Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
                  Құрметтi ханымдар мен мырзалар !
                 Қымбатты балалар!

     Сiздермен жаңадан ашылған бетте қауышқаныма   қуаныштымын.   Бiлiм алуда ең батыл жоспарларды жүзеге   асыру үшiн барлық   мүмкiншiлiктерi бар. Бүгiнгi күнi   мемлекетiмiзде дарындарды   дамытуға, қолдауға iшiнде   шетелде бiлiм беруге жағдайлар   жасалған.   Елiмiз үшiн   алдына қойған мiндеттердi жоғары кәсiби   деңгейде   шешуге   қабiлеттi, бастамашыл жас мамандар қашан да   қажет.    Мектеп,  лицей, гимназия және басқа да оқу орындарының   оқушылары сапалы бiлiм алудың маңызын жақсы түсiнедi. Осы   орайда ауданның бiлiм жүйесiн жетiлдiруге және дамытуға   бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ескертулерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн.
    Осы бет өзiне қалың жұртшылықтың, оқушылар мен ата-аналардың ауданда  ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыруға мүдделi барлық азаматтардың назарын аудартады деген үмiтзор. Елбасы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мумкiндiктерi» халыққа Жолдауында: «Жастар — бiздiң болашағымыздың негiзi — өз болашағын құрудың жаңа мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi» — деп атап көрсеткен. Бiлiм саласының алдында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердi сiздермен бiрiгiп табысты iске асыратынымызға нық сенiмдiмiн.


                                                                         Құрметпен бiлiм бөлімінің бастығы
                                                                                                                       Қ.К. Оңғаров

   
     
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
    2010 жылдың  23 қыркүйегінде  Шиелі ауданындағы №127 мектеп-лицейінде «Инновациялық білім беру ұйымы: үлгісі, даму үрдістері, тәжірибесі»  атты  облыстық форум  болып өтті. Форумға  облыстық білім басқармасының  бастығы Ж.Жонтаева, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  және қайта даярлау институтының қызметкері С.Құсейінов, аудан әкімінің орынбасары  Б.Есенбаев, аудандық білім бөлімінің  бастығы Қ.Оңғаров және облыс көлеміндегі  20 мектеп-лицей мен мектеп-гимназиясының  директорлары қатысты. Облыстық білім басқармасының бастығы Ж.Жонтаева  қазіргі таңдағы білім беру барысындағы өзекті мәселелерге  тоқталып, білім сапасын көтеру және әсіресе  басқа мектепке үлгі  боларлықтай  дарынды балалар мектебінің жұмыстарын жандандыру жөнінде  мәселе қозғап, мектеп басшыларымен пікір алмасты.
                                     Жаңашыл ұстаз атағын алды
    Адамды анықтайтын үш нәрсе бар. Олар, еңбек, адалдық, жетістік. Тамыз айының 26-28 жұлдызында Елордамыз Астана қаласында «Талантты педагогтен интелектуалдық технологиялар арқылы дарынды оқушыларға» атты дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық педагогикалық кеңесі болып өтті. Бұл кеңестің мақсаты – жан-жақты дамыған білім кеңістігін құру және жасауда, жаңа ақпараттық, коммуникативтік, интерактивтік технологияларды қолдану саласында мұғалімдердің біліктілігін арттыру, педагогикалық ойлаудың жаңа мәдениетін құруға ынталандыру. Аталған республикалық кеңеске облыстан 4 білікті ұстаз қатысып қайтты. Соның арасында ауданымыздан №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының информатика және математика пәні мұғалімі Арыстанбек Пернеев барып, ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың қолынан «Дарынды балаларға интелектуалдық даму талабына сай білім берудегі жетістігі үшін «Flash технологиясы» авторлық бағдарламасы жұмысын көрсетіп, «Жаңашыл ұстаз» атағын алып қайтты.
    Облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігінің «Денсаулық фестивалі-2010» ұйымдастыру және өткізу жайлы қатынас хаттары мен іс-шара жоспарларына сәйкес, аудандық білім бөлімінде және барлық  жалпы білім беретін мектептерінде ұйымдастыру алқалары құрылып іс-шара жоспарлары дайындалды.
    11 қыркүйек күні орталық алаңда аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, ішкі істер бөлімі, тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен  дала жарысы, арқан тарту, қол күресі, дойбы, кір тасын көтеруден спорттық жарыстар өткізіліп оған білім саласының 100-ге тарта қызметкерлері тартылса, кент орталығындағы 8 мектептің 5-7 сыныптардан құралған 400 оқушы  «Қара жорға» биіне биледі. толығырақ 
                                                      Ардақты ұстаздар!
   Баршаңызды Ата Заңымыздың 15 жылдық мерейтойымен қатар келген жаңа оқу жылының алғашқы күні – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
   Дана халқымызда «Оқу инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаса керек. Осы қиын да күрделі салада тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға мықты денсаулық, қажырлы қайрат, шығармашылық табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Шәкірттеріңіз еңбектеріңізді жандырып, білімділіктерімен әлемді бағындырып, егеменді еліміздің мерейін үстем ете берсін! Жаңа оқу жылы құтты болсын, құрметті ұстаздар!
                                      
      Ізгі ниетпен, аудандық білім бөлімінің бастығы
    20 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі заманғы дамыту стратегиясы: жаңа талаптары, жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында аудан білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті. Кеңес басталғанға дейін Мәдениет үйінің кіші залында «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім негізі» тақырыбындағы көрме (электронды және стенді түрінде), оқу-әдістемелік кітап көрмесі, он-лайн режимінде сұхбат («Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша байланыс ұйымдастыру) жүргізілді және дөңгелек стол басында сұхбат немесе журналистермен брифинг өткізілді. толығырақ 
   Шиелі ауданы білім мекемелерінде «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізу жөнінде іс-шара жоспары және әзірлеу, ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. «Мектепке жол» атты акция және 1 тамыз бен 12 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі акциялары салтанатты түрде білім мекемелерінде аталып өтуде. Сонымен қатар барлық білім беру мекемелерінен «Мектепке жол» акциясының өту кестесі алынды. Оған барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ата-аналар қауымы, мекеме басшылары және кәсіпкерлер мен мердігерлер  қатыстырылуда. «Мектепке жол» атты және «Мектеп жәрмеңкесі» акциялары аудандық «Өскен өңір» газетіне жарияланып, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
толығырақ 

 

   


Hosted by uCoz