Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                       Сыр елінің бәйтерегі – Исатай Әбдікәрімов

Көкшоқы елді мекеніндегі «Арман» мәдениет үйінде 8 қазанда аудандық әкімдік пен білім бөлімінің ұйымдастыруымен «И.Әбдікәрімов - елінің ұлы, жерінің перзенті» атты мектеп оқушыларының ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференция барысында «И.Әбдікәрімов өмірі-көпке ортақ» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, қоғам қайраткерінің өмір жолын бейнелейтін суреттер мен оқулықтар көпшілік назарына ұсынылды.
Сыр елінің түлегі, ауданымыздың өркендеп дамуына зор үлесін қосқан қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, ғасыр адамы атанған Исатай Әбдікәрімовтің өмірі мен ел басқару ісіндегі өнегелі қызмет жолы жөнінде аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі  Жанайдар Омаров баяндама жасады. Қоғам қайраткерінің  өнегелі өмірі мен жүріп өткен сара жолдарына тың зерттеулер жасаған №45 «АқОрда» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Зейнеғалиев Еламан, №153 Ш.Есенов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Қалмағанбетова Құндызай, №47 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ысқақов Алмас, №241 орта мектептің 11 сынып оқушысы Досыбекова Қымбат, №219 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ермекбай Сымбат сынды жас зерттеушілердің еңбегіне зор ықыласын білдірген Исатай Әбдікәрімовпен қызметтес, замандас болған ел ағалары, ауданымыздың құрметті ардагерлері Р.Мауяев пен С.Аймахановтар естеліктер айтып, келешек ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.
Іс-шара соңында аудандық білім бөлімінің бастығы Қ. Оңғаров конференцияға қатысушыларды құрмет грамоталарымен марапаттап, мәдениет үйінің қызметкері Г.Бектегенова оқушыларға Исатай Әбдікәрімовтің «Көп екен көргеніңнен көрмегенім...» атты естеліік кітаптарды сыйға тартты.
Ұлт перзентінің еліне сіңірген ерен еңбегін ел жадында мәңгі сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шара аудандық әуез мектебінің сазды концертіне ұласты.

 

 

   


Hosted by uCoz