлесе отырып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастырады және өткізеді;

            3) Министрлік өкілдері мен программистерін,  апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік, нұсқамалық құжаттармен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сертификат» «Сканерді тексеру»  АЖО-ларының бағдарламаларымен қамтамасыз етеді;

           4) Министрлік өкілдері мен программистерді, апелляциялық комиссияның төрағаларын ҰБТӨП-ке жібереді;

5)                емтихан материалдарын ҰБТӨП-ке дайындап жібереді.

          30. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

1)                ҰБТ-ның өтуін бақылайды және алып жүреді;

          2) нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодын қалыптастырады және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді;

3) дұрыс жауаптар кодын ашуға арналған парольдарды береді;

4)                телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық деректерді жинайды.

31. Апелляция өткізу кезеңінде:

1)                Республикалық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;

2)                телекоммуникациялық желі арқылы апелляциялық комиссиядан Республикалық комиссияға өтініштерді қабылдайды;

3)                телекоммуникациялық желі арқылы Республикалық комиссияның шешімдерін ҰБТӨП-ке жібереді;

4)                телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алғандағы статистикалық деректерді жинайды.

32. Сертификатты басып шығару және беру кезеңінде:

          1) «Сертификат» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

          2) телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-тен қорытынды файлды алады.

5-1. Штабтың функциясы

32-1. Штабтың функциясы:

1)    ҰБТ-ны өткізу кезеңінде бақылауды қамтамасыз етеді;

2)    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылайды;

3)    Технологияның сақталуын қадағалайды;

4)    ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді шешеді;

5)    Министрлік жанынан құрылған Штабқа рәсімнің өткізілу барысы туралы ақпарат береді және аяқталғаннан кейін анықтама ұсынады.

 

6. Білім беруді басқарудың жергілікті органдарының функциялары

 

33. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:

1)            ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

2)            мектептерді ҰБТӨП бойынша бөледі;

3)            тестілеу өткізу кестесін жоспарлайды.

34. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

2) бітірушілерден тестілеуге өтініштерді қабылдауды ұйымдастырады;

2-1) ҰБТ ӨП-пен бірлесе отырып, техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастырады;

3) өтініш бланкілерін ҰБТӨП-ке жеткізуді ұйымдастырады;

4)       алынып тасталды.

34-1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

1)                бітірушілермен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын  ұйымдастырады және өткізеді;

2)       ақпараттық тақталарды дайындауды ұйымдастырады;

3)                ҰБТ-ны өткізу кезінде және бітірушілердің орналасқан жерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілік ету кестесін жергілікті медициналық мекемелермен келіседі;

4)       ҰБТ-ны өткізу кезінде және бітірушілердің орналасқан жерінде құқық қорғау органдарының кезекшілік ету кестесін жергілікті құқық қорғау мекемелерімен келіседі; 

5)                бітірушілерді көлікпен тасымалдайды және олардың ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп сақтауын және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.

35. Тестілеу өткізу кезеңінде:

         1) жергілікті ішкі істер органдарымен және мектептермен бірлесіп, бітірушілерді ҰБТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

          2) алынып тасталды.

          3) электр жүйесінің және телекоммуникация желісінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

          4) алынып тасталды.

         5)  бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

         5-1) бітірушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;

          6) алынып тасталды.

36. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

1) апелляциялық комиссия мүшелерін анықтайды;

          2) апелляциялық комиссияның жұмыстары үшін жағдай жасайды;

          3) апелляциялық комиссия мүшелерінің түгел қатысуын қамтамасыз етеді.

37. Сертификатты басып шығару, беру кезеңінде:

1) сертификаттарды мектеп директорларына беруді ұйымдастырады;

          2) бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшілеріне беруді ұйымдастырады.

 

7. ҰБТӨП  жетекшісінің  функциялары

 

38. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:

1)       ҰБТӨП-тің техникалық жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді;

2)       ҰБТӨП базасын құру жөніндегі жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастырады;

3)       ҰБТӨП базасын қалыптастыру жөніндегі ақпараттарды енгізуді бақылайды;

4)       жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен және ҰТО-мен аудиториялық қорды, тестілеуді өткізу кестесін жоспарлайды және келіседі;

5)       «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастырады.

39. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

          1) «Бітіруші» базасын қалыптастыруға арналған  бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастырады;

2)                техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастырады, өткізеді;

          3) техникалық хатшыларды нормативтік, нұсқамалық, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен және тіркеу журналдарымен қамтамасыз етеді;

          4)  ақпараттық тақталарды дайындайды;

          5) өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгертулер енгізуді ұйымдастырады;

6)                техникалық хатшыға тіркеу туралы анықтамалықтарды және рұқсаттамаларды беруді ұйымдастырады;

7)        «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастырады;

8)       бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастырады.

39-1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

1)       жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен, ішкі істер органдары және мектептермен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

2)       Министрлік өкілдері үшін қажетті құжаттарды дайындайды;

3)       техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4)       кезекшілерді дайындайды;

5)       тестілеуді өткізуге аудиторияларды дайындайды;

40. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

          1) алынып тасталды.

          2) алынып тасталды.

         3) алынып тасталды.

         4) алынып тасталды.

         5) алынып тасталды.

         6) бітірушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;

  7) дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомостарын ілуді ұйымдастырады;

  8) телекоммуникациялық желі арқылы статистикалық деректерді жіберуді ұйымдастырады.

  41. Апелляция өткізу кезеңінде:

          1) апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасайды;

          2) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын ілуді ұйымдастырады.

42. Сертификатты басып шығару және тарату кезеңінде:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкілінен (акт бойынша) қабылдайды; 

2) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін мектептерге береді.

43. ҰТО-ның нұсқауына дейін емтихан материалдарын қабылдайды және сақтайды.

44. ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша телекоммуникациялық желі арқылы немесе қағаздағы нұсқасымен ҰТО-ға есеп береді.

 

8. ҰБТӨП инженерінің функциялары

 

45. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:

1)                техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2)            ҰБТӨП базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар үшін қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнатады;

3)             ақпараттарды «ҰБТӨП базасы» АЖО-сына енгізеді;

4)            ҰБТӨП базасына өзгерістер енгізеді;

5)            «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді.

46. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

1)                 «Бітіруші» ДБ қалыптастыруға арналған бағдарламаны орнатады;

2)     ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы нормативтік, нұсқамалық, ақпараттық анықтамаларды алады және техникалық хатшылар үшін дайындайды;

3)     тіркеу журналын басып шығарады және таратады;

4)      өтініш бланкілерін сканерден өткізеді;

5)     техникалық хатшыға қажетті нысандарды (Е-04-1, Е-06, Е-08 нысандары)  басып шығарады және таратады;   

6)      «Бітіруші» ДБ жабады;

7)     аудиториялар бойынша бітірушілерді бөледі;

8)     рұқсаттамаларды басып шығарады;

9)     өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді күн сайын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;

10) «Бітіруші» ДБ сақталуын қамтамасыз етеді және Министрлік программисіне тапсырады.

47. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

1) Министрлік программисі үшін қажетті құжаттарды және жұмыс орнын дайындайды;

2) алынып тасталды.

3) техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) бітірушілердің мәліметтерін өзгерту журналын (Е-13 нысаны)  Министрлік программисіне береді;

5) талап етілген ақпараттарды телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

48. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:

          1) сертификаттарды басып шығаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады;

          2) Министрлік программисінен сертификаттарды басып шығаруға арналған файлды алады;

          3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығарады;

          4) Министрлік программисіне сертификаттар файлын тапсырады;

49. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша ҰТО-ға есеп береді.

 

9.  Техникалық хатшының функциялары

 

50. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТӨП-те өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын (Е-03 нысан) жүргізу бойынша дайындықтан өтеді; 

2) ҰБТӨП-тен нормативтік, нұсқамалық, анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын алады;

3) алынып тасталды.

4) бітірушілермен өтініш бланкісін, жауап парағын толтыру және ҰБТ-ның өткізілу барысы, апелляцияға өтініштер беру және апелляцияны өткізу барысы бойынша сабақтар жүргізеді; 

5) бітірушілердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз етеді;

6) өтініштерді тіркеу журналында бітірушілерді тіркейді;

7) өтініш бланкілерін сканерден өткізу үшін ҰБТӨП-ке жеткізеді;

8) басылып шығарылған нысандарды (Е-04-1, Е-06, Е-08 нысандары) алады;

9)     бітірушілерге тіркеу туралы  анықтама береді;

10)            ДБ-ға өзгерістер енгізуді ұйымдастырады;

11)            ДБ жағдайын бақылайды;

12)            өтініштерді тіркеу журналын жабады;

13)            рұқсаттамаларды ресімдейді және оларды бітірушілерге береді;

14)            ресімделген рұқсаттаманың түбіртектерін ҰБТӨП жетекшісіне береді.

51. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

         1) бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

          2)  бітірушілерді көлікпен тасымалдау кезінде  техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын және олардың ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп сақтауын қамтамасыз етеді.

52. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:

1) ҰБТӨП жетекшісінен акт бойынша сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосын қабылдайды;

2) бітірушілерге сертификаттарды беруді ұйымдастырады;

3) бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне береді.

 

10. Министрлік өкілінің функциялары

 

52-1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

1)сертификаттарды ҰТО-дан (акт бойынша) алады және ҰБТӨП-ке жеткізеді; 

2)тестілеуді өткізу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын тексереді;

3)емтихан өтетін аудиториялардың дайындығын тексереді (Е-01, Е-02 нысандарымен қоса);

4)ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерімен байланысады;

5) мемлекеттік комиссиямен ұйымдастыру жиналыстарын өткізеді;

6)аудитория бойынша кезекшілердің жеке іс парағын тексереді;

7)кезекшілерге нұсқама өткізеді және оларды аудитория бойынша бөледі;

8)                қажетті құжаттамаларды тексереді  (кезекшілердің, мемлекеттік комиссия мүшелерінің, апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін, рұқсаттамалардың түбіртектерімен бірге аудиториялық тізімді, нормативтік-нұсқамалық құжаттар және т.б.);

53. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

1) алынып тасталды.

2) алынып тасталды.

          3) алынып тасталды.

