Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
     
                  Құрметтi ханымдар мен мырзалар !
                 Қымбатты балалар!

     Сiздермен жаңадан ашылған бетте қауышқаныма   қуаныштымын.   Бiлiм алуда ең батыл жоспарларды жүзеге   асыру үшiн барлық   мүмкiншiлiктерi бар. Бүгiнгi күнi   мемлекетiмiзде дарындарды   дамытуға, қолдауға iшiнде   шетелде бiлiм беруге жағдайлар   жасалған.   Елiмiз үшiн   алдына қойған мiндеттердi жоғары кәсiби   деңгейде   шешуге   қабiлеттi, бастамашыл жас мамандар қашан да   қажет.    Мектеп,  лицей, гимназия және басқа да оқу орындарының   оқушылары сапалы бiлiм алудың маңызын жақсы түсiнедi. Осы   орайда ауданның бiлiм жүйесiн жетiлдiруге және дамытуға   бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ескертулерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн.
    Осы бет өзiне қалың жұртшылықтың, оқушылар мен ата-аналардың ауданда  ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыруға мүдделi барлық азаматтардың назарын аудартады деген үмiтзор. Елбасы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мумкiндiктерi» халыққа Жолдауында: «Жастар — бiздiң болашағымыздың негiзi — өз болашағын құрудың жаңа мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi» — деп атап көрсеткен. Бiлiм саласының алдында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердi сiздермен бiрiгiп табысты iске асыратынымызға нық сенiмдiмiн.


                                                                         Құрметпен бiлiм бөлімінің бастығы
                                                                                                                       Қ.К. Оңғаров

   
 
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
   Егеменді  ел  болып, еңсе көтеріп, жоғалуға  айналған дініміздің,  тіліміздің ,әдет-ғұрпымыздың  кеңге  құлаш  ұрғанына  міне 20 жылдың  жүзі  болды.
Қазақ ұлтының  қатарға  еніп, әлемге  таныла  бастауының  басты  себепкері Елбасымыздың  сындарлы  саясаты  мен халық  келешегіне яғни  бүгіні  мен  ертеңіне салып  жатқан  сара жолының  дұрыстығы, әділдігі  мен  өміршеңдігінде болып  отыр.
   Елбасының  алысты  болжайтын  көрегендігі артынын  ерген  халқын,ерім  деп  сенген  елін  адастырған  жоқ.. 20 жылдың  ішінде  айтса  адам нанғысыз  белестерді  бағындырдық..Сарарқаның  төрінде  әсем  Астана бой  көтерді. Тарыдай  шашылып  кеткен  қаншама  қандастарымыз  ата  мекеніне  оралды. Елбасымыз  Қазақстан  азаматтарының өмірін  тікелей  жақсартуды көздейтін   Жолдауын  жыл  сайын  халқына арнап  отырды.1997 жылғы халыққа  алғашқы  Жолдауында-«2030  жылы  біздің ұрпақтарымыз  бұдан  былай әлемдік  оқиғалардың қалтарысында  қалып  қоймайтын  елде өмір  сүретін  болады» деген  болатын. Осы  сөздердің  қазіргі  таңда  шындыққа  айналғанына  әрбір  Қазақстандықтар  куә. Күні  кеше Астанада  56 елдің  басшылары  мен халықаралық ұйым өкілдерінің  басын  қосқан Саммит-соның  айқын  айғағы.Дүниені дүрбелеңге  салған дағдарыстан  да  қиналмай  шығып,дамудың  даңғыл  жолына  түстік.
Елбасымыз  білім-ғылымсыз  дамудың  мүмкін  еместігін  айта  келе, осы  салаларға  баса  назар  аударып,  барлық  мүмкіншіліктерді елдің  осы  маңызды  саласының  дамуына  арнауда. Сондықтан да  болар  қазіргі  таңда білім  беру  ісін  дамытуда  еліміз 129 елдің арасында көш  бастаушылар қатарында  келеді. Өткен онжылдықта білімге  бөлінген қаражат 10 есеге  көбейген және  осы  жылдарда 750 жаңа  мектеп  салынған. Елбасымыз биылғы «Болашақтың  іргетасын  бірге қалаймыз» атты Жолдауында «білім  беруді  жаңғыртуды одан  әрі  жалғастыруға  тиіспіз»-  дей  келе «Мектепке  дейінгі білім  беру  мен  тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға  қарай 74 пайызды, 2020 жылға  қарай 100 пайызды құрайтын  болады. 2020 жылға  қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін  боламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы  есебінен кемінде екі жүз  мектеп салып, осынша  мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз. 2015 жылға қарай білім  беру  ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды  пайдаланып, 2020 жылға  қарай оның  саны 90 пайызға артады» деп атап  көрсетті. Елбасының   Жолдауындағы  халық  үшін  жасап  жатқан  әрбір  іс-әрекетін, айтқан  әрбір  сөздерін  қуаттап, қолдай  отырып, аудандағы  білім  саласының қызметкерлері  әрқашанда  Елбасымызбен  бірге  ел  болашағын  гүлдендіруге  күш  жігерімізді, парасат-пайымымызды  арнайтынымызды  айтқым  келеді.
                                                                         Ізгі ниетпен, аудандық білім  бөлімінің бастығы Қ.Оңғаров



