Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                        Білім қызметкерлерінің 2010 жылғы тамыз кеңесінде «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі заманғы дамыту стратегиясы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында білім бөлімі бастығы Қ.Оңғаровтың   баяндамасының желісі

        Құрметті білім беру қызметкерлерінің тамыз мәслихатына                қатысушылар, қадірлі қонақтар, құрметті Нұрлыбек Мәшбекұлы, 
                                                       құрметті ұстаздар!


Әрбір  мемлекеттің білім беру жүйесі -ұлттық қауіпсіздігін, даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын  көрсететін біртұтас құрылым. Ұлылар еңбектеріне үңілсек, данышпан Абай “Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де  адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі, бірақ сол білім алудағы мақсат мансап, мақтан үшін емес, халық кәдесіне, көптің керегіне жарағаны игі» деп түйіндейді.
Қазіргі өзгермелі заманда, жаһандану тұсында,біздің ойымызға кіріп те шықпаған жаңа технологиялардың көз ілестірмес жылдамдықта дамуы-  қоғаммен  үйлесімді өмір сүру үшін әрбір ересек адам мен жас жеткіншектің білімге салғырттығын көтермейді.Сондықтан  Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Білім беру жүйесіне қатыстының барлығы  біздің еліміздің болашағына қатысты» деп атап көрсеткендей, тәуелсіз Қазақстанның дамуының алғышарты бәсекеге қабілетті отандық білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Елбасымыз жыл сайын  халыққа  Жолдауында  мемлекетіміздің білімі мен ғылымының дамуына баса назар аударып, білім саласының алдына маңызды мақсаттар қойып келеді. Аудандық білім беру мекемелері Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын  болады» деп атап көрсеткендей барлық баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуіне қол жеткізу үшін арнайы «Балапан» бағдарламасы негізінде ауданымызда тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда біршама  жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде ауданымызда 20 балабақша, 2 шағын орталықта 1737 бала қабылданып, мектепке дейінгі мекемемен қамту  44,5 пайызды құрауда.
Намысы биік  қайсар халқымыз сәбиін бесігінен  «батыр болар ма екенсің?» деп әлдилей отыра, өсер баланың үмітін ел арманымен астастырған. Жас ұрпақтың бойына адамгершіліктің алау сезімін маздату, жан-жақты дамыған, білімді етіп тәрбиелеу әрекеттері  бала бақшадан бастау алары сөзсіз.
Балабақшаларды  жаңа стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, материалдық – техникалық базасын  жақсартуда біршама жұмыстар жүргізілуде. Ол  стандарт бойынша мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу процесінде  бағалау  ұйымдастыру және дидактикалық процестерде жақсы жаңалықтар орын ала бастады. «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Балабақшалардағы топқа бала қамтылу  санына өзгерістер енді.
2010-2020 жылдар аралығында облыс әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы №785 қаулысына сәйкес  балабақшасы жоқ 13 елді мекендерге балабақша құрылысын жүргізу және 6 балабақша жаңартылуға,барлығы 19 балабақша  жаңа құрылысын салу жоспарға енгізілді.
2010 жылы Шиелі кентінен типтік жобадағы 90 орынды «Кәусар» балалар бақшасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Шиелі кентінен  санаторлы балалар бақшасының құрылысы басталды.  
«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы  күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен «Жансая» бала бақшасына 13 933,0 мың теңге  бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.                 
2011 жылы «Жол картасына» «Құлагер», «Мұрагер» балалар бақшасын енгізу жөнінде жұмыстар (сметасы, сараптамалары дайын) атқарылуда.
2010 жылдың аяғына дейін аудандымызда мектепке дейінгі мекемеге балалардың қамтылуы 50 % - ға артады деп толық сеніммен айтуға болады. Осыған орай  қазірдің өзінде мектеп жанынан шағын орталықтар ашылып жұмыс жасауда.  №181 орта мектеп жанынан ашылған шағын орталыққа мемлекет тарапынан 4 млн 960 теңге, №241 орта мектеп жанынан ашылған шағын орталыққа 4 млн 959 теңге қаражат жұмсалып, 2009 жылдың  қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда №40 мектеп жанынан шағын орталық ашуға 2 млн 502 тенге, №150 мектеп жанынан ашылатын шағын орталыққа 4 млн 454 тенге, №206 мектеп жанынан ашылатын шағын орталыққа 2 млн 502 тенге қаражат бөлініп, қыркүйек айынан бастап іске қосылады деп күтілуде.