          4) алынып тасталды.

          5) алынып тасталды.

          6) алынып тасталды.

7) тестілеу процесін бақылайды және басқарады;

7-1) МК-мен бірлесе отырып, штаттан тыс жағдайлар бойынша шешімдер қабылдайды;

         8) ҚР ҰҚК өкілінен емтихан материалдарын қабылдайды;

9)         әрбір аудитория бойынша емтихан материалдары мен басқа да материалдарды қабылдау мен тапсыруды ұйымдастырады;

10)     тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастырады;

11)     алынып тасталды.

12)     дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастырады;

13)     дұрыс жауаптар кодын ашу және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады;

14)     ҰБТ-ның емтихан ведомостарын беруді және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады.

54. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастырады;

2) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз етеді;

3) апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылайды;

4) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады.

55. Cертификаттарды басып шығару кезеңінде:

          1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастырады;

          2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне (акт бойынша) береді.

56. ҰТО-ға қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындайды және тапсырады.

 

11. Министрлік  программисінің  функциялары

    

56-1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңдері:

1)       «Министрлік программисі», «Сертификат» АЖО-ларымен жұмыс жасау бойынша дайындықтан өтеді;

2)       тестілеуді өткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны  ҰТО-дан электрондық тасымалдағышта алады;

3)       ҰБТӨП-те жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындайды;

4)       тестілеуді өткізуді қамтамасыз ететін бағдарламаны орнатады;

5)       ҰБТӨП-тің спецификасына қарай қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнатады;

6)       өзгерту журналына сәйкес (Е-13-нысан) ДБ-ға түзетулер енгізеді; 

7)       ҰБТӨП инженерінен «Бітіруші» ДБ қабылдайды;

8)       отырғызу парағын басып шығарады;

9)       Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді (№ 5,7) басып шығарады;

10)    Қажетті нысандарды (Е-10, Е-12, Е-29, Е-30, Е-31) басып шығарады.

57. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

         1) алынып тасталды.

         2) алынып тасталды. 

         3) алынып тасталды.

         4) алынып тасталды.

         5) алынып тасталды.

         6) алынып тасталды.

         7) алынып  тасталды.

         8) алынып  тасталды.

         9) алынып тасталды.

9-1) сканерлеу үшін нұсқалар файлын қабылдап алады;

 9-2) жауап парақтарын сканерден өткізу үшін Министрлік өкілінен қабылдап алады;

10)            тестілеу нәтижелерін өңдейді;

11)            алынып тасталды.

12)            дұрыс жауаптар кодын ашады және басып шығарады;

13)            емтихан ведомостарын басып шығарады.

58. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

          1) ДБ-ға апелляцияға берген өтініштерді енгізеді;

          2) ДБ-ға апелляция нәтижелерін енгізеді;

          3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын басып шығарады.

59. Сертификаттарды басып шығару кезеңінде:

         1) сертификаттар файлын қалыптастырады;

         2) ҰБТӨП-тің инженерімен сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастырады;

         3) сертификаттар файлын  қабылдайды.

60. ҰБТ туралы күнделікті статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

61. Қорытынды мәліметтерді ҰТО-ға  жібереді.

62. ҰТО-ға қажетті құжаттардың қағаз нұсқасын және электрондық тасымалдағыштағы нұсқасын дайындайды және тапсырады.

Ескерту: Тестілеу кезінде Министрлік программисі Министрлік өкіліне тестілеу үрдісін бақылауға көмектеседі.

 

12. Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары

 

          63. Апелляцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰТО-да дайындықтан өтеді.

64. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссия мүшелеріне нұсқаулық өткізеді.

65. Бітірушілерден апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастырады;

          66. Министрлік өкілінен апелляцияға өтініш берген бітірушілердің материалдарын алады.

66-1. Апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсырады;

          67. Апелляция процесін бақылайды және басқарады.

68.            Апелляция бойынша шешім қабылдайды.

          69. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізеді.

70. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан матералдарын Министрлік өкіліне береді.

71.            Әрбір лектің апелляция өту барысы бойынша есеп дайындайды.

Ескерту: Тестілеу кезінде Апелляциялық комиссия төрағасы Министрлік өкіліне тестілеу процесін бақылауға көмектеседі.

 

13. Аудитория бойынша кезекшілердің функциялары

 

72. Аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексереді.

73. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт бойынша) алады;

74. Аудиториялық тізімге сәйкес бітірушілерді аудиторияларға кіргізеді.

75. Отырғызу парағына сәйкес бітірушілерді орындарына отырғызады.

76.           Бітірушілерге емтихан кезінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді.

77.           Емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастырады.

78.           Емтихан материалдарын таратады.

79.           Емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіреді.

80.           Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің бұзылмауын бақылайды.

81.           Емтихан материалдарын қабылдайды және тестілеу аяқталғаннан кейін тапсырады (№5 акт бойынша).

 

14. ҰБТӨП базасын құру

 

82. ҰБТӨП базасын қалыптастыру келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

1)           ҰТО-дан «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы электрондық тасымалдағышта ҰБТӨП-ке жіберіледі;

2)            ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы құрылады, қажетті ақпараттарды енгізу қамтамасыз етіледі;

3)            телекоммуникациялық желі арқылы соңғы мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.

 

15. Аудиториялық қорды жоспарлау

 

          83. ҰБТ ӨП жетекшісі ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

1)                аудиториялар бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;

2)                қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінуі тиіс;

3)                әрбір  лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;

4)                аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі болуы қажет және                  30-дан кем, 120-дан артық болмауы керек;

5)                отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады;

6)                спортзалдарды, үлкен залдарды бірнеше аудиторияларға бөліп пайдалануға болады;

7)     бір лекте отырғызылатын орын саны 400-ден кем болмау керек.

84. Аудиториялық қор туралы мәліметтер «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі. Әрбір лек бойынша аудитория қорын келісу үшін телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға ұсынылады.

 

16.  Оқу орындары

 

          85. Астана, Алматы қалалары және облыстық білім басқармалары орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын облыстағы ҰБТӨП-тер бойынша бөледі.

86.            ҰБТӨП жетекшісі ҰБТӨП-ке бекітілген оқу орындары туралы ақпараттарды (атауы, мекен-жайы, телефон, түрі, типі, мәртебесі, оқу орнының меншік нысаны, бітірушілердің саны) жинауды қамтамасыз етеді.

          87. Инженер ақпараттарды енгізеді және оны ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады.

 

17. Кесте

 

88. Бітірушілерді тестілеу кестесі жергілікті білім басқармасы органдарымен және ҰТО-мен келісілген тасымалдау, орналастыру және тамақтандыру кестесіне сәйкес жасалады. Тестілеу кестесі туралы мәлімет «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Тестілеу кестесі» бөліміне енгізілуі керек. Тестілеу кестесі ҰТО-ға электронды байланыс көмегімен жіберіледі.

 

18. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру

 

89. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

1)                ҰТО әзірлеген «Бітіруші» АЖО-сы ҰБТӨП-те орнатылады және ҰБТӨП спецификасы бойынша іске асырылады;

2)                 мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды;

3)                ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыны ҰБТ технологиясы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі бойынша дайындайды;

4)                ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыға ҰБТ-ның нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарын, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын (бітірушілердің санына қарай) береді;

5)                мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі;

6)                техникалық хатшы толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын ҰБТӨП-ке жеткізеді;

7)                ҰБТӨП-те бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы оптикалық маркерлік сканерден (бұдан әрі - сканер) өткізіледі. Өтініш бланкілері техникалық хатшының қатысуымен қатаң түрде мектептер бойынша сканерден өткізілуі қажет.

8)                белгілі бір мектептің өтініш бланкілерін сканерден өткізу аяқталғаннан кейін, техникалық хатшыға өтініш бланкілерін сканерден өткізу есебі (Е-06 нысан) және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама (Е-4-01 нысан) беріледі.  Анықтаманы бітірушілерге беру мектепте жүзеге асырылады.

9)                ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірге ДБ-ны және тіркеу журналын жабу жүргізіледі;

10)            ДБ жабылғаннан кейін бітірушілердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;

11)            ҰТО-да аудиториялық қор талданып, бітірушілерді бөлу үшін аудиториялар ашылады;

12)            ҰБТӨП-ке аудиторияны ашуға арналған файл жіберіледі. Осы жіберілген файлдың көмегімен пункттерде бітірушілерді аудиторияларға бөлу автоматты түрде жүргізіледі;

13)            бітірушілерді аудиторияларға бөлу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға рұқсаттамалар және рұқсаттама түбіртектері беріледі. Мектепте рұқсаттамалар мен рұқсаттама түбіртектерін ресімдеу (фото желімдеу және мектеп мөрін басу) жұмысы жүргізіледі (Нысан Е-04);

14)            мектептерде бітірушілерге рұқсаттамаларын тарату іске асырылады, ал ресімделген түбіртектер ҰБТӨП жетекшісіне беріледі;

15)            ҰТО-ға лек бойынша аудиторияларға бөлінген бітірушілердің жалпы саны туралы мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі.

 

19.  Өтініштерді қабылдау және тіркеу

 

          90. Бітірушілердің тестілеуге қатысу туралы өтініштері тіркеу журналына тіркеледі. Өтініштерді тіркеу журналы бітірушілер санына сәйкес басылып шығарылады. Өтініштерді тіркеу журналы тігіледі және мектептің мөрі басылады;

91. Тіркеу журналы 9 негізгі бағаннан тұрады. «Тестіленушінің жеке  коды» (бұдан әрі - ТЖК) бағаны автоматты түрде арнайы бағдарламаның көмегімен толтырылады. «Аты-жөні» деп аталатын бағанға бітірушінің аты-жөні енгізілгенде оған автоматты түрде тиісті ТЖК беріледі. «ТЖК»-дан басқа бағандар қолмен толтырылады. Тіркеу журналының барлық бағандары толтырылғаннан кейін  бітірушіге өтініш бланкісі беріледі. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылады және техникалық хатшының бақылауында болады.

91-1. Бітіруші техникалық хатшыға 2 дана 3х4 мөлшерлі фотосуреті мен жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін өткізеді.

