Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                        «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбында аймақтық оқу - әдістемелік семинар жайлы

Жаңа оқу жылынан бастап енгізілген «Өзін-өзі тану» пәнін насихаттау және іс –тәжірибеде енгізілуін көрсету мақсатында Шиелі ауданы №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп пен Нартай ауылындағы «Қарлығаш» балалар бақшасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбында облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілік арттыру және қайта даярлай институтының және Шиелі аудандық білдім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аймақтық оқу әдістемелік семинар болып өтті. Жоспарланған бағдарламаға сәйкес 830-900 аралығында келген қонақтарды тіркеуден басталады. «Өзін-өзі тану» сыныбымен таныстық, оқушы мен шығармашылық көрме көрсетілді. Семинар 2 секцияға бөлінді.
1 – секция : №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында ОббҚБАжҚДИ қызметкерлері, облыстық білім басқармасы қызметкері, Жаңақорған ауданынан 12 ұстаз оның ішінде бастауыш сынып орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері, Шиелі ауданы бойынша 15 бастауыш сынып орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері жалпы 40 адам қатысты.  
«Өзін-өзі тану елі» тақырыбында ашық сабақтар фестифалі жүргізілді. Атп айтсақ, Дана Әбішеваның ұйымдастыруымен 1 сыныпта «Достық қымбат өмірде» деген тақырыбында, 3 сыныпта «Бірлігіміз жарасқан халықпыз» тақырыбында, Нұрманова Гүлжанның үлгі сабақтарын көрсетті. Сабақтар өте жақсы деңгейде өтті. Бала мен мұғалім арасында қарым-қатынас, пәннің берілуі мақсат-міндетін ұштастырды.
Сонымен қатар «Көктем сәні» тақырыбында №219  мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әйтпенбетова Мария, «Су-өмір көзі» тақырыбында Гүлжан Қалмырзаева және Жаңақорған ауданы №213 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бүрлібаева Балжан «Кешірімді бала-кішіпейіл бала» тақырыбында панорамалық сабақтар көрсетті.
Қызылорда қаласынан келген №1 мектеп-интернат мұғалімі Гүлмира Асқарова «Жақсы сөз – жанға қуат» тақырыбында паноромалық сабақ сабақ өтті.
«Ерекше танысу» тақырыбында мектеп психологі Жадыра Сапарбаева тренинигтер ұйымдастырды және сабақтар бойынша ұсыныс, пікірлер тыңдалды.
2 - секция : «Қарлығаш» балалар бақшасында өз жұмысын мектептегідей басталды. Тәрбиеленушілер қолынан туындағын шығармашылық жұмыстардан ұйымдастырған көрме жұмысымен танысты. Ашық сабақтар фестивалінде «Мен қамқор боламын» тақырыбында Шамақанова Айгүл, «Менің туған күнім» тақырыбында Изматова Өлместің ұйымдастырған сабақтарын көрсетілді.

Панорамалық сабақтар:

«Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында Салтанат Қыдырбекова, «Табиғатты аялайық» тақырыбында Исмайлова Элмиралар, «Қарлығаш» бала-бақша әдістемелерімен бірге Жаңақорғаннан «Адал дос» тақырыбында №5 бала-бақша тәрбиешісі Гүлжазира Досмағанбетова, ОББАҚДИ оқытушысы «Қайырымдылықтың алтын ұясы» тақырыбында сабақтар өтті.
№244 мектеп мұғалімі келген қонақтармен тренинг өткізілді. Мұнда да  ұсыныстар, пікірлер тыңдалды. Семинарға түстен кейін №219 мектеп базасында дөңгелек стол басында бас қосты. Дөңгелек столды жүргізіп отырған ОББАҚДИ бастауыш және мектепке дейінгі кабинет меңгерушісі Гүлнар Диханбаева алғашқы сөзді Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Оңғаровқа берді. Ол аудан көлеміндегі «Өзін-өзі тану» пәні бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы хабарлама жасады. Атап айтсақ, ауданда 40 мектеп пен бала-бақшада түгелге жуық пәнді енгізіп жұмыс жүргізілді. Пән оқулықтары мен әдістемесі толық жеткілікті. Пәнді жүргізетін мұғалімдер арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен мамандырылған 32 орта мектеп, 16 бала-бақша өз қаржыларымен кабинеттерді жабдықтады. Ал қалған мектептер мен бала-бақшалар ғимараттары ыңғайластырылған ғимарат болғандықтан бұрыштар ұйымдастырды. Кабинеттерді стандартқа сәйкес толық жабдықтау үшін аудандық бюджеттен қаражат сұралуда.
Мұнан кейін сөз институт директоры Б.Елеусіновке берілді. Ол «Мұғалім кәсіби құзырлығын қалыптастыру жолдары» жайында әңгіме өрбітті.
№219 мектеп директоры Абай Ергешов пен «Қарлығаш» бала-бақша меңгерушісі Гүлмира Мұсабековалар өз ұжымдарының «Өзін-өзі тану» бойынша сынақ алаңында іс-тәжірибе бөлісті. Жаңақорғаннан №55 орта мектеп директоры орынбасары Бауыржан Өтетілеуов «Мектепалды дайырлық» пәнінің мазмұны мен оқыту ерекшеліктері тақырыбында, №5 бала-бақша Сейілова Гүлмира өз ісі тәжірибелерін ортаға салды.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен семинарға 65 -70 –тей пән мұғалімдері мен бала-бақша меңгерушісі мен тәрбиешілері қатысты. Семинар бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып өте жақсы деген бағамен қорытындылады.

 

 

   


Hosted by uCoz