Шиелі жастарының әлеуметтік-шығармашылық
идеялар мен жобалар жәрменкесі-2010
2010 жылдың желтоқсан айында Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ұйымдастыруымен Шиелі ауданының жастар саясатына байланысты аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің шешімін табу ісіне жастарды тарту, жастар бастамашыл топтары мен ұйымдардың, жастар ісімен айналысатын мекемелердің әлеуметтік азаматтық бастамаларына қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ жастардың әлеуметтік-шығармашылық идеялар мен жобаларын қолдау мақсатында байқау өткізілді. Аудандық оқушылар үйінің «Жас экологтар» үйірмесінің мүшелері №159 орта мектептін оқушылары Жақсылық Арайлым, Бекболатова Нұржамал, Мырзағалиқызы Мәншүк, №156 орта мектептін оқушысы Әбдешов Ержан, №241 орта мектептін оқушысы Айдарова Нұрсулудың (жетекшілері Әбішев Бауыржан) «Білім және жастар» номинациясы бойынша ұсынған «Жас ғалым-2011» жобасы және «Қоршаған орта тазалығы-дамудың негізі» номинациясы бойынша ұсынған «Экология және балалар» атты жобасы арнайы құрылған сараптау комиссияның шешіміне сәйкес жобалары жоғары бағаланды. Жобаны жүзеге асыру барысында аудан жастар арасында экология, химия, биология, математика, физика, тіл білімі, тарих т.б ғылым негіздері бойынша ғылыми жоба жарыстары өтеді деп жоспарлануда. Оқушы жастардың жобаларын жүзеге асыру үшін қаржылай («Жас ғалым-2011» жобасы үшін 47750 мың тг, «Экология және балалар» атты жобасы үшін 45750 мың тг) көмек беріліп арнайы аудан әкімінің орынбасары атынан сертификаттар тапсырылды.
Осымен қатар қатысушы оқушылардың барлығына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
|