Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
     
                  Құрметтi ханымдар мен мырзалар !
                 Қымбатты балалар!

     Сiздермен жаңадан ашылған бетте қауышқаныма   қуаныштымын.   Бiлiм алуда ең батыл жоспарларды жүзеге   асыру үшiн барлық   мүмкiншiлiктерi бар. Бүгiнгi күнi   мемлекетiмiзде дарындарды   дамытуға, қолдауға iшiнде   шетелде бiлiм беруге жағдайлар   жасалған.   Елiмiз үшiн   алдына қойған мiндеттердi жоғары кәсiби   деңгейде   шешуге   қабiлеттi, бастамашыл жас мамандар қашан да   қажет.    Мектеп,  лицей, гимназия және басқа да оқу орындарының   оқушылары сапалы бiлiм алудың маңызын жақсы түсiнедi. Осы   орайда ауданның бiлiм жүйесiн жетiлдiруге және дамытуға   бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ескертулерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн.
    Осы бет өзiне қалың жұртшылықтың, оқушылар мен ата-аналардың ауданда  ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыруға мүдделi барлық азаматтардың назарын аудартады деген үмiтзор. Елбасы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мумкiндiктерi» халыққа Жолдауында: «Жастар — бiздiң болашағымыздың негiзi — өз болашағын құрудың жаңа мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi» — деп атап көрсеткен. Бiлiм саласының алдында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердi сiздермен бiрiгiп табысты iске асыратынымызға нық сенiмдiмiн.


                                                                         Құрметпен бiлiм бөлімінің бастығы
                                                                                                                       Қ.К. Оңғаров

   
 
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
                   Құрметті  оқушылар,  ата-аналар,  ұстаздар !
     Сіздермен  біздер  тағы  бір  жылды  тарих  қойнауына  тапсырып, жаңа  үмітпен, жайдары  бастамалармен, алдымызға  жаңа  мақсат, биік  мұраттар  қойып,  тағы  бір  жылды  қарсы  алғалы  отырмыз.
Өткен  жыл,  яғни  барыс  жылы  берекелі, еліміз үшін есте қаларлықтай жыл  болды. Бүкіл  адамзат  қауымын  бірлікке,  ынтымаққа,  бейбітшілікке  бастаған, экономикасы, ғылымы, білімі дамыған іргелі елге айналдық. Еліміз құқықтық, демократиялық мемлекет құру жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ұлтымыздың тілі,  мәдениеті  мен дәстүрлері қайта жаңғырды.
     Қазақстан  бүкіл әлем  мойындайтындай  дәрежеге жетті. Оның  бар  айғағы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің ЕҚЫҰ-ға  төраға болып, ТМД елдерінің  арасында төрағалық тізгінін бірінші болып ұстағаны, жаһандық дәрежедегі жиынның  біздің Елордада өтуінің  өзі біз  үшін  үлкен жетістік, мерейлі мереке екені анық. Әрбір қазақстандықтар мақтанышпен  өздерін-біз  бейбітшіліктің,  ынтымақтастықтың, бірліктің  ұйыған  алтын ұясынанбыз  деп таныстыра  алады. Әрбір жыл өз ерекшелігімен келетіні  белгілі. Алдымызда қарсы  алғалы  тұрған  жылымызда күндеріміз қуанышты, табысты, арайлы ақ таңдарымыз  көп  болсын. «Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді дана халқымыз. Желкілдеп  өсіп  келе жатқан жас буын ешқандай таршылық көрмей, заманауи біліммен  қаруланып, келешекке нық қадам бассын! Біз ата-аналар, ел ағалары алдыңғы буындар дұрыс жөн сілтеп, сара жолға салып, ұрпағымыздың жетістігіне марқайып жүре берейік. Балаларымыздан күткен үмітіміз ақталсын. Ең бастысы бейбіт өмірде деніміз сау, отбасымыз аман, несібеміз мол болсын. Егеменді  еліміздің  еңсесі  биіктей  берсін   демекпін!
                                                                               Ізгі ниетпен, аудандық білім
                                                                              бөлімінің бастығы Қ.Оңғаров
                          Аудан әкімінің шыршасы балаларға
                               шаттық пен қуаныш сыйлады

     Жаңа қоян жылы қарсаңында ауданымыздағы барлық білім ошақтарында, мекемелерде жаңа жыл шыршасы өтуде. Биылғы аудан әкімінің шыршасы №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы қазақ орта мектебінде өтті. Аудан мектептерінен жалпы 155 бала қатысып, оның 30-на бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шыршаны аудан әкімі Н.М.Нәлібаев жағып, құттықтау сөз сөйледі. «Өтіп бара жатқан барыс жылы біздің еліміз үшін табысты жыл болды. Елордамыз Астана қаласында өткен Астана Саммиті – еліміздің үлкен жетістігі мен мақтанышы. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық жасап, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енудеміз. Қоян жылы баршаңызға тек қуаныш пен жақсылық, ырыс пен табыс, бақ пен береке әкелсін, қашанда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген жылы лебізін білдірді. Балаларға арнайы дайындалған көз тартатын әсем тортты аудан әкімі Н.М.Нәлібаев кесіп, өз қолымен балаларға теңдей қылып үлестіріп берді. Балалардың жүздерінде күлкі, көздерінде нұр оты жайнап, дәмді тортты жеп, сыйлықарын алып, шат көңілмен тарқасты.  
     2010 жылдың  желтоқсан айында  Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының  ұйымдастыруымен Шиелі ауданының жастар саясатына байланысты аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің шешімін табу ісіне жастарды тарту, жастар  бастамашыл топтары мен ұйымдардың, жастар ісімен айналысатын мекемелердің әлеуметтік азаматтық бастамаларына қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ жастардың әлеуметтік-шығармашылық идеялар мен жобаларын қолдау мақсатында байқау  өткізілді. Оқушы жастардың  жобаларын жүзеге асыру үшін қаржылай («Жас ғалым-2011» жобасы үшін 47750 мың тг, «Экология және балалар» атты жобасы үшін 45750 мың тг)  көмек беріліп арнайы  аудан әкімінің орынбасары атынан сертификаттар тапсырылды. Осымен қатар қатысушы оқушылардың барлығына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. толығырақ 

 

   


Hosted by uCoz