Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                                          Ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары

    2010 жылдың  20-21 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы №12 орта мектеп базасында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  облыстық ғылыми жоба жарыстары өтті. Облыс бойынша   9-11 сынып оқушыларынан 230 үміткер қатысқан бұл жоба жарысына  ауданымыздың №45, №46, №127, №252, №219, №207, №148, №41, №243, №205, №50, №150,   №153, №158, №214, №241, №181, №244, №141, №159 мектептерінен жалпы саны 51 оқушы жеке және топтық болып жұмыстарын қорғап  қатысты.   Жарыс ережесіне сәйкес бірінші күні оқушылар өз жұмыстарының бағытына қарай 14 секция бойынша жұмыстарын қорғап, жүлделі орындарды женіп алса,  екінші күні бейінді пәндерден тест тапсырды.  Бірінші күннің  қорытындысы бойынша жұмыстары жоғары бағаланған №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы  Қайырбек Әйгерім (жетекші мұғалімі Жакенова Кенжегүл) жүлделі 1 орынды, 10 сынып оқушысы  Жөкебаев Мұхаммед (жетекші мұғалімі  Шымбергенова Ұлбала) жүлделі 1 орынды,  9 сынып оқушысы Зейнеғалиев Еламан  (жетекші мұғалімі  Есмұхамедов Сәкен) жүлделі 3 орынды, №219 орта мектептін 11 сынып оқушысы Райымқұлова Ұлбосын  (жетекші мұғалімі  Фазылов Бақыт) жүлделі 3 орынды, 9 сынып оқушысы Қарқынбеков Садуақас (жетекші мұғалімі  Фазылов Бақыт) жүлделі 3 орынды, №207 орта мектептептін 11 сынып оқушылары Бабаомартегі Айдана, Бабаомартегі Гүлдана  (жетекші мұғалімі  Нұрмағанбет Шолпан) жүлделі 3 орынды,  Сейтматова Айгерім (жетекші мұғалімі  Сейітқадыр Гүлмира) жүлделі 2 орынды, №141 орта мектептін  9 сынып оқушысы Сейтқасымова Сымбат (жетекші мұғалімі Сайтов Мағжат) жүлделі 2 орынды, №244 орта мектептін 9 сынып оқушысы Нақыпова Ғалия  (жетекші мұғалімі Күзембаева Айсұлу) жүлделі 2 орынды, №214 орта мектептін 9  сынып оқушысы Есімова Арайлым (жетекші мұғалімі Сапаров Мейрамбек) жүлделі 3 орынды женіп алды. Екінші күннің қорытындысы бойынша тесттен жоғары ұпай жинаған  №45 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы  Қайырбек Әйгерім және  №207 орта мектептептін 11 сынып оқушылары Бабаомартегі Айдана мен Бабаомартегі Гүлдананың жұмыстары республикалық жарыстын іріктеу кезеңіне жіберілді.
    Жеңіспен оралған оқушыларды  аудандық білім бөлімінің басшысы  Оңғаров Қалилулла Кенбайұлы қабылдап құттықтады.
    Әрбір  білім  ордасында, балауса  жас  жеткіншектеріміздің  арасында  ғылымға  деген  құштарлығы  бар,  дарынды  оқушылар  өсіп    келеді. Олардың  қабілет-қарымын, түрлі  пәнге  деген  бейімділігін  дер  кезінде байқап, білімдерін  жан-жақты  толықтыра  отырып, ғылым  көкжиегіне  жетелеп, білім  шыңына  шығару  әрбір  ұстаздың  міндеті. «Бұлақ  көрсең  көзін аш»- деген  аталы  сөздің  астарында осы  ұғымдар  жатса  керек. Ғылымға  деген  алғашқы  бастамалары  сәтті  шығып  жатқан  шәкірттердің жетістіктері  ұлағатты  ұстаздардың  еңбегінің  жемісі. Олай  болса  біріміз  шәкірт,  біріміз  ұстаз  болып  ғылым  шыңын  бағындыра  берейік. Іске  сәттілік!
                                 Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері                                                                                                         Бауыржан Әбішев

                                  


 

 

   


Hosted by uCoz