Мектепке дейінгі мекемесі жоқ елді мекендерден жеке балабақша ашу жолға қойылды. Еңбекші ауылынан «Әділжан» жеке балабақшасы ашылып 45 бала қамтылса, Досбол би ауылынан «Береке» жеке балабақшасына 40 бала қамтылды, сонымен қатар Шиелі кентінен «Ақсерен» жеке балабақшаға 50 бала, “Байғали» жеке балабақшасына 40 бала қамтылып  жұмыс жасауда. Келешекте лицензиясы берілген Бестам ауылынан 40 орындық жеке  балабақша, Бидайкөл  ауылынан  60 орындық  балабақша  ашуға қаражат сұралып жатыр.
Бидайкөл ауылындағы жекешелендірілген 50 орынды балабақша ғимаратына 50000,0 мың теңге,  жаңадан ашылатын Ақмая елді мекенінде балабақшаға 15 180,0 мың теңге қажет болса, инклюзивті топтар мен логпедиялық пункттер, шағын  орталықтар ашуға қажетті қаржы есептелініп жергілікті, облыстық бюджеттен сұралуда.   2020 жылға дейін ауданның барлық елді мекендерінде балабақша жұмыс жүргізетін болады.  Алдағы уақытта білім бөлімі осы бағытағы жұмыстарды онан әрі жүргізе береді.   
Ауданда 40 мектеп (оның 32-сі орта, 5-уі негізгі, 3-уі бастауыш), кешкі мектеп, 3 мектептен тыс мекеме («Сыр ұланы» тынығу жайы, Әуез мектебі және Оқушылар Үйі) бар. Білім мекемелерінде барлығы 2600 мұғалім бар болса, 15991 оқушы білім алуда.   Жоғарғы  санаттағы мұғалімдер 45;  I- санаттағы мұғалім  833; II- cанаттағы мұғалім 760;   әр түрлі разрядтағы мұғалімдер  962; Биылғы   жылы  365  мұғалім біліктілік арттыру  курстарынан өтті.
Білім мекемелеріндегі  ұстаздардың ең төменгі 0,25-0,5 ставка аралығында жұмыс жасайтындары 76; 0,5-0,75 ставка аралығында 761; 0,75-1 ставка аралығында 1056;  1  ставкадан жоғары  419;  Білім мекемелеріндегі  ұстаздардың  санының  белгіленген штат мөлшерінен көп болуы  яғни сағат санының жетіспеушілігі  қазіргі  білім  мекемелеріндегі түйіткілді мәселелердің бірі. Осы орайда  келешекте  әрбір мұғалімнің  сағат санын толықтыру  мақсатында жұмыс жасау қажеттілігі туындап отыр. Жаңа мемлекеттік стандарта көрсетілген 10-11 сыныптардың  бағдарлы пәндер бойынша екі топқа бөлінуі, осы уақытқа дейін дене шынықтыру пәні сағаттары 2 сағаттан болса жаңа стандарт бойынша 3 сағат болып белгіленуі, мектеп жанынан шағын орталықтардың ашылуы, келешекте                      «12 жылдық білім беру» стандарты енгізілген жағдайда  пәндер бойынша сағат сандарының  артуы   біздің бұл түйткілдерді шешуімізге  мүмкіндік береді.
Аудан  мектептерінде 31 мектепте мультимедиялық кабинет, 37 мектепте интерактивті тақталар, 1123 компьютер бар, 1 компьютерге  14,2 оқушыдан келеді. 40 мектеп интернет желісіне қосылған, оған бөлінген қаржылар толық игерілуде. Білім мекемелерінің  барлығында  интернет сайдтар ашылып жұмыстар  жүргізілуде. Бұл тұрғыда әрбір мектептің  информатик және програмист мамандары жүйелі жұмыс жүргізуі керек.
Аудандағы  білім мекемелерінде 1-11 сынып аралығында  оқушылардың оқулықпен қамтылуы  100 пайыз. Биылғы оқу жылына  оқушыларды оқулықпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 13 000, млн тенге  қаржы қаралды.