92.                  Өтініш бланкісіндегі кейбір мәліметтерді техникалық хатшы өз қолымен толтырады:

 

Сектор

Толтырылады

Негіз

4ектор

 

ТЖК (XXXZZZNNN,формат бойынша мұндағы XXX – ҰБТ ӨП-тің, ZZZ – техникалық хатшының коды, NNN – реттік нөмірі)

Өтініштерді тіркеу журналы

7ектор

8ектор

Жеке куәлігінің (паспорт) немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының нөмірі

Бітірішінің жеке басын куәландыратын құжат

9ектор

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат және азаматтар анықтамалығы

10ектор

Ұлты

Жеке басын куәландыратын құжат және ұлттар анықтамалығы

11-сектор

12-сектор

13-сектор

14-сектор

15-сектор

Білімі туралы мәліметтер

Мектептердің анықтамалығы

 

16 Сектор

Туған жылы

Жеке басын куәландыратын құжат

93.                  Техникалық хатшы жоғарыда көрсетілген деректердің растығына және дұрыс толтырылуына тікелей жауап береді. Қалған секторларды (жоғарыда көрсетілгендерден басқа) бітіруші өз қолымен техникалық хатшының бақылауымен толтырады.

 

20. Өтініш бланкісін толтыру тәртібі 

 

94. Өтініш бланкісі мынадай тәртіппен толтырылады:

 

1) 1-сектордағы жоғарғы бос тор көздерге көлденең бағытта бітірушінің тегі баспа әріптерімен жазылады. Бітірушінің тегіндегі әрбір әріптің астындағы тор көздегі көрсетілген әріптерге сәйкес дөңгелекшелер боялады. 2- 3- секторлар да осы тәртіппен толтырылады. Мысалы:

Ескерту: Егер, тестіленушінің деректерінде «ё» әрпі немесе «ъ» белгісі қолданылса, тиісінше «ё» әріпінің орнына - «е» әрібі, ал «ъ» белгісінің орнына - «ь» белгісін бояу қажет. Базада түзету енгізу үшін бітірушінің аты-жөні Е-13 нысандағы өзгерістер журналына енгізіледі.

 

2) 4-секторда өтініштерді тіркеу журналына сәйкес ТЖК толтырылады. Мысалы:

 

 

 

3) 5-секторда бітірушінің жынысына сәйкес дөңгелекше боялады; 

4) 6-секторда  бітіруші емтихан тапсыратын тілді – қазақ немесе орыс тіліне сәйкес дөңгелекшені бояйды. Мысалы:

Ескерту: тест тапсыру тілі мектептегі оқыту тіліне сәйкес болуы керек.

 

5) 7-секторда бітірушінің нөмірі 8-секторда көрсетілетін жеке басының куәлігіне (паспортына)    сәйкес дөңгелекше боялады;

6) 8-секторда бітірушінің жеке басын куәландыратын құжаттың (паспортының) нөмірі жазылады және боялады. Паспорт нөмірін толтыру үшін алғашқы 7, ал жеке куәлік үшін барлық 9 баған түгел қолданылады. Басқа құжат болған жағдайда 8-сектор толтырылмайды.

7) 9-секторда бітірушінің азаматтығына сәйкес азаматтар анықтамалығынан алынған дөңгелекшедегі сандар боялады. Мысалы: 01 – Қазақстан азаматы, 02 – Ресей азаматы және т.б.

8) 10-секторда ұлттар анықтамалығы бойынша бітірушінің ұлтына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады. Мысалы:                01 – қазақ, 02 – орыс  және т. б.

9) 11-секторда бітіруші аяқтаған оқу орнына сәйкес үш дөңгелекшенің бірі боялады;

10) 12-секторда облыстардың анықтамалығына сәйкес бітіруші аяқтаған оқу орны орналасқан облысты көрсететін екі орынды санға сәйкес дөңгелекшелер боялады. Мысалы: 01 –  Ақмола облысы, 02 – Алматы  облысы және т.б.

11) 13-секторда аудандар анықтамалығына сәйкес бітіруші аяқтаған оқу орны орналасқан ауданды көрсететін екі орынды сан боялады. Мысалы: 01 – Көкшетау  ауданы, 02 – Талғар ауданы және т.б.

12) 14-секторда оқу орындарының анықтамалығына сәйкес бітіруші аяқтаған оқу орнының коды көрсетіледі. Мысалы: 001 – Астана қаласы  №1 ОМ, 002 –Алматы қаласы  №2 ОМ және т.б.

13) 15-секторда бітірушінің оқу орнын аяқтаған жылының соңғы екі саны боялады;

14) 16-секторда бітірушінің туған жылының соңғы екі саны боялады;

 

15)  17-секторда   техникалық хатшының қолтаңбасы қойылады;

16)  18-секторда   бітірушінің қолтаңбасы қойылады;

17) 19, 20, 21-секторлар техникалық хатшымен кейбір ерекше жағдайда ғана толтырылады.

Ескерту: Бітірушінің «Бітіруші» ДБ-ға енгізілген барлық деректері ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғандығы туралы сертификатында, білім грантын тағайындау туралы куәлігінде көрсетіледі, сондықтан тегі, аты және әкесінің аты қатаң түрде жеке куәлік, паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылуы қажет. 16 жасқа толмаған жеке куәлігі жоқ бітірушіге мектеп директоры бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған (Е-00 нысан) анықтама жазып береді.

 

 

21. Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету

 

95. Өтініш бланкісін толтыру барысында жіберілген қателер өтініш бланкілерін сканерлеу есебінің «Қателер хаттамасы» тарауында (Е-06-нысан) көрсетіледі. Қателер қою боялған рамкада көрсетіледі. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін қателер коды (Е-07-нысан) көрсетіледі, егер қателер бірнешеу болса, үтір арқылы бөлінеді;

96. Өтініш бланкісіндегі қателерді бітіруші түзетеді. Бланк қарындашпен толтырылғандықтан, қате толтырылған секторларды өшіргішпен өшіруге және түзетуге болады;

97. 1-сектордағы мәліметтердегі бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтамада қателіктер мен өзгерістер кездескен жағдайда, 2-секторға  өзгертуге тиісті мәліметтер ғана енгізілуі тиіс және техникалық хатшы хабардар етіледі. Техникалық хатшы бітірушінің өтініш бланкісіне өзгертулер енгізгенін бақылайды. Бітірушінің өзгертілген тіркеу жөніндегі анықтамасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылады;

98. Қателер түзетілгеннен кейін өтініш бланкісі «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, сканерден қайта өткізуге жіберіледі.

 

22. «Бітірушілер» ДБ-ның жағдайын бақылау

 

     99. Техникалық хатшыға сканерден өткізілгеннен кейін бітірушілерді тіркеу жөніндегі анықтама (Е-04-1-нысан), анықтамаларды беру тізілімі (Е-05/1-нысан) мен деректер базасы жөніндегі мәлімет (Е-08- нысан) беріледі;

100.Техникалық хатшы төмендегі әрекеттерді атқарады:

1)          өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөніндегі мәлімет журналының тізімін салыстырады, ал бұл әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

2)           өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына келесі жағдайлардың біреуін белгілеп отырады: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды».

3)          «Өтініш бланкілері» папкасындағы қабылданған өтініш бланкілерін тексереді (№1 ярлык);

4)          «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы «Бітіруші» ДБ-дан жойылған бланкілерді тексереді (№ 2 ярлык);

5)          Е-08 нысандағы қалып қойған ТЖК-ны тексереді де, себептерін анықтап, сәйкесінше түзетулер енгізеді.

 101. Жоғарыда көрсетілген шаралар төмендегі қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:

1)өтініш тіркеу журналына енгізіледі, бірақ ДБ-ға енгізілмейді және тіркеу туралы анықтама берілмейді;

2)өтініш тіркеу журналында жойылады, бірақ ДБ-да жойылмайды;

3)өтініш ДБ-да жойылады, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылғандығы туралы белгіленбейді;

4)өтініш ДБ-ға енгізіледі, бірақ тіркеу журналында тіркелмейді.

102. алынып тасталды.

 

23.  Бітірушінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу

 

103. Базаға енгізілген бітірушінің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде оның өтініші өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Бітірушінің емтихан тапсыру тілі  мен ТЖК секторларына өзгерту енгізілетін болса, онда өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі деректердегі: бітірушінің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы қателерді түзету жолымен алмастыруға болады.

104. Бітіруші туралы деректерді жою кезінде техникалық хатшы:

1)                өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі бітірушінің қолы» бағанына бітірушінің қолын қойдырады;

2)                бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтаманы алып, оған  «жойылды» деп белгілейді де, «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;    

3)                бітірушінің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерден өткізуге береді және өткеннен кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» (№2 ярлык) папкасына салады; 

4)                өтініштерді тіркеу журналының бос жолына бітірушіні өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;

5)                бітірушіге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерден өткізуге ҰБТӨП-ке жібереді;

6)                ескі өтініш бланкісін сканерден өткізіліп, бітірушінің мәліметтері ДБ-дан жойылғаннан кейін, өтініштерді тіркеу журналының «сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісін қояды; 

7)                жаңа өтініш бланкісі сканерден өтіп, ДБ-ға басқа ТЖК енгізілгеннен кейін, бітірушіге тіркеу жөніндегі жаңа анықтама береді.

105. Бітірушінің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы деректерін өзгерту барысында өтініш бланкісіне сәйкес өзгертулер енгізіліп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны сканерден қайтадан өткізуге береді. 

106. Сканерден қайтадан өткізілгеннен кейін  өтініш бланкісін «Өтініш бланкілері» папкасына салады. 

 

24. Өтініштерді тіркеу журналын жабу

 

107. Өтініштер қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. ҰБТӨП-тің өтініштер журналы (Е-10-нысан)  басып шығарылып, «Бітіруші» ДБ жабылады:

1)           ҰБТӨП инженері техникалық хатшының журналын (Е-09 нысан), ДБ туралы ақпаратты басып шығарып, салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;

2)           техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшының журналымен, ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қолданады;

3)           соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады және мектеп директоры  мен ҰБТӨП жетекшілері қолтаңбаларын қояды;

4)           ҰБТӨП инженері ҰТО-дан «Бітіруші» ДБ-ны жабу үшін пароль алады; 

5)           ҰБТӨП инженері  ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы «Бітіруші» ДБ қорытынды файлын жібереді;

6)           ДБ жабылғаннан кейін барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;

7)           тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін ҰБТӨП-те сақталынады.

