Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                                                Әрбір бала бір жұлдыз

    Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, жүз жылдығын ойлаған бала тәрбиелейді деген дана халқымыз бала тәрбиесіне аса зор мән берген. Балабақшада өсіп келе жатқан жас жеткіншекке білім мен тәрбие берумен қатар, ел болашағы балғындар тәрбиесінде үлкен маңызды рөл атқаратын ұлттық тәлім – тәрбие орталығы. Жаңа жыл қарсаңында ауданымызда жаңа білім ошақтары мен балабақшалар ашылуда. Қоян жылы жақсы бастамалар мен жағымды жаңалықтарымен табалдырығымызды аттады. Осындай жағымды жаңалықтың бірі «Әрбір бала бір жұлдыз» атты балабақшалар арасында ән-би байқауы Аудандық білім бөлімінің әдіскері  С.Тілеубергенқызының ұйымдастыруымен өткен бұл байқау балабақша бүлдіршіндерінің  өнерін шыңдауға, таланттары мен дарындылықтарына жол ашты.Ауданымыздағы балабақшаларымыздың арасында бұл байқау 3 күнге созылып, қорытынды кезең ауданымыздың теріскей бетіндегі жаңадан ашылған «Кәусар» балабақшасында өтті. Қорытынды кезеңде 3 күн бойы сайысқа түскен балабақшалар жеңімпаздары бақ сынасты. Олар «Балдырған», «Кәусар», «Балауса», «Әсем», «Жөлек», «Аққайың», №181 мектеп шағын орталық, «Қарлығаш», «Балбөбек», балабақшалар.Осы күні барлық балабақшалар үлкен дайындықпен келгендерін байқатты. Бүлдіршіндердің көздеріне нұр оты жайнап, байқауға барлық өнерлерін салды. «Әрбір бала бір жұлдыз» атты ән-би байқауына қатысқан әрбір балабақша бүлдіршіндері алғыс хаттар мен марапатталды. Қорытынды кеште ән-би байқауының І орын жеңімпазы «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіні Ибрагимова Ақерке иеленсе, бас жүлде «Әсем» балабақшасының бүлдіршіні Имамбаева Жанеркеге бұйырды. Адам баласының ақыл иесі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне тікелей байланысты. Балабақшада баланы бағып қана қоймайды, баланы саналы болып өсуге тәрбиелейді. Сонымен қатар балабақшадағы осындай маңызды зор шаралар баланың болашақта алғыр, тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал етеді.         




 

 

   


Hosted by uCoz