2009-2010 оқу жылында «Жол картасы»бағдарламасы бойынша Республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 307 млн 565 мың теңге бөлініп,8 мектеп және 7 балабақша күрделі жөндеуден өткізіліп, Ортақшыл ауылындағы №150 орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілсе,   2010-2011 оқу жылына даярлау барысында мектептер мен балабақшаларды күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен барлығы  87 502,0 мың теңге бөлініп, Республикалық бюджеттен №45«Ақ Орда»мектеп-гимназиясына 34 596,0 мың, №46 мектепке 38 973,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді.Білім мекемелерінің жай жөндеу жұмыстарына 12 098,0 мың теңге қаржы бөлініп  игерілді.
Білім мекемелерінің  40-ы жеке қазандықпен және 18 пеш арқылы,  56 мекеме қатты отынмен 2 мектеп сұйық отынмен жылытылады.  Казіргі таңда, білім саласына  2010 жылы жылуға бөлінген 63 867,0 мың теңгенің 37 175,0 мың теңгесін игеріп, 26 692,0 теңге қаржы сақталуда, 2010-2011 жылу маусымына 50 239,0 теңге қаржы қажет етілуде.
«Жиделіарық» ауылынан 150 орынды мектеп құрылысы жүргізілуде, ол 2010 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.  2011 жылы «Жол картасына» №219, №158, №152, №149, №49 мектептерді  енгізу жөнінде жұмыстар (сметасы, сараптамалары дайын) атқарылуда.
Апаттық жағдайдағы  және ғимараттың ескіруіне байланысты 16 мектеп  құрылысы 2010-2020 жылдар аралығындағы облыс әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы №785 қаулысына сәйкес жаңа құрылысын салу жоспарына енгізілді.  №45 «Ақорда» мектеп-гимназиясы жанындағы интернат үйінің құлау қауіпінде болуына сәйкес, Жахаев ауылындағы №149 орта мектептің ескі ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшірілді. Интернаттағы  орын саны  25- тен   50- ге арттырылды.
Мемлекетіміздің  жас жеткіншектерімізге жасап жатқан жан-жақты жағдайы, қамқорлығы зая кетіп жатқан жоқ деп айтуға болады. Оқушыларымыз білім сайыстарында өздерін білімділігімен көрсете білуде.  2009 жылы  қараша айында оқушылардың 13 пәннен  мектепішілік олимпиадасы өткізілді, оған 3746 оқушы қатысты,  олимпиадада І орын алған 8-11 сынып оқушыларының 765-і аудандық пәндік олимпиадаға қатысты. Ол 2010 жылдың  қаңтар айында            №244 Ы.Жахаев атындағы орта мектепте өткізілді. Аудандық олимпиадада жүлделі І орын алған 29 оқушы облыстық пәндік олимпиадаға қатысып, онан 5 оқушы жүлделі орынды иеленді. Олар:  1. Ембергенова Айбарша Жолдасқызы - №142 орта мектептің 10 сынып оқушысы,география пәнінен ІІІ орын,пән мұғалімі Базарханова Назерке. 2.Тілеулиева Меруерт Қорғанбекқызы-№45 «Ақорда» мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы, қазақ тілі пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Әбсадықова Шолпан
3.Аманқұлова Ұлдана - №45 «Ақорда» мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Құдайбергенова Әсия
4. Нұртаева Жансая -№149 орта мектептің 10 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Биімбетова Коммуна
5. Досыбекова Қымбат - №241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы, қазақ тілі пәнінен ІІ орын пән мұғалімі Арыстанбекова Айнұр.
Қызылорда қаласында өткізілген республикалық олимпиадаға қатысқан №241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Досыбекова Қымбат Балғабайқызы қазақ тілі пәнінен ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.
Аудан бойынша 28 мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған, оған 800 оқушы тартылған. Павлодар қаласында Пвлодар мемлекттік университетінің базасында өткен «10- Сәтпаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияға №127 мектеп-лицейінен 9 оқушы қатыстырылып, барлығы жүлделі орын иеленді. Үстіміздегі жылы мамыр айында Алматы қаласында өткен «Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының республикалық конкурсына  №219 орта мектептен 4 оқушы, №159 мектептен 2 оқушы, №244 орта мектептен 1 оқушы, №148 орта мектептен 1 оқушы жалпы саны 8 оқушы қатыстырылып, арнайы дипломдармен марапатталды.
«Экологиялық тұрақты дамуға арналған балалар бизнес жобасы» республикалық  байқауына ауданымыздан 2 оқушы қатыстырылып, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Білім сапасын арттыру-Қазақстанның  тұрақты  дамуы мен бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету кепілі дер болсақ ,біздің берген біліміміздің қаншалықты сапалы екендігі ҰБТ тапсыру кезінде айқындалып жатады.