108. Тестілеуге қатысуға өтініштер журналы мен «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. «Бітіруші»                      ДБ жабылғаннан кейін бітірушінің аты-жөні, туған жылы, жынысы, азаматтығы, ұлтында байқалған қателер бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналында (Е-13 нысан)  міндетті түрде толтырылуы тиіс. Сонымен қатар бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты «ё»әрпі мен «ъ» белгісінен тұратын болса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылса, секторға сыймаса Е-13 нысанына енгізіледі.

109. «Министрлік программисі» АЖО-сына тиісті өзгертулер  енгізу үшін өзгертулер журналы Министрлік программисіне беріледі. 

 

25. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру

 

110. Рұқсаттамалар мен түбіртектерді ресімдеу бітіруші оқитын мектепте ДБ жабылғаннан кейін жүргізіледі. Рұқсаттаманы ресімдеу үшін бітіруші            (3´4 көлемді) екі фотосуретін тапсырады. Бітірушінің фотосуреттері рұқсаттамаға және түбіртекке желімделеді және оларға мектеп директоры қол қойып, мөр басады. 

111. Рұқсаттама бітірушіге рұқсаттаманы тарату тізіліміне қол қойғаннан кейін беріледі. Түбіртекке бітіруші қол қояды, оны техникалық хатшы ҰБТӨП жетекшісіне береді. Рұқсаттаманы бергенде бітірушіге ҰБТ өтетін орын мен уақыты хабарланады.

112. Бітіруші рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қате табылған жағдайда өзгеріс енгізілуін талап ете алады.

Ескерту: Бітіруші рұқсаттамасын алған кезде, рұқсаттамада және оның түбіртегінде көрсетілген  ҰБТ кезінде тәртіп сақтау ережесімен танысқандығы туралы қол қояды.

 

26. Тестілеуді өткізуге дайындық шаралары

 

113. ҰБТӨП қызметкерлері:

1)           әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындайды. Папкалар бітірушілерді аудиториялар бойынша аудиторияларға кіргізу үшін дайындалады. Папкада: осы аудиторияға бөлінген бітірушілердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болуы қажет.

2)       аудиторияларды тестілеуге дайындайды. Әрбір аудиторияда аудиториялық қорға сәйкес нөмірі жазылған көрсеткіштері (01,02,03, …..) болуы керек. Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары аудиториялық қорда көрсетілген схемаға сәйкес нөмірленеді. Аудиториядағы отырғызу орындары дұрыс нөмірленбеген жағдайда тестілеу өткізу технологиясы бұзылады;

3)            кезекшілер тізімін дайындап, оны жергілікті білім басқармасы ұйымдары және ҰҚКД-мен келіседі.  Кезекшілердің құрамында тест сынағы өткізілетін пәндер бойынша мамандар болмауы. Аудитория бойынша кезекшілікке музыка, дене шынықтыру т.б. мұғалімдерін (оқытушыларды) алуға болады. Әрбір кезекшінің жеке іс парағының көшірмесі болуы қажет;

4)            аудитория бойынша кезекшілермен нұсқама өткізеді. Нұсқама өткізілгеннен кейін, белгіленген күні кезекшілердің өз міндеттерін қаншалықты білетіндігін тексереді, қажет болған жағдайда практикалық сабақтар өткізеді. Өз міндеттерін игере алмаған, жете түсінбеген кезекшілер кезекшілік тізімнен алынады;

5)            бітірушілерді көлікпен тасымалдау кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдары мен жергілікті ішкі істер басқармасы органдарымен келіседі;

6)            бітірушілерді орналастыру кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдары мен жергілікті ішкі істер басқармасы органдарымен келіседі;

7)            бітірушілерді тамақтандыру кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдары мен жергілікті ішкі істер басқармасы органдарымен келіседі;

8)            тестілеуді өткізу уақытында жергілікті ішкі істер басқармасымен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша кезекшілік ету кестесін келіседі;

9)            жергілікті медициналық мекемелерімен тестілеуді өткізу уақытында және бітірушілердің орналасқан жерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілік ету кестесін келіседі;

10)       жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен апелляциялық комиссияның құрамына енетін үміткерлердің тізімін келіседі;

11)       ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссия, Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссия жұмыстарына арналған орындарды дайындайды.

114.  Министрлік өкілі:

1)                 Акт бойынша ҰТО-дан сертификаттарды және конвертте мөрленіп жабылған мемлекеттік комиссия төрағасының паролін алады;

2)                ҰБТӨП-ке келгеннен кейін:

         Министрлік өкілінің мен программистің жұмыс орындарының   дайындығын тексереді;

         әрбір лек бойынша ҰБТӨП-тің өтініш журналын тексереді;

         аудиториялардың емтиханға дайындығын (Е-02-нысаны) тексереді;

         техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын тексереді;

         аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілердің тізімін және олардың жеке іс парағын тексереді;

         апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін тексереді;

         бітірушілерді тасымалдау, орналастыру және тестілеу кестесін

тексереді;

         аудиторияларды тестілеу өткізуге дейін және өткізгеннен кейін тексеріп, акт жасайды (Е-27, Е-28 нысан).

3)                емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін отырғызу тізімін         

(Е-14 нысан) шығарып, сейфке сақтап қояды;

4)                кезекшілермен нұсқама өткізеді.  Кезекшілерді ауыстырған жағдайда жаңа кезекшілердің бұрын тізімге енгізілгендерін және кезекшілік нұсқаулығымен таныс екендіктеріне көз жеткізуі қажет.

Ескерту: Емтихан өтетін күндері тест өткізілетін ғимараттардағы тестілеуге пайдаланылмайтын барлық аудиториялар, кабинеттер және басқа  да бөлмелер (дәретханадан басқа) жабылуы және мөрленуі керек. Сондай-ақ, бітірушілерді кіргізуге және шығаруға арналған есіктерден басқа сырттан кіретін барлық есіктер жабылады және мөрленеді. Сыртта орналасқан әжетхана аумағы мен оған баратын жолдарда бітірушілерден басқа бөгде адамдардың болмауы қажет. 

115. Министрлік программисі:

1)                сканердің және басқа да жабдықтардың жұмыс істеуін тексереді;

2)                «Министрлік программисі» АЖО-сын орнатады. Бұл АЖО «Бітіруші» АЖО-сы қондырылған компьютерге орналастырылады;

3)                «Бітіруші» ДБ-ны қабылдайды;

4)                өзгерту енгізу журналының негізінде бітірушілердің мәліметтеріне өзгертулер енгізеді (Е-13 нысан);

5)                базаны жабады;

5-1) Сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізеді;

6)                лектің отырғызу парағын басып шығарады (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін).  

27. Тестілеуді өткізу

 

116. ҰБТӨП жетекшісі:

1)           аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексереді (әрбір аудиторияда тақта мен бор болуы қажет және аудиториялар жуылған таза болулары тиіс);

2)           барлық кезекшілердің қатысуын қадағалайды;

3)           бітірушілерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіпті қадағалайды және бақылайды;

4)           бітірушілерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастырады;

5)           дұрыс жауаптар кодын және ҰБТ нәтижесі бойынша емтихан ведомостарын ілуді ұйымдастырады;

6)           апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

6-1) ҰБТ-ның апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын ілуді

ұйымдастырады. 

6-2) сертификаттарды басып шығаруды ұйымдастырады;

7)           толтырылған сертификаттарды тізілім бойынша тексереді;

8)           сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін мектеп өкілдеріне акт бойынша беруді  қамтамасыз етеді;

9)           мектептің техникалық хатшысынан бітірушілердің қолтаңбалары қойылған   сертификаттарды тарату тізілімін акт бойынша қабылдайды.

117. Министрлік өкілі:

1)                ҚР ҰҚК өкілінен №8 акт бойынша қораптарда әрбір аудиторияларға арналған емтихан материалдары (№16 ярлык) мен қосымша емтихан материалдары салынып (№14 ярлык) ҰТО-да пломбыланған арнайы қапшықтарды (№15 ярлык) алады;

2)                кезекшілерді аудиториялар бойынша бөледі;

3)                мемлекеттік комиссия мүшелері және кезекшілердің қатысуымен қаптарды ашады. Қаптарды ашар алдында өкіл пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізімімен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҚР ҰҚК өкіліне және ҰТО-ға  хабарлайды;

4)                аудитория бойынша кезекшілерге:

рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған өзіне сәйкес бөлінген аудитория папкасын береді;

          отырғызу тізімін береді;

мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын (№5 акт) береді. Әрбір мөр басылған қорапта жауап парақтары салынған конверт, сұрақ кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және емтихан материалдарын ашу туралы акт болады;

мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөледі және кезекшілер тағайындайды.

118. Министрлік өкілі тестілеу кезінде:

1) емтиханның басталу уақытын бақылайды. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00;

2) бітірушілердің дұрыс отырғызылуын және бітірушілерге сұрақ кітапшаларының дұрыс таратылуын бақылайды;

3) жауап парағын толтыру ережесінің дұрыс түсіндірілуін бақылайды;

4) бітірушілердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылайды; 

5) емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы бітірушілердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырады. Артық сұрақ кітапшасы жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген бітірушілер емтиханға жіберілмейді;

6)           емтиханның өту барысын бақылайды;

7)           тестілеу аяқталғаннан кейін аудитория бойынша кезекшілерден емтихан материалдарын қабылдауды ұйымдастырады (№5 акт).

119. Бітірушілерді қосымша отырғызу. Бітіруші ерекше жағдайда (мысалы, жарақат алғанда, отбасы жағдайымен және т.б.) емтихан күнін өзгерту туралы өтініш бере алады. Өтініш мемлекеттік комиссия төрағасының атына жазылады. Өтінішке емтихан күнін өзгертуге негіз бола алатын құжат қоса тіркеледі. Өтініш қанағаттандырылған жағдайда Министрлік өкілі ҰБТӨП-тің өтініштер журналында көрсетілген емтихан тапсыру тіліне сәйкес, осы бітірушіні қосымша отырғызуға болатын аудиторияның нөмірін анықтайды. Министрлік өкілі бітірушінің рұқсаттамасына тиісті өзгерту енгізіп, ол туралы аудитория кезекшісін хабардар етеді.

