Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           Қонақ кітабы

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
 

Жалпы білім беретін мектептерде МАБ
ұйымдастыру туралы

25.01.2010 ж. №23       

 

Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік
аралық бақылауды өткізу туралы

 

     «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымданында мемлекеттік аралық бақылау өткізу ережесінің», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы №1 және облыстық білім басқармасының 06.10.2010 жылғы №1 «2010 жылы Қызылорда облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында  мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» бұйрығы негізінде  БҰЙЫРАМЫН:

1. Ауданның жалпы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылау 2010 жылдың 15 ақпанында келесі пәндер бойынша өткізілсін:

1) оқытудың бастауыш  деңгейінде (4 сынып) – дүние тану;

2) оқытудың негізгі деңгейінде (9 сынып) – қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін– орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – қазақ тілі, шет тілі (ағылшын, неміс, француз) және дүние жүзі тарихы пәндері.

2. Барлық жалпы білім беретін білім ұйымдары:

1) Мектептерде МАБ өткізуді қамтамасыз етсін:

2) МАБ-ты өткізу кезеңдерінде аудандық білім бөлімі жанынан штаб №1 қосымшаға сәйкесбекітілсін.

3) Әрбір мектепте МАБ-ты өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамын бекітуге 2010 жылдың 5 қаңтарына дейін білім бөліміне ұсынсын.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.



                                                          Бөлім бастығы міндетін атқарушы:  Ж.Омаров

   
 

 

   


Hosted by uCoz