Аудандық білім бөлімінің «Ұлттық бірыңғай  тестке дайындық жөнінде» іс- шаралар  жоспары бекітіліп,  жүйелі  түрде жұмыс жүргізілді. Наурыз айынан бастап  кентке жақын орналасқан мектептердің 11 сынып оқушыларымен кешкі мектептің базасында күнделікті сабақтан тыс уақытта 350 оқушыға, білікті өз мамандығын жетік білетін, тестке оқушыларды даярлауда тәжірибе жинақтаған 32 мамандарды тарта отырып, негізгі тестке енгізілген пәндерден дайындық жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері дайындық уақытында кезекшілік ұйымдастырылды.  Басқа мектептердің 375 оқушыларын  сабақтан тыс уақыттарда мектептерінде арнайы кестеге сай пән мұғалімдері жұмыс жасады. Оқушылардың көктемгі демалысы кезінде №45 «Ақорда» мектеп-гимназиясында ерекше үлгідегі «Алтын белгі» және үздік аттестатқа үміткер оқушылар арнайы тестке дайындалды. Сондай-ақ мамыр айында ұлттық бірыңғай теске бекітілген аудитория кезекшілерін арнайы оқушыларды тестке дайындауға психологиялық тренигтер өткізуге психолог мамандарды тарта отырып, үйретілді. Оқушылардың жан-жақты дайындалуына жасалған жағдайлардың арқасында, биылғы жылда едәуір алға басушылық байқалды.                 
2009 жылы ҰБТ-ға қатысқан  608 оқушының орта балы  74,2% құраса, 2010 жылы тестке қатысқан  643  оқушы  (73 пайыз), аудан бойынша орта балл-  89,71, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,5 баллға артық.     Ең жоғарғы көрсеткіш 102 балл №45 «Ақорда» мектеп-гимазиясы, №127 мектеп-лицейдің орта балы-100,66, №150 орта мектептің орта балы-100,46, ең төменгі көрсеткіш №228 орта мектеп орта балы-73,25, №50 орта мектеп -74,27, №159 орта мектеп -76,93 балл.
Ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатына ұсынылған 14 оқушының 12 (№45 мектеп-гимназиядан-4, №47 мектептен-4, №46, №150, №152, №153 мектептерден -1), үздік аттестатқа ұсынылған 3 оқушының 2-уі (№219 мектептен-2) өз білімдерін дәлелдеді.       Жоғарғы оқу орнына түсу  мүмкіндігіне ие болған  мемлекеттік грант  иегерлері саны  2009 жылы -  242   болса , 2010 жылы - 263 болып  18 грантқа артып отыр. Осы жетістікке  ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегі мен білімділігі және бүкіл білім қызметкерлерінің  ұйымшылдығының арқасында жетіп отырмыз.
Аудан білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдары талаптарына сай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Тәрбие тұжырымдамасы» мен «ҚР білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасы» басшылыққа алынса, тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша мазмұны, түрлері, өзара қарым қатынас моделі және байланыс ортасы айқындалған.
Білім мекемелерінде діни экстремизмнің  алдын   алу  бағытында және діни түсінік, имани  тәрбие беру жұмыстарыда назардан тыс қалған емес. Діни экстремизмнің  алдын   алу  бағытында және діни түсінік жайлы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жылына 2 рет атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.              Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың талаптарына сай идеологиялық жұмыстарға жете мән беріп, құқықтық оқудың жүргізілу сапасына баса назар аударып, түрлі діни ағымдар мен оның ішінде экстремистік пиғылдардың ұйымдастырылуына жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Ауданда жасөспірімдер арасында аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінде  2007-2008 оқу жылында 23 оқушы, 2008-2009 оқу жылынды 21 оқушы, 2009-2010 оқу жылында  13 оқушы есепте тұрады.