120. Қосымша отырғызу үшін алдымен емтиханға келмеген бітірушінің емтихан материалдары және артық қалған емтихан материалдары  пайдаланылады.

121.  Аудитория бойынша кезекші:

1)                тестілеу басталардың алдында аудиторияның нөмірленуін, ондағы орындардың дұрыс нөмірленгендігін (Е-02-нысан),  олардың осы аудиторияның отырғызу тізіміндегі бітірушілер санына сәйкестігін және тақта мен бордың болуын тексереді. Кемшіліктер байқалған жағдайда Министрлік өкілін хабардар етеді;

2)                Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт)  алады және оларды аудиторияға жеткізеді;

3)                бітірушілерді аудиторияға кіргізеді  және оларды отырғызу парағына сәйкес отырғызады;

4)                емтихан материалдары бар қораптарды ашады;

4-1) бітірушілердің аудиторияда тәртіп сақтау ережесін түсіндіреді және ол ереженің сақталуын қадағалайды;

5)                емтихан материалдарын таратады және оларды толтыруды түсіндіреді;

6)                тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілерден емтихан материалдарын қабылдайды және Министрлік өкіліне (акт бойынша) тапсырады.   

 

28. Бітірушілерді аудиторияға кіргізу және отырғызу

 

122. Бітірушілер аудиторияға бір-бірлеп жіберіледі. Кезекші бітірушілердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің сәйкестіктерін тексереді.  Кезекші бітірушілердің сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Бітіруші қатаң түрде отырғызу тізімінде көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады. Бітірушілерді аудиторияға жіберу емтихан басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады.

 

29. Бітірушілердің  аудиторияда тәртіп сақтау ережелері

 

         123. Бітіруші міндетті түрде отырғызу тізімінде көрсетілген нөмір бойынша өз орнына отырады. Отырғызу тізіміне сәйкес орынға отырғанын растап қол қояды.

124. Тестілеу үзіліссіз үш жарым сағат бойына (210 минут) өтеді. Тестілеу уақытында алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады, ал қалған уақытта аудиториядан тек кезекшімен бірге шығуға рұқсат етіледі.

          125. Бітірушіге отырған орнынан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарын ауыстыруға, шпаргалка пайдалануға, көшіруге, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) пайдалануға болмайды, аталған ережелерді бұзған жағдайда бітіруші емтиханнан шығарылады. Тестілеу уақытында бітірушіден мүмкін болатын дұрыс жауаптар коды көрсетілген ұялы телефон, пейджер немесе шпаргалка табылған жағдайда, аудитория кезекшісі Министрлік өкілін хабардар етеді. Министрлік өкілі мемлекеттік комиссия төрағасымен және аудитория кезекшісімен бірігіп, бітірушінің қатысуымен акт жасайды (Е-25 нысан). Бітірушіні аудиториядан шығару және оның тестілеу нәтижесін жою туралы мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасы бойынша шешім қабылданады (Е-26 нысан). Аудиториядан шығарылған бітірушінің жауап парағы сканерден өтуге жіберілмейді.

126. Бітіруші өзін тәртіпті ұстап, кезекшінің айтқанын мұқият тыңдайды.

127. Тестілеудің қорытындысы бітірушінің жауап парақтары өңделгеннен кейін шығады, сондықтан бітіруші жауап парағының бір данада ғана берілетінін,  қайта ауыстырылмайтынын және бұл білімін айғақтайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Бітіруші оны қате жіберуге, жөндеуге жол берместен аса мұқият толтырады.

128. Бітіруші тестілеуді берілген уақыттан ерте бітірсе, емтихан материалдарын (жауап парағының көшірмесінен басқасын) кезекшіге өткізе алады. Емтихан біткеннен кейін бітіруші қолындағы жауап парағы көшірмесіндегі өз жауаптарын мемлекеттік комиссия көпшілік назарына ұсынған дұрыс жауаптар кодымен салыстыра алады. Жауап парағы көшірмесінің заңды күші жоқ.

 

30. Емтихан материалдары бар қораптарды ашу

 

129. Емтихан материалдары бар қорап осы аудиториядағы үш бітірушінің және бар болған жағдайда ата-аналардан тұратын тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен ашылады.

Қорапта емтихан материалдарын ашу актісі (№6 акт), жауап парақтары салынған конверт, жауап парақтарының көшірмелері, сұрақ кітапшалары болуы қажет.

130. Шақырылған бітірушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді, қорапты ашып, ішіндегі емтихан материалдарын санап, нәтижелерін емтихан материалдарын ашу актісіне түсіріп және оған қолтаңбаларын қояды. Емтихан материалдарының нақты саны сәйкес келмеген жағдайда, кезекші Министрлік өкіліне ескертеді және аталған жағдайда емтихан материалдарын ашу актісінде көрсетеді. Қорапты ашқаннан кейін оның ішіндегі сұрақ кітапшалары осы аудиториядағы емтихан тіліне сәйкес келмесе, кезекші Министрлік өкілін ескертеді және акт жасайды.

Бұдан кейінгі шешімді Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия ҰТО-мен біріге отырып қабылдайды.

 

31. Емтихан материалдарын тарату және толтыру ережелерін түсіндіру

 

131. Кезекші емтихан материалдарын таратқанға дейін бітірушілерге төмендегілерге тыйым салынатындығын ескертеді:

1) бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға;

2) рұқсатсыз емтихан материалдарын ашуға;

3) басқа бітірушілермен емтихан материалдарын ауыстыруға;

4) анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесінен басқа), барлық мүмкін болатын электрондық аппараттарды  (электрондық қойын кітапшасын, калькулятор, ұялы телефон, пейджер т.б.) және корректор сұйығын қолдануға;

5) сөйлесуге, басқа бітірушілерден көшіруге, шпаргалка т.б. қолдануға;

6) тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға (қалған уақытта дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады, бірақ  бір мезгілде екі бітіруші ғана шыға алады және тек тысқа шығуға рұқсат етіледі).

132. алынып тасталды.

133. Бітіруші отырғызу тізімінде көрсетілген орынға отырғандығын растап қолтаңбасын қояды.

134. Бірінші кезекте тек қана жауап парағы мен оның көшірмесі ғана таратылады. Кезекші бітірушілерге үлестіріп болғаннан кейін, оларды толтыру тәртібін түсіндіреді.

 

32. Жауап парағын толтыру тәртібі

 

135. 1-секторда бітірушінің тегі, аты және әкесінің аты жазылады.

 

 

136. 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің  рұқсаттамасында көрсетілген ТЖК жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады. Мысалы:

 

 

137. 3 және 4-секторларда емтихан кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ кітапшасының нұсқасы боялады.

 

138. 5-секторда  бітіруші емтихан тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады. Мысалы:

139. 6-секторда қазақ тілі пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

140. 7-секторда орыс тілі пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

141. 8-секторда  Қазақстан тарихы пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

142.  9-секторда математика пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

143. 10-секторда  таңдаған мамандыққа байланысты «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға  қабылдаудың үлгі ережесінің» 3-қосымшасына сәйкес, тестілеу кезінде бітіруші таңдаған пән көрсетіледі және сол пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.

 Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тапсырмадағы берілген бес жауаптан бір ғана дұрыс жауап таңдалады. Бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауаптар боялған жағдайда, жауап есепке алынбайды. Таңдалған жауапты сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Әр пән бойынша жауаптарын енгізетін секторларды бояу үлгісі:

144. 11-сектор  боялмайды (талапкерлердің кешенді тестілеуіне қатысушылар үшін қарастырылған).

144-1. жауап парағының нөмірі көрсетілген 12 сектор боялмайды.

145. «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөліңіз:

1)  жауап парағы қара автоқаламмен толтырылады;

2)  жауап парағын ластауға, бүктеуге, жыртуға болмайды;

3)             жауаптарды корректор сұйығымен өзгертуге қатаң тыйым  салынады.

4)             бір тапсырмаға 2 не одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды.

5)   калькуляторларды, пейджерлерді және ұялы телефондарды

қолдануға қатаң тыйым салынады.

146. Бітіруші жауап парағының оң жақ төмен бұрышындағы «Бітірушінің қолтаңбасы» 12-секторында қолын қояды. Жауап парағы қате толтырылған жағдайда, бітірушіге жаңа жауап парағы берілмейді.

147. Жауап парағының көшірмесі – жауаптарын белгілейтін, тестілеуден кейін өз бетінше балл санын есептеуге арналған арнайы бланк.

 

Жауап парағының көшірмесі

 

 

 

Копия листа ответов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰБТӨП  (Базалық ЖОО) 
ППЕНТ
  (Базовый ВУЗ)  _____________________________________

 

 

 

 

Лек
Поток

______

 

Ауд.   

______

 

Нұсқа Вариант 

   

__________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Аты-жөні,      ФИО)

 

Сұрақ №
№ вопр.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Қазақстан тарихы

Математика

Таңдауы бойынша пән

Казахский язык

Русский язык

История Казахстана

 

Предмет по выбору

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Мой ответ

Мой ответ

Мой ответ

Мой ответ

Мой ответ

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

….

……

…..

…….

…….

…..

…….

…..

…….

25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауап парағы көшірмесінің заңды күші жоқ

 

Копия листа ответов не имеет юридической силы

 

148. Қызметтік секторларын толтырып болғаннан кейін кезекші №1 отырғызу орнынан бастап сұрақ кітапшаларын таратады.

149. Сұрақ кітапшасы – бітірушіге пән бойынша тест тапсырмалары берілетін, бірақ заңды күші жоқ емтихан құжаты.

150. Сұрақ кітапшалары таратылып болғаннан кейін, бітірушілер сұрақ кітапшасының беттерінің түгел екендігін тексеруі қажет.

151. Бітіруші сұрақ кітапшасындағы нұсқа нөмірін жауап парағына           (4- сектор) көшіріп жазады және сұрақ кітапшасының мұқабасын толтырады.

