Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                        «Білімнің шырағы, баланың бағбаны мұғалім»
   Ұстаз мамандығы  қай кезде де  әлемдегі ең киелі мамандық саналады.
Жас ұрпақтың  бойына ізгілік дәнін сеуіп, ұлағат ұялатқан, білімге жетелеген ұстаздар-ең абзал, ең асыл, ең мәртебелі жандар.
Қазан айының 4-ші жұлдызында Халықаралық мұғалімдер күніне орай  «Білімнің шырағы, баланың бағбаны мұғалім» атты мерекелік кеш «Сыр сұлуы» мейрамханасында болып өтті. Салтанатты мерекелік кешке аудандағы білім  мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар,озат ұстаздар және кәсіби мерекемен құттықтау үшін түрлі сала, бөлім меңгерушілері қатысты. Аяулы ұстаздарды аудан әкімінің орынбасары Бекжан Есенбаев төл мерекелерімен құттықтап, игі тілегін арнады. Сонымен қатар ұстаздарды  аудандық мәслихат хатшысы Оразымбетов Сұлтанбек, аудандық «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Патима Махамбетова, аудан әкімінің білім саласы бойынша кеңесшісі, білім қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәулебай Аймаханов, аудандық білім бөлімінің бастығы Қалилулла Оңғаров, білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Рысдаулет Құдайбергенов құттықтады.
    Мерекелік кеште озат ұстаздарды марапаттау салтанатты түрде жүргізілді. 2001 жылдан бастап 4 –қазан күні аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы  аудандық комитеті  кеңесінің қаулысымен оқу жылы қорытындысы  бойынша білім мекемелері  арасында білім, өнер, спорт салалары бойынша ең үздік шыққан білім мекемелеріне ауыспалы кубок пен арнайы жалаушалар және куәлік табысталып келген. Биылғы жылдың ерекшелігі аталған бағамдардың қатарына 4 бағам қосылып отыр. Аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Оңғаров және  білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің төрағасы Р.Құдайбергенов «Үздік» деп танылған білім ордаларын хабарлап, кубоктарын табыс етті. Ауданның 2009-2010 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік білім ордасы» атағы №45 «Ақ  Орда» мектеп-гимназиясына, «Үздік спорт ордасы» атағын №46 орта мектебіне, «Үздік тағылым ордасы-2010» атағы  №47 орта мектебіне , «Үздік өнер ордасы» атағы  аудандық  балалар әуез мектебіне, «Үздік педагогикалық  ұжым» атағы №127 мектеп-лицейге, «Үздік балғындар  бақшасы-2010» атағы  «Мұрагер» балалар бақшасына берілді. Салтанатты жиын барысында 2010 жылы зейнетке шыққан ұстаздар жас мамандарға аманат тапсырды. Ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар көрсетілді. Салтанатты кештің өн бойында ұстаздарға арналып ән, жырдан шашу шашылды.

 

   


Hosted by uCoz