Тәрбие жүйесі міндеттерін шешу барысында туындаған мәселелерді айқындауда  әлі де жүйелі жұмыстар атқаруы қажет.  Көбінесе бала тәрбиесіне селқос қарау, мектеп әкімшілігіне бала тәрбиесін ысырып қою күннен-күнге белең алып келеді. Ата-ана тарапынан баланың бос уақытын кіммен, қалай өткізетіні, қай жерде немен айналысатыны жіті қадағаланбайды. Аудан бойынша қылмыс саны азайғанымен, бұл көрсеткіш көңілден шықпайды. Сондықтан аталған мәселеге байланысты жұмысты жақсарту мақсатында бірқатар мақсаттар қойып жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы ауданда қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі есебінде қорғаншылық пен қамқоршылық және патронат тәрбие тағайындалған 37 жетім бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 48 бала тіркелген. Барлық 85 баланың 51-і қорғаншылықта, 6-ы қамқоршылықта, 28-і патронаттық тәрбиеде. Өткен жылдармен салыстырғанда, жетім балалардың саны тұрақты сақталуда.
Мектептердегi аз қамтамасыз етiлген отбасы, жетiм, жартылай жетiм балалардың арнайы есебi алынып, оларға қамқорлық көрсету үшiн 2009 жылы бюджеттен жалпыға бірдей міндетті оқу қорына 51 476,0 мың теңге бөлінсе, 2010 жылы  60 760,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Қала сыртындағы «Сыр ұланы»лагерінде  2010 жылы  бес кезеңде 550 бала демалды, оның 302-і жетім, жартылай жетім, көпбалалы,  238-і тұрмысы төмен отбасы балалары, 10 оқушы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше және мектепішілік есебінде тұрған балалар.
Осы жылы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 17 баланы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ақсу-Жабағылы», «Бәйшешек» лагеріне, Астана қаласына саяхатқа 16 бала жіберілді.  Италия елінің Чезенатико қаласындағы «Эни» жазғы сауықтыру лагеріне  шілде айында 5 бала, аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен, жартылай жетім, көпбалалы отбасындағы 100 бала  жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан шілде  айында  Астана қаласына саяхатқа жіберілді.    
18 мектеп жанынан бір мезгіл ыстық тамақпен  күндізгі лагерь жұмыс жасады, оған 1230 бала тартылды. Бұл мақсатқа жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан  3 690 мың теңге бөлінді.
Аудандағы 40 мектептің 1-10 сынып аралығында 15100  оқушы болса, олардың 1230–ы мектеп жанындағы бір мезгіл тамақпен ұйымдастырылған лагерде, мектеп жанындағы тамақсыз лагерде 3760, «СырҰланы» лагерінде 550 бала, көркейту, көгалдандыру топтарында 2753, құрылыс және жөндеу топтарында 2345, аулалық клубқа 605, экскурциялар мен жорықтарға 2080 бала қамтылды.Жалпы жаз мезгілінде демалған  бала саны 13434.
Біз Қазақ халқы тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шырағын білім мен қоса өнер деп ұққан халықпыз.Оқушы дүниетанымын қалыптастыруда, оларды әсемдікке баулуда өнердің  орны ерекше.Өзге елдерге өзімізді танытатын ғылым-білім, спортпен қоса өнер болып табылады.Өнерлі ұстаздардан өнеге алып,өнерге қанат қаққандар саны күн санап көбейіп келеді. Атап айтар болсақ   Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы Жамбыл» атты мектеп оқушыларының айтысында №47 орта мектеп оқушысы Сұлтанхан Мейірбек бас жүлдені иемденді. Бала-би ауылының ұстаздарынан құралған Хор ұжымы облыстық конкурста 3-орын иеленді.. Аудандық балалар әуез мектебінің «Ақ желкен» бишілер тобы  «Айгөйлек»Республикалық телебайқауда  2-орын иеленді.
«Бірінші байлық денсаулық»-деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат-міндеттердің бірі адамның хал-ахуалы мен  «Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өрениетті елдің әрбір азаматының дені сау болуы шарт. Білім мекемелерінде дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылуда. Аудан  мектептерінде 23 спортзал, 10 ыңғайластырылған кабинет, 109 спорт алаңдары бар. 156 спорттық үйірме топтарына 6557 оқушы (43 пайыз) қатысады.  Бұл жалпы оқушылар санының 43 пайызын құрайды. Оның ішінде 12 мектепте спорт үйірмелеріне ақы төленсе, қалған үйірмелер ақысыз, қоғамдық негізде жүргізіледі.
2009 жылдың қараша айында  облыстық  білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастырумен Қызылорда қаласында өткен «Алғашқы әскери дайындық пәнінің үздік оқытушы-ұйымдастырушысы» облыстық  конкурсына №142 мектептен Кенжебаев Хамаш қатысып бас жүлдені жеңіп алды.