152. Жауап парағының қызметтік секторлары мен сұрақ кітапшасының мұқабасын толық толтырғаннан кейін, кезекші тақтаға емтиханның басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар қою мен түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тест тапсырмаларының жауаптарын белгілеу және жауап парағының көшірмесін толтыру  толық тестілеу уақытына кіреді. Толық тестілеу уақыты - 210 минут (3,5 сағат).

153. алынып тасталды.

154. алынып тасталды.

155. Бітіруші ережені бұзған жағдайда, кезекші бұл туралы өкілге хабарлайды және қолданылатын шара туралы келіседі. Емтихан кезінде кезекшіге аудиториядан шығуға болмайды. Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы бітірушілерге ескертілуі қажет. Тестілеу уақыты аяқталған кезде, соңғы 5 бітіруші аудиториядан бірге шығулары қажет.

156. Тестілеу кезінде аудиторияға басқа адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады. Аудиторияға тек қана Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасы ғана кіре алады.

 

33. Тестілеу аяқталған соң емтихан материалдарын                              қабылдау және тапсыру

 

          157. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақ кітапшасы әр бітірушіден жеке-жеке қабылданады. Бітіруші кезекшіге оларды жауап беріп болғаннан кейін немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.

          158. Кезекші бітірушінің жауап парағындағы барлық қажетті секторлардың және сұрақ кітапшасы мұқабасының толық толтырылуын тексереді.

          159. Кезекші емтихан материалдарын арнайы конвертке және қорапқа салып, тәуелсіз бақылаушылармен бірге мемлекеттік комиссия отырған бөлмеге жеткізеді.

          160. Кезекші Министрлік өкіліне №5 акті бойынша: жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған), отырғызу парағы, емтихан материалдарын ашу актісі, сұрақ кітапшалары (пайдаланылған) салынған қорапты және рұқсаттама түбіртектері тігілген папканы тапсырады.

 

34. Тестілеу нәтижелерін өңдеу

 

161. Бітірушілердің жауап парақтарын сканерден өткізу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1)                Министрлік өкілі жауап парақтары салынған конверттерді сканерден өткізу үшін Министрлік программисіне береді. Конвертте толтырылған және толтырылмаған жауап парақтары болуы қажет. Толтырылған және толтырылмаған жауап парақтарының барлығы да сканерден өтеді. Жауап парақтары әрбір аудитория бойынша екі рет сканерден өткізіледі.

          Ескерту: Тестілеу уақытында аудиториядан тәртіп бұзғандығына байланысты шығарылған бітірушілердің жауап парақтары мен кейбір ерекше жағдайларда акт жасалынып жаңа жауап парақтарына ауыстырылған бүлінген жауап парақтары сканерден өткізілмейді.

2)     Министрлік программисі сканерден өткізуді аяқтағаннан кейін, жауап

парақтарын конвертке салады. Кезекті аудиторияның жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін, жауап парағын сәйкестендіру хаттамасы                         (К-16 нысаны) беріледі.

3)                 Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия парақтарды сәйкестендіруге кіріседі, ал программист келесі аудиторияның жауап парақтарын сканерден өткізеді.

162. Егер жауап парағы:

          1) осы аудиторияға бөлінген жауап парақтарының тізімінде болса;

          2) ондағы ТЖК өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

          3) ондағы орын нөмірі отырғызу парағындағы орын нөмірімен сәйкес келсе автоматты сәйкестендірілген болып табылады;

4)  алынып тасталды.

163. Басқа жағдайда, сәйкестендіру үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасына түседі.

164. Егер жауап парағы:

1)        осы аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде болса;

2)                ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

3)                комиссия нақты орынын, нұсқаның нөмірін және таңдауы бойынша пәнді көрсетсе визуалды сәйкестендірілген болып табылады.

165. Басқа кез-келген жағдайда, жауап парағы тағы да сәйкестендіру хаттамасына  түседі.

166. Комиссия жұмысының негізгі уақыты отырғызу орны мен нұсқалардың нөмірлерін түзетуге кетеді, сондықтан аудиториялар бойынша кезекшілердің бітірушілерді тиісті орындарына отырғызып және сұрақ кітапшаларын дұрыс таратуы өте маңызды.

167. Жауап парақтарын сәйкестендіру үшін:

1)  отырғызу парағы;

2)   алынып тасталды.

3)  бітірушілердің жауап парақтары;

4)  бітірушілердің сұрақтар кітапшалары;

5)  жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы қажет.

 

35. Жауап парақтарын қарап сәйкестендіру

 

168. Сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады. Ол үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында:

1)                жоғарғы кестеден әрбір бітіруші үшін оған тиісті жауап парақтарын қарап белгілейді;

2)                төменгі кестеден әрбір жауап парақтары үшін бітірушіге тиісті деректерді қарап белгілейді.

169. Осы аудиториялар бойынша жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларының арасынан сәйкестендірілмеген жауап парақтары мен оларға сәйкес сұрақ кітапшаларын іріктеп алу керек.

170.  Әрбір жауап парағын оған тиісті сұрақ кітапшасының ішіне салып және сұрақ кітапшасының мұқабасына осы жауап парағының нөмірін жазып қою керек.

          171. Салынған жауап парағы мен сұрақ кітапшасы және толтырылмаған жауап парақтары төменгі кестеде келтірілген тәртіп бойынша салынуы қажет.

 172. Жоғарғы кестедегі сәйкестікті белгілеу. Жоғарғы кестенің әрбір жолдары үшін бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты бойынша оған тиісті жауап парағын табу керек. Содан соң «жауап парағының №» деген  бағанға оның нөмірі жазылады.

173. Төменгі кестемен жұмыс (Е-16 нысан). Бітіруші жауап парағын толтыру кезінде қате жіберілген төмендегі секторлар қою сызықпен қоршалады:

1)                Аты-жөні. Сәйкестендіру  үшін төменгі кестенің өңделетін жолында көрсетілген жауап парағын алып, ондағы бітірушінің қолымен жазылған тегін, атын, әкесінің атын «жауап парағындағы тегі, аты, әкесінің аты» бағанына түсіру керек;

2)                ТЖК коды мен орын нөмірі. Сәйкестендіру үшін отырғызу парағын алып, ондағы осы бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен оған тиісті ТЖК кодын тауып, «ТЖК дұрыс коды» бағанына және сұрақ кітапшасынан оның орнының нөмірін анықтап «Дұрыс орнының №» бағанына жазу керек.

3)                Нұсқа. Сәйкестендіру үшін бітірушінің сұрақ кітапшасын алып, ондағы нұсқаны «сұрақ кітапшасындағы нұсқа №» деген бағанға түсіру керек.

4)                таңдауы бойынша пән. Сәйкестендіру үшін бітірушінің сұрақ кітапшасын алып, ондағы таңдауы бойынша көрсеткен пәннің атын «сұрақ кітапшасындағы таңдауы бойынша пән» деген бағанға жазу керек.

174. Осы қателіктер түзетілгеннен кейін «Шешім» бағанына «Түзетілсін» деп жазылуы керек.

175. Егер аудиторияға қосымша бітіруші отырғызылса, жүйе оның тегінаты-жөнін осы аудитория үшін бөлінген бітірушілердің тізімінен таба алмайды. Сондықтан бітірушінің аты-жөні жоғарғы кестеде жоқ болғандығына қарамастан, оның жауап парағы төменгі кестеде белгіленеді. Отырғызу парағы тексеріліп, бұл бітіруші қосымша отырғызылған ретінде белгіленеді де, «Шешім» деген бағанына «Қосымша отырғызылған» деп жазылады.

176. Егер берілген аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде жоқ жауап парағы табылса, бұл бітірушінің жұмысы бағаланбайды және оның нәтижесі емтихан ведомосында көрсетілмейді. «Шешім» деген бағанға «Бөтен жауап парағы» деп жазылады.

176-1. Бір аудиторияға бөлінген нұсқалар санынан бірдей нұсқалар саны көп болған жағдайда нұсқаларды сәйкестендіру жүргізіледі (Е-16-3 нысан).

177. Толтырылған сәйкестендіру хаттамалары деректер базасына енгізілу үшін программиске беріледі.

178. алынып тасталды.

 

35-1. Қайта сәйкестендіру

 

178-1. «Министрлік программисі» АЖО-сында сәйкестендіру хаттамасын толтырып қойғаннан кейін тексерушілердің тарапынан жіберілген қателіктер табылған жағдайда, жауап парақтары қайтадан сканерден өткізіледі. Қайта сканерлеу ҰТО-мен келісіп, пароль алғаннан кейін іске асырылады.  

178-2. Қайта сәйкестендіру келесі:

1)    ТЖК қате түзетілген;

2)    Нұсқа қате түзетілген;

3)    Таңдауы бойынша пән қате түзетілген жағдайларда жүргізіледі.

178-3. Қайта сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін

бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады (Е-16-2 нысан).

 

36. Дұрыс жауаптар кодын ашу және емтихан ведомостарын беру

 

179. Министрлік өкілі лектің жауап парақтарын сәйкестендіру процесі аяқталғаннан кейін ҰТО-ға хабарлайды.

180. ҰТО Министрлік өкіліне парольді айтып, дұрыс жауаптар кодының файлын телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді.

          181. Дұрыс жауаптар коды жауап парақтары сәйкестендірілгеннен кейін мемлекеттік комиссияның төрағасы және ҚР ҰҚК өкілімен бірлесіп үш парольдің көмегімен ашылады: мемлекеттік комиссия төрағасының паролі, ҚР ҰҚК өкілінің паролі және Министрлік өкілінің паролі (ҰТО-дан алынады);

182. Дұрыс жауаптар коды (Е-17 нысан) екі данада басылып, біреуі көпшіліктің назары үшін ілінеді, ал екіншісі апелляциялық комиссияға беріледі.

          183. Жұмыстарды бағалау жүргізіледі және апелляцияны есепке алмағандағы төрт дана емтихан ведомосы басылып шығарылады:

1)  бірінші данасы көпшіліктің назары үшін ілінеді;

2)  екіншісі – Министрлік өкілі үшін;

3)  үшіншісі – апелляция төрағасы үшін;

4)  төртіншісі – ҰБТӨП-те қалады.

