Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
     
                  Құрметтi ханымдар мен мырзалар !
                 Қымбатты балалар!

     Сiздермен жаңадан ашылған бетте қауышқаныма   қуаныштымын.   Бiлiм алуда ең батыл жоспарларды жүзеге   асыру үшiн барлық   мүмкiншiлiктерi бар. Бүгiнгi күнi   мемлекетiмiзде дарындарды   дамытуға, қолдауға iшiнде   шетелде бiлiм беруге жағдайлар   жасалған.   Елiмiз үшiн   алдына қойған мiндеттердi жоғары кәсiби   деңгейде   шешуге   қабiлеттi, бастамашыл жас мамандар қашан да   қажет.    Мектеп,  лицей, гимназия және басқа да оқу орындарының   оқушылары сапалы бiлiм алудың маңызын жақсы түсiнедi. Осы   орайда ауданның бiлiм жүйесiн жетiлдiруге және дамытуға   бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ескертулерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн.
    Осы бет өзiне қалың жұртшылықтың, оқушылар мен ата-аналардың ауданда  ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыруға мүдделi барлық азаматтардың назарын аудартады деген үмiтзор. Елбасы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мумкiндiктерi» халыққа Жолдауында: «Жастар — бiздiң болашағымыздың негiзi — өз болашағын құрудың жаңа мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi» — деп атап көрсеткен. Бiлiм саласының алдында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердi сiздермен бiрiгiп табысты iске асыратынымызға нық сенiмдiмiн.


                                                                         Құрметпен бiлiм бөлімінің бастығы
                                                                                                                       Қ.К. Оңғаров

   
 
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
                                 Ғылыми жоба жарысының жеңімпаздар
     2010 жылдың  20-21 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы №12 орта мектеп базасында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  облыстық ғылыми жоба жарыстары өтті. Облыс бойынша 9-11 сынып оқушыларынан 230 үміткер қатысқан бұл жоба жарысына  ауданымыздың №45, №46, №127, №252, №219, №207, №148, №41, №243, №205, №50, №150,   №153, №158, №214, №241, №181, №244, №141, №159 мектептерінен жалпы саны 51 оқушы жеке және топтық болып жұмыстарын қорғап  қатысты.   толығырақ 

                                                 Аңсаған асыл арман
     Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан, орақ тілді, от ауызды шешен елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Қазақ халқы ежелден дана, батыр халықпыз. Олар – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы» Бөгенбайдың бастау алып, тәуелсіздігіміздің тұғырына баспалдақ жасаған «Желтоқсан оқиғасы» - қайсар қазақ Қайрат Рысқұлбеков бастаған жалынды жастарымыздың жанкешті ерлігі жыл өткен сайын жаңғырып, ел есінде мәңгі сақталуда.  Тәуелсіздік үшін көтерілген «Желтоқсан оқиғасына» да 19 жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде Қазақстан қарқынды дамып жанымыз жаңарып, санамыз саралданды. Ұлтымыздың тілі, мәдениеті мен дәстүрлері қайта жаңғырды. Оның бір айғағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ға төраға болып, ТМД елдерінің арқасында төрағалық тізгінін бірінші болып ұстағаны, жаһандық дәрежедегі жиынның біздің Елордада өтуінің өзі біз үшін үлкен жетістік, мерейі мереке екені анық.
    Құрметті жерлестер, мен сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, туымыз тұғырлы, елтаңбамыз еңселі, әнұранымыз әлемді шарлайтын әуенді болсын, ұрпақтарымыз батыр бабалар, асыл даналар салып берген сара жолды мәңгі нұрландыра берсін демекпін!
                                    Рысдәулет Құдайбергенов, білім қызметкерлерінің
                                                  кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы

