Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                 Ұстаздар  жетістігі

    Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитеті мен облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау  институтының ұйымдастыруымен  облыстың шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерінің  тәжірибе алаңы 6-10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының «Ақсу-Жабағылы» шипажайында өз жұмысын өткізді. Тәжірибе алаңына облыс бойынша 65 мұғалім қатысып, онда ұйымдастырылған жұмыстар легі «Оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелері», «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары», «Оқытудың технологиялары мен интерактивті әдістері», «Оқыту үрдісін жобалау» тақырыбында өтті. Осы күндер аралығында өткізілген әр іс-шараға Шиелі ауданынан іріктеліп, жасақталған озат тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін 8 мұғалім белсене атсалысып, оқыту  үрдісіндегі озат тәжірибелерімен  жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымының көңілдерінен шығып жатты. Әсіресе, №159 мектеп мұғалімі  М.Сейтжанова бастауыш сынып оқушыларына дайындаған көрнекі құралымен, №45 мектеп-гимназия  мұғалімі Д.Алшынбаева даярлаған кітап оқуға қызығушылығын ояту дәптерімен идеялар аукционында ерекше қызығушылық тудырды. Тәжірибе алмасу семинарында №142 мектептің технология пәнінің мұғалімі Т.Жүсіпбаевтың жоба жұмыстары мен №244 мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Нұртаевтың Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты ұсынған жұмыстары жоғары бағаланды. №46 мектептің химия пәнінің мұғалімі Қ.Жұманазарова, №127  мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі А.Ахметованың үйірме, бағдарлы курсқа жасақтаған авторлық бағдарламасы, оған жасалған оқушы дәптерлері көпшіліктің қолдауына ие болды. Ең үздік педагог портфолиосы бағыты бойынша облыс мұғалімдерінің ішінен №127 мектеп мұғалімі А.Ахметова мен №153 мектептің бастауыш сынып мұғалімі А.Оралбаеваның жасақтаған жұмыстары үздік деп танылып, облыс көлеміне таратылды. А.Оралбаева бұған қоса, мұғалімнің  өз білімін жетілдіру ,өзіндік даму жоспарын облыс мұғалімдеріне таныстырды. Тәжірибе алаңында өткізілген  ресми шараларда «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясынан дәріс беруші, ғалым Ж.У.Кобдикова төрелік жасап, аудан мұғалімдерінің жұмысына жоғары баға берді. Аудан мұғалімдерінен жасақталған топқа жетекшілік еткен аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Әбішев шеберлік сыныбында өз жұмысының жүйеленген бағытын байқатып, нағыз әдіскер екенін танытқан бірден-бір жан екенін облыс мұғалімдері мойындады. Қорытынды дауыс берудің нәтижесі бойынша Бауыржан  «Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибе алаңының Жұлдызы» атанса, №142 орта мектептін  мұғалімі Т.Жүсіпбаев «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясын жеңіп алды. Аудан мұғалімдерінің қатысқан ресми, бейресми іс-шараларда жинаған ұпайлары жоғары дәрежеде болып, шығарылған рейтингі қорытындысымен жүлделі  бірінші  орынды иеленді. Бұған қоса облыстық дебат клубының белсенді мүшесі, №45 мектеп-гимназиясының директоры Ж.Баймұратова өткізген «Қазіргі қоғамдағы мұғалім мәртебесі мен беделі» атты дискуссия жұмысы мұғалім қауымының өзекті мәселелерін қозғап, пікірлер тоғысын тартымды өткізді. Етілген еңбек еш кетпей, аудан мұғалімдерінің барлығы облыстық, республикалық деңгейдегі мақтау қағаздарымен марапатталды.

                                  


 

 

   


Hosted by uCoz