 

37. Лектің жабылуы

 

184. Ағымдағы лекті осы лек бойынша апелляция жабылғаннан кейін ғана жабуға болады. Алдыңғы лектен бұрынғы лек жабылмай, келесі лек ашылмайды. Бір уақытта тек екі ғана лек ашылуы мүмкін (1 және 2, 2 және 3, 3 және 4).  

 

38.  Келесі лекке арналған отырғызу тізімін беру

 

185. Барлық аудиториялар бойынша отырғызу тізімі емтиханнан бір  күні бұрын кешке беріледі.

186. Министрлік программисі ҰТО-дан телефон арқылы парольді алады.

187. Отырғызу тізімі отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Бітіруші орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ  анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады.

 

39. Апелляция өткізу

 

188. Апелляцияға түскен өтініштерді қарастыру мақсатында әрбір                       ҰБТӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.

189. Апелляциялық комиссияның құрамы  тестіленетін пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдерінен және апелляцияға өтініш қабылдауды жүзеге асыратын техникалық хатшылардын құрылады.

190. Апелляциялық комиссияның төрағасы Білім және ғылым министрімен, ал құрамы облыстық, Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларымен бекітіледі.

191. Апелляциялық комиссия бітірушілерден өтініш қабылдайды және қарастырады, бітірушіге тест тапсырмасының мазмұны бойынша балл қосу туралы Республикалық комиссияға ұсыныс жасайды және бітірушіні апелляцияның қорытындысы жөнінде хабардар етеді.

192. Апелляциялық комиссия өз жұмысында Ереже және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

193. Апелляциялық комиссияның жұмысы үшін  столдармен, оқу тақтасымен, бормен, т.б. жабдықталған жеке бөлме бөлінеді.

194. Апелляциялық комиссияның жұмысы келесі кезеңнен тұрады:

1)           апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша берілген өтініштерді қабылдау;

2)           тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

3)           апелляцияға техникалық себептерге байланысты берілген өтініштер қабылдау;

4)           техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

5)           апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;

6)           апелляциялық комиссияның отырысы;

7)           апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалық комиссиямен байланыс жасау;

8)           апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;

9)           апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.

195. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:

1) апелляция өтініштерін тіркеу парағы (Е-19, Е-31 нысан);

          2) апелляцияға берілген өтініштер тізілімі (Е-20 нысан);

3)                бітірушінің жауаптарын талдау картасы (Е-21 нысан), жауап парағы және сұрақ кітапшасы;

4)                апелляцияны есепке алмағандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы (Е-18-нысан);

5)  дұрыс жауаптар коды.

 

40. Апелляцияға өтініштер қабылдау

 

195-1. Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға өтініштер қабылдауды ұйымдастырады.

196. Бітіруші өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді және өтініш бір күнтізбелік күнде апелляциялық комиссиямен қарастырылады.

197. Бітірушінің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі (Е-19, Е-31 нысандары).

197-1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді Министрлік программисі ДБ-ға енгізеді.

 

41. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініштерді қабылдау

 

198. Бітірушіден тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініш тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады (Е-29 нысан).

198-1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініштерді пән мұғалімдері қабылдайды.

199. алынып тасталсын.

 

42. Техникалық себептерге байланысты өтініштер қабылдау

 

200. Бітіруші техникалық себептерге байланысты апелляцияға өтінішті тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін береді                  (Е-30 нысан).

200-1. Техникалық себептерге байланысты өтініштерді техникалық жұмысшылар қабылдайды.

201. алынып тасталсын.

 

43. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық

 

202. Министрлік программисі апелляциялық комиссияға бітірушілердің жауаптарын талдау картасы (Е-21- нысан) мен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін (Е-20-нысан) береді.

203. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның  түпнұсқасындағы ақпараттың сәйкестігін бақылау үшін бітірушілердің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.

204. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына акт бойынша:

1) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);

2) дұрыс жауаптар кодын;

3) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің сұрақ кітапшаларын;

4) бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;

5) бітірушілердің апелляцияға берген өтініштерін (Е-29, Е-30 нысан);

6)  апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін;

7)  апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосын береді.

 

44. Апелляциялық комиссияның отырысы

 

205. Бітірушілердің өтініштерін апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-тен бастап  қарайды.

         206. Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

207. Жауаптарды талдау картасы бітірушінің бес пән бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдауы бойынша пәні нәтижелері көрсетілген бес кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:

1) бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Бітіруші апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;

2) екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;

3) үшінші жол бітірушінің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;

4) төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.

 

45. Апелляция бойынша шешім қабылдау

 

208. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмаларды қарап, шешім қабылдауға қатаң тыйым салынады. Апелляция комиссиясының апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгертуге құқығы жоқ. Бұл мәселелер бойынша шешімді мемлекеттік комиссия жауап парақтарын сканерден өткізу кезеңінде қабылдайды (Қараңыз: жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы).

 

46. Тест тапсырмасының мазмұны бойынша шешім қабылдау

 

209. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

1)     тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;

2)     дұрыс жауабы жоқ;

3)     бірнеше дұрыс жауабы бар.

210. Бұл жағдайда балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады: апелляциялық комиссия телекоммуникациялық желі арқылы берілген нысан бойынша төмендегі кестені апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссияға ҰТО-ға жібереді. Содан кейін апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.

Бітірушінің аты-жөні

ТЖК

Нұсқа

Пән

Тапсырма №

Дәлел

демесі

Бітірушінің жауап парағындағы жауабы

Апелл. комиссия шешімі

Республикалық комиссия шешімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

211. Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

 

 

47. Техникалық себептер бойынша шешім қабылдау

 

212. Техникалық себептер бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

1)                дұрыс жауаптар кодымен дәл келген бір дөңгелекше боялған, ал сканер екі дөңгелекше боялған ретінде оқыған;

2)                дұрыс жауаптар кодымен дәл келген бір дөңгелекше боялған, ал сканер оны оқымаған.

213. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Апелляция комиссиясының төрағасы ҰТО-ға балл қосылған бітірушінің сұрақ кітапшасын алып келуі керек.

 

48. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу

 

214. Апелляциялық комиссия өз шешімін сол апелляция берген өтініш парағында белгілейді (Е-29, Е-30 нысан).

215. Шешімді ДБ-ға енгізу міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен орындалады.

216. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.

217. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:

1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмесе);

2) жойылды (өтініш жойылса);

3) шешім қабылданды (апелляция қаралса және шешім қабылданса)

сөздерінің  бірі жазылса ғана жабуға болады.

 

49. Апелляциялық комиссиясының хаттамасын басып шығару

 

218. Программист апелляция жабылғаннан кейін:

1) апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;

2) апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;

3) ҰБТ қорытындысының  емтихан ведомосын (апелляцияны есепке алғандағы) екі данада басып шығарады.

219. Олардың бір данасы қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншісі ҰБТӨП-тің іс-қағаздарына тіркеледі.

220. Хаттамаға аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.

 

50.  Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы

 

221. Апелляциялық комиссияның төрағасы жұмыс аяқталғаннан кейін Министрлік өкіліне акт бойынша жауап парақтарының түпнұсқаларын, сұрақ кітапшаларын береді.

222. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады;

223. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:

1)     апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағын (Е-19, Е-31 нысан);

2)     апелляцияға өтініштерді (Е-29, Е-30);

3)     апелляция бойынша балл қосылған бітірушілердің сұрақ

кітапшаларын;

4)     апелляцияға қатысқан бітірушілердің жауап парақтарының

көшірмесін;

5)     бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;

6)     апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін (соңғы нұсқасын);

7)     әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын;

8)                апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркеуі керек.

224. Апелляциялық комиссияның есебі төмендегі нысандағы комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады:

 

Пән бойынша апелляция есебі ____________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________  Лек № ____

 

Нұсқа №

Тапсырма №

Балл тағайындауға негіздеме

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Тек балл қосылған тест тапсырмалары ғана көрсетілуі керек. Жауап парағында ақау болған жағдайда «Балл тағайындауға негіздеме» бағанына: «Фрагмент жетіспейді», «Парақтың ақауы бар», «Нашар боялған» жазуларының біреуі енгізіледі

Қолы                                                  ____________________  

Комиссия төрағасының қолы           __________________

 

 

 

51. Сертификаттарды дайындау

 

225. Министрлік программисі апелляция аяқталғаннан кейін сертификаттар файлын құрып, ҰБТӨП-тің инженеріне береді.

    226. Сертификаттарды басып шығару үшін екінші компьютерге орнатылатын «Сертификат»  деп аталатын АЖО қарастырылған. «Сертификат» АЖО-сында сертификаттардың баспаханалық нөмірін автоматты түрде енгізетін арнаулы интерфейс қарастырылған.

227. ҰБТӨП инженері:

  1) сертификаттардың баспаханалық нөмірлерін ДБ-ға   енгізеді және басып шығарады;

    2)  алынып тасталды.

              3) сертификаттарды тарату тізілімін (Е-24-нысан) басып шығарады.

          228. Дайын болған сертификаттарға мемлекеттік комиссияның төрағасы мен Министрлік өкілі қол қойып, базасында ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мөрін басады.

          229. Сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізіліміндегі мәліметтерді емтихан ведомосымен салыстырғаннан кейін, Министрлік өкілі тізілімнің әрбір парағына қол қояды.

           230. Содан кейін дайын болған сертификаттар мен сертификаттарды беру тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне береді.

           231. Тестілеу аяқталғаннан кейін мектептің техникалық хатшысы ҰБТ ӨП жетекшісінен ҰБТ қорытындысы бойынша емтихан ведомосын                              (өз мектебінің), сертификаттарды және сертификаттарды беру тізілімін алады.

           232. Бітірушілерге сертификаттар мектепте беріледі және сертификаттарды тарату тізіліміне бітірушілер өз қолдарын қояды.

           233. Сертификаттарды беру аяқталғаннан соң, сертификаттарды тарату тізілімі ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылады.

            234. Министрлік программисі ҰБТӨП инженерінен нөмірлері қойылған сертификаттар файлын қабылдап алып, оны телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

   235. Сертификаттар бітірушілерге тестілеу аяқталғаннан соң үш күннен кейін беріледі, яғни 1-күні – емтихан, 2-күні – апелляция, 3-күні -  сертификаттарды даярлау және мөр қою, 4-күні – сертификаттарды тарату.