                        Тәуелсіздігіміз  тұғырлы болуы үшін...                  
      В. Чернышевский  кезінде «Өз  Отанының  уақытша  емес, өмірлік  даңқы үшін  және адам  баласының  игілігі үшін  қолдан  келгенді  аянбау- бұдан  да  ардақты,  қасиетті  тілек  бар  ма!»- деген  екен. Дархан  даласының  қойнауы тарих  шежіресіне толы қасиетті  мекенде  кешегі  өткен Исатай мен Махамбет, Кененсары мен Сырым  бабаларымыздың  өшпес іздері  жатыр. Қасық  қаны  қалғанша  қорғап, болашақ  ұрпаққа  аманат  етіп  қалдырған ұлан байтақ  елдің  егемендігін, тәуелсіздігін аңсап, ана  тілінің  аяқ  асты  болмауын, қазақ  деген қасиетті  халықтың  беделінің  биіктеуін  арман  еткен,  жалынды  жастарымыздың  азаттық  аңсап,  алаңға  шыққан  айтулы  «Желтоқсан  оқиғасына»  да  міне 19  жылдың  жүзі  болыпты. «Тарихты  елдің  азаматтары  жасайды. Қазақ  ұлты  басқа ұлтпен  салыстырғанда мемлекеттікке  лайық  екеніне  сенімдімін. Мұны ол  өзінің  бүкіл  тарихымен  дәлелдеп  отыр. Тәуелсіздіктің  тар  жол  тайғақ  кешуінен,  беттен  қағар  желінің  өсуінен  тайсалмауға тиіспіз» деп Елбасымыз Н.Назарбаевтың   айтқанын құптай  отырып, тәуелсіздігімізді  сақтап  қалу  үшін,  ұлы  істерге  ұмтылып, толағай   тірліктерге   тәуекел   етіп  келеміз. Соңғы  19  жылда  халықтың  бірлігі  мен бейбітшілігін   сақтап, экономикалық  даму  көкжиегін  кеңітіп, халықтың  тұрмысын  жақсартуда орта  және шағын  бизнесті дамытуға аса  мән  беріліп келеді. Еліміз БҰҰ-ға мүшелікке кірді. Еуропалық экономикалық  ынтымақтастық  ұйымына мүше болдық. Дамыған 50 елдің  қатарына  кіруге  жұмылудамыз. Жүрегі елім деп  соққан әрбір  қазақстандықтар, егемендікті  баянды  етуге еңбек  етіп, «елімізді  көркейту,  абыройын  асқақтату- міндетіміз!» деп санағанда  ғана ел  еңселі  болып, көркейіп  келе жатқан  Қазақстан  әлемге  танылары  анық. Тірегіміз-татулық болып, тәуелсіздік  туы  мәңгі  желбірей  берсін!
                                       Ізгі ниетпен, аудандық білім бөлімінің бастығы

        Тәуелсіздік  күні  қарсаңында, ауданымыздың  білім  саласында  қуанышты, елеулі  оқиғалар  болды. Солардың  бірі 90 орындық «Шұғыла» санаторлық  балалар бақшасы мен «Жиделіарық» елді мекенінен 150 орындық  білім ұясының  жаңа ғимаратының салтанатпен ашылып, пайдалануға берілуі. Салтанатты  ашылуға жазушы жерлесіміз Оразбек Сарсенбаевтың жұбайымен және Шымкент  қаласынан келген Жарылқасын Тұрабаев  қатысып, Шиеліліктердің қуанышымен  бөлісті.

1 желтоқсан бүкілдүниежүзілік СПИД – ке  қарсы күрес

    Қазақстанның қарқынды  дамуы-экономикамыздың, мәдениетіміздің, білім–ғылымымыздың күн сайын жаңалықтармен қарқынды алға басуы жасырын  емес. Бейбітшілікті, ынтымақтастықты  қолдайтын  бірден-бір ел  ретінде де көршілес  елдерге үлгі болып, әлемге танылып жатқан біздің Отанымызда яғни 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада, жаңа мыңжылдықта тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның VII Саммиті өтті. Оның жұмысына ұйымға мүше және серіктес елдердің, БҰҰ, ИКҰ, Еуропа Кеңесі, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ т.б. ірі халықаралық және өңірлік ұйымдардың 73 ресми делегациясы қатысты.
                                             Өнеге  өзімізден
    №244 Ы.Жахаев атындағы орта мектепте «Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі өзара қарым – қатынасы: мәселелер мен оны шешу жолдары» атты жиын болып өтті. Оған аудандық ІІБ және ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, мектеп инспекторлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, ата – аналар және «Жас ұрпақ» өзін - өзі басқару ұйымының көшбасшылары қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Есенбаев жүргізді. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Оңғаровтың «Жасөспірімдер арасындағы суицидті алдын алудағы білім беру қызметкерлерінің рөлі» хабарламасы тыңдалды.
толығырақ 

                                                Ұстаздар  жетістігі
    Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитеті мен облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау  институтының ұйымдастыруымен  облыстың шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерінің  тәжірибе алаңы 6-10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының «Ақсу-Жабағылы» шипажайында өз жұмысын өткізді. Тәжірибе алаңына облыс бойынша 65 мұғалім қатысып, онда ұйымдастырылған жұмыстар легі «Оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелері», «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары», «Оқытудың технологиялары мен интерактивті әдістері», «Оқыту үрдісін жобалау» тақырыбында өтті. Осы күндер аралығында өткізілген әр іс-шараға Шиелі ауданынан іріктеліп, жасақталған озат тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін 8 мұғалім белсене атсалысып, оқыту  үрдісіндегі озат тәжірибелерімен  жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымының көңілдерінен шығып жатты. Етілген еңбек еш кетпей, аудан мұғалімдерінің барлығы облыстық, республикалық деңгейдегі мақтау қағаздарымен марапатталды. толығырақ 

 

   


Hosted by uCoz