    30 желтоқсан күнi Астанада VII қысқы Азия ойындарының алауы тұтанады. Осыған байланысты облыстық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің ұйымдастыруымен VII қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатына спортшыларға жанкүйер ретінде мектептердің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері жіберілді.  Атап айтсақ,  қаңтарда №45 мектептен Ғ.Өмірзақов, №50 мектептен С.Мұсатаев, №127 мектептен М.Апбасов, №157 мектептен Қ.Мауленовтерді аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Рысдаулет Құдайбергенов, білім  бөлімінің бас маманы Дарын Биманов, білім бөлімінің әдіскері Шохаев Жеңіс және аудандағы білім мекемелерінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері шығарып сала отырып, Шиеліліктердің Қазақстандықтарға  деген ыстық ықыласы  мен  жеңіс  тұғырынан  көрінсе  деген тілегін жеткізуді аманат етіп   жіберді.
     2011 жылдың 21 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында аудан әкімі Н.Нәлібаевтың 2010 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы атқарылатын міндеттер туралы  жылдық Есебі бойынша  тұрғындармен  кездесуі басталды.
Аудан әкімі тұрғындарға аудан көлеміндегі өнеркәсіп, инвестиция, кәсіпкерлік, бюджет және салық, автомобиль  жолдары және инфрақұрылым, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жайлы, санитарлық қызметпен  қамтамасыз ету жайлы, жылу беру маусымына байланысты атқарылған  жұмыстар, төтенше жағдайлардың алдын алу жайлы атқарылған жұмыстар жөнінде яғни барлық салада атқарылған ауқымды шараларды баяндауда.
толығырақ 

 
      2011 жылдың 10-18 қаңтар аралығында кент, ауылдық округ  әкімдерінің тұрғындармен есепті  кездесулері  болып  өтті. Басшылар халық  алдында өздерінің  атқарған  жұмыстарын егжей-тегжейлі баяндады. Халық  тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап қайтарылды. Атқарылған  жұмыстар ауданымыздың барлық салаларын қамтыды. Бұнда ауыз су, аяқ  судың халыққа жеткізілуі, ауылдағы көшелердің көріктендірілуі, жарық  мәселесі және тағы басқа да өзекті мәселелер жөнінде қорытынды есеп  халық көңілінен шықты. толығырақ 

                                  Әрбір бала бір жұлдыз
    2011 жылдың 17 – 20 қаңтар аралығында өткізілген «Әрбір бала бір жұлдыз» атты ән – би байқауы аймақтық болып өткізілді. Бұл  байқауға аудандағы 24  балабақшаның  өнерлі  бүлдіршіндері  қатысты. Сүйкімді бүлдіршіндердің  бірінен - бірі қалыспай байқауға белсене араласқандығы ата - аналарды,  тәрбиешілерді  қуантты. Келешегінен  көп  үміт  күттіретін  өнерлі  бүлдіршіндер  қазылар  алқасынан  лайықты  бағасын  алды.
толығырақ 

 
     2010 жылдың 14-15 қаңтар аралығында №46 А.С.Пушкин атындағы орта мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі (аудандық) өткізілді. І турға - 678 оқушы, ІІ турға - 446 оқушылар қатысып, 177 оқушы (І,ІІ,ІІІ) жүлделі орындар иеленді. Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі (облыстық) 56 оқушы жолдама алды. Наурыз айында  аудан  жеңімпаздары облыстық  олимпиадада  өз  білімдерін  сарапқа  салмақшы. Жеңімпаз  шәкірттерден  күтеріміз мол.
 
     Қазақстанның қарқынды дамуы, бүкіл әлемде беделінің өсуі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан жұртшылығының әлемге танылғанын ешкім де  жоққа шығара алмайды. Біз Елбасымыздың халық үшін жасап жатқан бүкіл іс-әрекетін қуана қоштай отырып, 2020 жылға дейін Елбасылық қызметін  жалғастыру мақсатында өтіліп жатқан референдумды бір ауыздан  қуаттаймыз.

 

   


Hosted by uCoz