 

52. Тестілеу қорытындысы бойынша статистика

 

   236. Тестілеу кезеңінде программист статистикалық деректерді күн сайын телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады.

 

53. Атқарылған жұмыстар туралы есеп

 

   237. Барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Министрлік өкілі, апелляциялық комиссияның төрағасы мен Министрлік программисі ҰТО-ға атқарған жұмыстары туралы берілген үлгіде жазбаша есеп береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі өкілінің

ЕСЕБІ

____________________________________________________________________

(ҰБТӨП нөмірі мен атауы)

Шаралар

Іс-әрекеттер

Ескерту

Ұсыныстар

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің дайындық кезеңі

1.      

ҰБТӨП жұмыс кабинетін, Министрлік өкілдерінің, мемлекеттік комиссияның жұмыс кабинеттерін және тестілеу өткізілетін аудиториялардың дайындығын тексеру

Талапқа сай болуы тиіс, техника түгел және жарамды болуы тиіс, ҰТО-мен байланы болуы тиісс, ҰБТӨП орнасаласқан оқу орнындағы аудиториялардың және кабинеттердің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс, аудиторияларға сілтемелердің болуы, аудиториялардағы орындар нөмірленген болуы тиіс

 

 

2.      

Бітірушілер мен ата-аналардың тестілеуге дайындығы

Ақпараттық-түсіндіру стендтерінің болуы тиіс,  ҰБТ туралы БАҚ-та ақпараттар жарияланып, халық арасында ҰБТ туралы ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілген болуы тиіс

 

 

3.      

ҰБТӨП қызметкерлерінің ҰБТ өткізуге дайындығы

Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу технологиясын білуі және сақтауы тиіс, нормативтік-нұсқаулық құжаттар бар және тестілеуді өткізуге қажет құжаттардың барлығы болуы тиіс

 

 

4.      

Мемлекеттік комиссияның жұмысқа дайындығы

Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу технологиясын білуі және сақтауы тиіс, ҰБТ мәселелері бойынша отырыстар өткізуі тиіс

 

 

5.      

Аудитория бойынша кезекшілердің дайындығы

Функционалды міндеттерін, бітірушілерді аудиторияға кіргізу технологиясын, орындарға отырғызу және емтихан материалдарын тарату тәртібін білуі, ҰБТ кезінде бірлесіп жұмыс атқарулары тиіс

 

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезеңі

6.      

ҰҚК өкілімен жұмыс

Емтихан материалдарын алу, ҰБТ өткізу кезінде бірлесіп жұмыс істеуі

 

 

7.      

Мемлекеттік комиссиямен жұмыс

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің қатысуы, тестілеуді өткізу кезінде бірлесіп қызмет атқару, технологияны сақтау

 

 

8.      

ҰБТӨП қызметкерлерімен жұмыс

ҰБТ өткізу кезінде бірлесіп қызмет атқару

 

 

9.      

Құқық қорғау органдарының, медициналық қызметкерлермен жұмыс

Тестілеу кезінде бірлесіп қызмет атқару,

ерекше жағдайлар

 

 

10.  

Бітірушілерді кіргізу, отырғызу

Кіргізуді бастау, бітірушілердің дайындығы, кезекшілердің жұмысы, ерекше жағдайлар

 

 

11.  

Емтихан материалдарымен жұмыс

Материалдарды жинақтау, тарату тәртібін сақтау, ерекше жағдайлар

 

 

12.  

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу

Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу технологиясының сақталуы, ерекше жағдайлар

 

 

13.  

Нәтижелерді өңдеу, дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомостерін ілу,

Технологияны сақтау, мемлекеттік комиссия мүшелерінің жұмысы, ҰТО, ерекше жағдайлар

 

 

Апелляцияны өткізу кезеңі

14.  

Апелляцияға  өтініштер қабылдау және өткізу

Технологияны сақтау, ерекше жағдайлар

 

 

 

Ұйымдастыру мәселелері:

1.     Тестілеу өтеттін орынға келу, жауапты адамдармен кездесу, қонақүйлерге орналасу мәселелері.

2.     Министрлік өкілдерінің, апелляциялық комиссия төрағасының, Министрлік программисінің бірлесіп қызмет атқару мәселелері.

3.     ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге қатысушылармен бірлесіп қызмет атқару мәселелері.

4.     Күрделі жағдайлар

 

ҰБТ-ны өткізу форматын жетілдіруге байланысты ұсыныстар.

ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар.

 

     Министрлік өкілі _____________________________       (қолы, аты-жөні)

     Министрлік өкілі _____________________________      (қолы, аты-жөні)

     Апелляциялық комиссияның төрағасы  _____________  (қолы, аты-жөні

     Министрлік программисі____________________________(қолы, аты-жөні

 

 

 

 

Министрлік программисінің  есебі

 

ҰБТӨП ______   _______________________________________________

1.     Операцияның қай түрі cіз үшін қиын болды:

 (жағдайы және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар)

2.     Программалық қамтамасыз етудің интерфейсін бағалаңыз

2   

3     

4 

5      

(Жетілдіру жөнінде ұсыныстарыңыз)

3.     ҰТО-мен байланыс:

(Жағдайы және жетілдіру жөнінде ұсыныстарыңыз)

4.     Деректердің программалық деңгейде рұқсатсыз қол сұғудан қорғалуы.

(Жағдайы және жетілдіру жөнінде ұсыныстарыңыз).

5.     Деректердің ұйымдастырушылық  кезеңінде рұқсатсыз қол сұғудан қорғалуы (Жағдайы және жетілдіру жөнінде ұсыныстарыңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Министрлік өкілінің ҰТО-ға тапсыратын  материалдарының тізімі

 

1

Пайдаланылмаған жауап парақтары, сертификаттар

8 ярлык

2

Бүлінген  сертификаттар

9 ярлык

3

Барлық техникалық хатшылардың «Өтініштер бланкілері» папкасы.  Папкаға:

1.      ҰБТӨП техникалық хатшысының өтініштер журналы. Көшірмесі  (Е-09-нысан);

2.      бітірушілердің деректерін өзгерту журналы (Е-13-нысан) /егер бар болса/ тігіледі.

№1 ярлык

4

ҰБТӨП өтініштер журналының көшірмесі (Е-10-нысан)

№3 ярлык

5

«Бүлінген және жойылған өтініштер бланкісі» тігілген папка

№2 ярлык

6

«Аудитория материалдары» тігілген папка. Папкаға:

1.      бітірушілердің аудиториялық тізімі (Е-12-нысан);

2.      отырғызу тізімі (Е-14-нысан);

3.      емтихан материалдарын ашу актісі (№6 акт);

4.      алынып тасталды

5.      жауап парақтарын сәйкестендіру хаттаммасы (Е-16-нысан);

6.      рұқсаттама түбіртегі (Е-04-нысан);

7.      жауап парақтары салынады.

4 ярлык

7

«Лек материалдары» папкасы. Папкаға:

1.      аудиториялар бойынша кезекшілер тізімі;

2.      кезекшілердің емтихан материалдарын қабылдап-тапсыру актісі (№5 акт) тігіледі.

3.      Аудиторияларды тестілеу өткізгенге дейінгі тексеру актісі;

4.      Аудиторияларды тестілеу өткізгеннен кейінгі тексеру акісі.

5 ярлык

8

«Апелляция материалдары» папкасы. Папкаға:

1.      апелляцияға берілген өтініштер тізілімі (Е-20-нысан);

2.      апелляция комиссиясы отырысының хаттамасы (Е-22-нысан);

3.      бітірушілердің жауаптарын талдау картасы (Е-21-нысан);

4.      балл қосылған бітірушілердің сұрақ-кітапшалары;

5.      бітірушілердің апелляцияға өтініштері (Е-29, Е-30 нысан)  тігіледі.

№6 ярлык

9

«ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы» папкасы. (Е-18, Е-23 нысандар)

№7 ярлык

10

«Сертификаттарды тарату тізілімі» (Е-24-нысан). Тізілімнің әр бетіне өкіл қолын қоюы керек

№10 ярлык

 

 

 

 

 

 

 

 

Қажетті материалдардың тізімі

 

Материалдардың атауы

Өтініш қабылдау алдында өзінде болуы қажет:

1

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі

2

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға  қабылдаудың үлгі ережесі

3

ҰБТ өткізу технологиясы

4

Ұлттардың, елдердің, мектептердің анықтамалығы

Өтініштер қабыдау кезінде қолданылады:

1

Техникалық хатшылардың тізімі

2

Өтініштерді тіркеу журналы

3

Өтініштер бланкісін сканерлеу кезіндегі анықталатын қателердің түрлері

4

Өтініш бланкілерін сканерлеу есебі

5

Рұқсаттама және рұқсаттама түбіртектері

6

Емтиханға кіру рұқсаттамасын тарату тізілімі

7

ҰБТӨП-тің өтініш журналы

8

Бітірушілердің аудиториялық тізімі

9

Бітірушілердің мәліметтерін өзгерту журналы

Тестілеу кезінде қолданылады:

1

Сұрақ кітапшасы, жауап парағы, жауап парағының көшірмесі  және апелляцияға өтініш беру нысаны

2

Отырғызу тізімі

3

алынып тасталды

4

Жауап парағын сәйкестендіру хаттамасы

5

Дұрыс жауаптар коды

6

ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы

7

Сертификаттарды тарату тізілімі

Апелляция кезінде қолданылады:

1

Апелляцияға өтініштер

2

Апелляцияға өтініштерді тіркеу парағы

3

Апелляцияға берілген өтініштер тізілімі

4

Бітірушінің жауаптарын талдау картасы

5

Апелляцияны есепке алмағандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы

6

Апелляциялық комиссиясы отырысының хаттамасы

Министрлік өкіліне беріледі:

1

Жойылған және бүлінген өтініш бланкілері

2

Сертификаттарды тарату тізілімі (бітірушінің қолы қойылмаған)

3

Бүлінген және пайдаланылмаған сертификаттар

4

Әр лектің емтихан ведомостары (апелляцияны есепке алғандағы және алмағандағы)

 

Hosted by uCoz