2010 жылды ақпан айында Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан өткен облыстық біріншілікте оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Б.Мизамбаевтың шәкірттері Бекжанова Жанерке мен Кенжебай Олжастар жеңімпаз атанды.  2010 жылдың наурыз айында оқушылардың облыстық спартакиада ойыpндарында президенттік көпсайысшыларымыз 2-ші, волейболшы ұлдарымыз 3-ші орындарды иеленді. Маусым айында футболдан облыстық «Былғары доп» жарысында 1995-1996 жылы туылған жасөспірімдеріміз облыстық жарыста 1-ші орынды жеңіп алып  Қарағанды қаласында өткен республикалық жарысқа қатысып  алғашқы 8 команданың қатарынан көрінді.   №50 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және «Көкшоқы спорт мектебінің жаттықтырушысы Мұсатаев Сламханның тәрбиелеп жатқан таеквондошы қыздарының жетістіктері жетерлік.
Тамыз айында №50 мектеп оқушысы Ақниет Садықова Ақтау қаласында әйелдер арасында таеквондодан өткен Қазақстан кубогын сарапқа салу жарысында жеңімпаз атанып «Қазақстан спорт шебері» атағын алып қайтты.      Оқушылардың жан-жақты білім алып,бос уақытын тиімді пайдаланып, қызығушылығын арттыруда аудандық қосымша білім беру мекемесінің атқарып жатқан істері  айтарлықтай. Үйірме оқушылары түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындармен оралуда. «Балаларды қоршаған орта туралы» атты тақырыптағы облыстық суретшілер байқауында Төлегенов Жарылқап, Дайрабеков Ильяс, Сәтбаева Жансая, «Ұлттық қолөнерден»Байсымақова Жансұлу ерекше көзге түсіп, алғыс хаттармен марапатталды. «Ақындар мектебі» үйірмесінің оқушылары Әлкедаев Айдос, Әбілда Олжас  «Аман Қоспанбаевті еске алуға арналған «Ұстазым менің, ұстазым» атты облыстық жас ақындар айтысында 3-ші орынмен марапатталды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің  II-съезінде сөйлеген сөзінде «Еліміздің ертеңі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»-деп атап көрсеткендей қазіргі уақыт талабы шәкірт білімділігінің тереңдігін қажет етеді, бұл талап күн өткен сайын мұғалімге міндет үстіне міндет жүктейді. Осы орайда аудандағы білім ошақтарында ерен еңбегімен елге танылып, шәкірт пен ата-ана алғысына бөленіп, толағай табыстарымен қуантып жүрген ұстаздарымыз аз емес.Облыс әкімінің 2009 жылғы қазан айындағы гранты және «Үздік мұғалім» конкурсы жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша  №252 орта мектеп директоры, информатика пәнінің ұстазы Пернеев Мұқаш 1-орын,№45 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Құрманбаева Миуа 1-орын, №207 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі  Бодықова Гүлшат 3-орын, №219 мектептің технология пәнінің мұғалімі Фазылов Бақыт 3-орын иеленді.
Жас өрендеріміздің  өскелең елдің өнегелі ұрпағы болып қалыптасуына жол ашу - мемлекетіміздің ең маңызды  міндеттерінің бірі. Білім саласына жасап жатқан Елбасының шексіз қамқорлығының арқасында жағдайымыз күнен-күнге  жақсарып, білім көкжиегі кеңи түсуде.Білімнің биік шыңдарын бағындыру мақсатындағы  майданда нағыз күрескерлер –ұстаздар. Қаншалықты ұстаздарымыз білімді де білікті, жаңашыл, ізденімпаз болса шәкірттердің де  білімі соншалықты терең болмақ.  Алдағы басталғалы отырған  жаңа оқу жылы Қазақстан Республикасының 15 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр және білім мекемелерінің барлығында «Өзін -өзі тану» пәні енгізіліп, жаңа білім стандарты бойынша  жұмыс жүргізіледі.  Дана халқымызда «Оқу инемен құдық  қазғандай» деп бекер айтпаса керек. Осы қиын да күрделі салада  тынымсыз еңбек етіп жүрген  ұстаздарымызға  мықты денсаулық, қажырлы қайрат, шығармашылық табыс, отбастарыңызға  амандық тілеймін. Шәкірттеріңіз  еңбектеріңізді жандырып, білімділіктерімен  әлемді бағындырып, егеменді еліміздің мерейін үстем ете берсін!

 

   


Hosted by uCoz