Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                                                     Алғашқы айдың  асулары

       Қазіргі білім мен ғылым өрлеген кезеңде шәкірттерге білім беру үрдісін жаңарту мен тереңдетуде, заман талабына сай ізденімпаз тұлға етіп тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі, жауапкершілік жүгі жеңіл емес.
Жаңа оқу жылы  ұстаздардың жігерін жанып, ізденімпаздығын арттыра түсетін түрлі байқаулардан басталды. Осындай байқаудың бірі  аудан мұғалімдерінің арасында өткен «Үздік химик-2010»байқауы. Байқауда ұстаздардың біліктілігін бағамдайтын түрлі олимпиадалық есептер шығару, талапқа сай әдістемелік әзірлемелер дайындау, бірлестіктің іс-қағаздарын  жүйелі жинақтау  барысы сынға түсті.
      Қойылған талаптардың барлығына өз дәрежесінде сай келген А.С.Пушкин атындағы орта  мектептің химия пәнінің мұғалімі Жұманазарова Құралай  әріптестерінің алды болып, бас жүлдені  иеленді. Ауданның химия пәнінің мұғалімдерінің намысын облыста қорғауға аттанған Жұманазарова Құралай өз білімі мен тәжірибесін ортаға сала отырып, өзінің нағыз майталман химик  екенін дәлелдеп, облыста да топ жарып, жүлделі II- ші орынды иеленді.
       2010 жылы 18 қыркүйек күні «Үздік қосымша білім беру педагогі» аудандық байқауы болып,  аудандық оқушылар үйі мен  балалар әуез мектебінің 12 ұстазы қатысты.Нәтижесінде бас жүлдені балалар әуез мектебінің мұғалімі Томаева Балхаш жеңіп алды. Томаева Балхаш Сырдария ауданында өткен облыстық байқауда, облыстық білім басқармасының  Алғыс хатымен  марапатталды.
      Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастырған «Үштілділік-ұлттық білім беру моделінің басты құзырлылығы» тақырыбындағы облыстық байқауға  ауданымыздан №252  Г.Н.Ковтунов  атындағы орта мектеп  мұғалімі Жалғасбекқызы Маржан  қатысып, үштілділік саясатын жүргізуге байланысты іс-шара жоспарлары, атқарылған жұмыс портфолиосын дайындау, сыныптан  тыс шаралар, сабақ жоспарлары және үш тілде эссе жазу, өлең оқу, мәтінмен аударма жұмыстарынан  сынға түсіп, нәтижесінде жүлделі III- орынды  иеленді.
      Сонымен қатар «Үздік бастауыш бірлестігі» облыстық  байқауына қатысқан         №46 орта мектебінің  бастауыш сыныптарының  бірлестік  жетекшісі  Күзембаева Ұлбала  Алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің «Жаңа формация мұғалімі» сырттай  облыстық байқауының III- ақтық турына қатысып   №205 орта мектеп мұғалімі Тоқсанбаева Лаззат  жүлделі II-орынды, №48 орта мектептен Жүнісбекова Гүлжаһан жүлделі  III-орынды иемденсе, 10 мұғалім,  №46 орта мектептен Қалыбек Нағима, №48 орта мектептен  Жүнісбекова Эльмира, Мырзағұлова Фатима, №152 орта мектептен Ералиева Меруерт, №149 орта мектептен Әміршеева Сандуғаш, №41 орта мектептен Абылаева Гаухар, №142 орта мектептен Нұрмаханова Нұргүл, №148 орта мектептен Архабаева Майгүл, №153 орта мектептен Нысанқұлова Нағипа, №158 орта  мектептен Хайранова Айнаш, №219 орта мектептен Пармышова Малика түрлі бағамдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.
     «Үздік балабақша тәрбиешісі-2010» атты облыстық байқауға Ы.Жақаев ауылындағы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Әмреева  Камила Ырзаханқызы қатысып, жүлделі  III-орынды иеленді.
     2010 жылдың 14 қыркүйегінде аудан оқушыларының арасында I-Махамбет оқулары болып өтті. Махамбет оқулары 3 бөлім бойынша өткізілді.  1-ші  бөлім Махамбет жырларын жатқа оқу, 2-ші бөлім жас таланттардың өз шығармашылығынан өлеңдер оқу, 3-ші бөлім Махамбеттің күйлерін орындау. Аудандық байқауға үш бөлім бойынша  37 оқушы қатысып, нәтижесінде 1-бөлім бойынша  №149 орта мектептің 10-сынып оқушысы Тұрапқалиева бас жүлдені, 2-ші бөлім бойынша №45 «Ақорда» мектеп- гимназиясының 11-сынып  оқушысы  Қойшыбай Гүлім, 3-ші бөлім бойынша балалар әуез мектебінің  9 сынып оқушысы  Жанайдарұлы Досқан  1-ші  орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Үміт артқан жеткіншектеріміз  облыстан  абыройлы оралды.
     №149 орта мектептің 10-сынып оқушысы Д.Тұрапқалиева  II-ші, балалар әуез мектебінің  9 сынып оқушысы  Жанайдарұлы Досқан  II-ші, ал  №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының 11-сынып  оқушысы  Қойшыбай Гүлім  III-орынды иеленді.
     Биылғы мұғалімдер мерекесі қарсаңында «Қазақстан - Қызылорда» телекомпаниясындағы ұстаздардың басқосуында Шиелі ауданы №40 орта мектептің директоры Оразкүл Елжасарова, «Сыр бойы» газетінде өткізілген  «Мұғалім және қоғам» тақырыбындағы  дөңгелек  үстелге   №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі  Пернеев Арыстан  қатысып қайтты.
     Биылғы оқу жылының  алғашқы айы да аяқталды. Бастамамыз  жаман емес.
     Оқу жылының аяғына дейін талай  белестерді бағындырып, талай жеңістерге жетеміз деп үміттенеміз. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында тынбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесі  баршаңызға құтты болсын! Әрқашан да асқақ абыроймен  жеңіс тұғырынан көріне берейік. Денсаулығымыз мықты, еліміз тыныш болсын!

 

                     
Аудандық білім бөлімінің әдіскері           Әмина Тәжиева

 

                                  


 

 

   


Hosted by uCoz