Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
                      
 
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
 

Кіріспе

?уатамлон м?най Жауапкешілігі Шектеулі Серіктестігі ?оныс ж?не Бектас м?най кен орындарын барлау ж?мыстарын ж?ргізуде. Барлау ж?мысыны? негізгі ма?саты кен орындардан барынша ке? к?лемді м?най шы?ару. Кен орынды барлаумен ?оса олар м?найы алын?ан кен орындар?а су айдауда. Су айдау ж?мысын толы? ат?ару?а ма?айда?ы жер бетіндегі  су ?оры болма?анды?тан олар жер асты т?ран су ?орын пайдаланба?. Бектас м?най кен орнында б?рын жер асты су ?оры табылмы?ын. Ал ?оныс кен орнынан ол табылып ?Р МКЗ бекітілген. ?нерк?сіптік категориясы В ол дегеніміз к?ніне 2500 м к?лемде пайдалану?а болады. (Хаттама №566-07-У  30.01.2007 ж)
         Бектас м?най кен орнын толы? зерттеу ж?мысы жер асты ?абат ?ысымын са?тау ?шін техникалы? суды? 995/м3 сут к?лемдк керек екені аны?талды.Осы?ан байланысты

2010 жылдың 8 қазанында Шиелі ауданы №219 Ы.Алтынсарин орта мектеппен Нартай ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбында аймақтық оқу - әдістемелік семинар болып өтті. Бұл семинарға облыстық білім басқармасы маманы Ж.Сыздықова, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілік арттыру және қайта даярлай институтының директоры Б.Елеусінов және бастауыш кабинет қызметкерлері, Қызылорда қаласы мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, Жаңақорған ауданы білім бөлімі әдіскерлері және пән мұғалімдері қатысты.  Семинарға жалпы 75 мамандар мен пән мұғалімдері қатысты.
толығырақ
 
Көкшоқы елді мекеніндегі «Арман» мәдениет үйінде 8 қазанда аудандық әкімдік пен білім бөлімінің ұйымдастыруымен «И.Әбдікәрімов - елінің ұлы, жерінің перзенті» атты мектеп оқушыларының ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Сыр елінің түлегі, ауданымыздың өркендеп дамуына зор үлесін қосқан қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, ғасыр адамы атанған Исатай Әбдікәрімовтің өмірі мен ел басқару ісіндегі өнегелі қызмет жолы жөнінде аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жанайдар Омаров баяндама жасады. Исатай Әбдікәрімовпен қызметтес, замандас болған ел ағалары, ауданымыздың құрметті ардагерлері Р.Мауяев пен С.Аймахановтар естеліктер айтып, келешек ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.
толығырақ
 

  Ұстаз мамандығы  қай кезде де  әлемдегі ең киелі мамандық саналады.
Жас ұрпақтың  бойына ізгілік дәнін сеуіп, ұлағат ұялатқан, білімге жетелеген     ұстаздар-ең абзал, ең асыл, ең мәртебелі жандар.
Қазан айының 4-ші жұлдызында Халықаралық мұғалімдер күніне орай  «Білімнің шырағы, баланың бағбаны мұғалім» атты мерекелік кеш «Сыр сұлуы» мейрамханасында болып өтті. Салтанатты мерекелік кешке аудандағы білім  мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар, озат ұстаздар және кәсіби мерекемен құттықтау үшін түрлі сала, бөлім меңгерушілері қатысты. толығырақ
 

2010 жылдың  23 қыркүйегінде  Шиелі ауданындағы №127 мектеп-лицейінде «Инновациялық білім беру ұйымы: үлгісі, даму үрдістері, тәжірибесі»  атты  облыстық форум  болып өтті. Форумға  облыстық білім басқармасының  бастығы Ж.Жонтаева, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  және қайта даярлау институтының қызметкері С.Құсейінов, аудан әкімінің орынбасары  Б.Есенбаев, аудандық білім бөлімінің  бастығы Қ.Оңғаров және облыс көлеміндегі  20 мектеп-лицей мен мектеп-гимназиясының  директорлары қатысты. Облыстық білім басқармасының бастығы Ж.Жонтаева  қазіргі таңдағы білім беру барысындағы өзекті мәселелерге  тоқталып, білім сапасын көтеру және әсіресе  басқа мектепке үлгі  боларлықтай  дарынды балалар мектебінің жұмыстарын жандандыру жөнінде  мәселе қозғап, мектеп басшыларымен пікір алмасты.
Ардақты ұстаздар!

Баршаңызды Ата Заңымыздың 15 жылдық мерейтойымен қатар келген жаңа оқу жылының алғашқы күні – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дана халқымызда «Оқу инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаса керек. Осы қиын да күрделі салада тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға мықты денсаулық, қажырлы қайрат, шығармашылық табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Шәкірттеріңіз еңбектеріңізді жандырып, білімділіктерімен әлемді бағындырып, егеменді еліміздің мерейін үстем ете берсін! Жаңа оқу жылы құтты болсын, құрметті ұстаздар!

               
Ізгі ниетпен, аудандық білім бөлімінің бастығы
 20 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі заманғы дамыту стратегиясы: жаңа талаптары, жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында аудан білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті. Кеңес басталғанға дейін Мәдениет үйінің кіші залында «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім негізі» тақырыбындағы көрме (электронды және стенді түрінде), оқу-әдістемелік кітап көрмесі, он-лайн режимінде сұхбат («Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша байланыс ұйымдастыру) жүргізілді және дөңгелек стол басында сұхбат немесе журналистермен брифинг өткізілді.

толығырақ 

Шиелі ауданы білім мекемелерінде «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізу жөнінде іс-шара жоспары және әзірлеу, ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. «Мектепке жол» атты акция және 1 тамыз бен 12 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі акциялары салтанатты түрде білім мекемелерінде аталып өтуде. Сонымен қатар барлық білім беру мекемелерінен «Мектепке жол» акциясының өту кестесі алынды. Оған барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ата-аналар қауымы, мекеме басшылары және кәсіпкерлер мен мердігерлер  қатыстырылуда. «Мектепке жол» атты және «Мектеп жәрмеңкесі» акциялары аудандық «Өскен өңір» газетіне жарияланып, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

толығырақ 

 

   


Hosted by uCoz