Шиелі аудандық әдістемелік кабинет  әдіскері  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының зияткерлік ойын-конкурстарының  аудандық үйлестірушісі  Әбішев Бауыржан Әлтайұлының  жұмысына

П І К І Р

         Мемлекет басқарудағы экономика, ғылым, мәдениет, өнер салаларында орын алатын қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындау – білім берудің ұлттық моделін құрудағы басым бағыттардың бірі.
“Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996ж.) Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр. Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, олардың потенциалдық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасау.
Шиелі аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Әбішев Бауыржан Әлтайұлы 2005 жылдан бастап «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының зияткерлік ойын-конкурстарының  аудандық үйлестірушісі   қызметін атқарып келеді. 2005-2011 жылдар  аралығында халықаралық «Кенгуру-математика для всех», «Кенгуру-лингвист», «Золотое руно», «British Bulldog», «Русский медвежонок языкознание для всех» ойын-сайыстарымен қатар республикалық «Ақбота»  зияткерлік  марафондарының аудандық денгейде үйлестіріп,  жауапкершілік танытып өткізіп келеді. Қазіргі таңда осы жылдар аралығында  жалпы саны 20532 оқушы тартылған. Мыңдаған оқушы жүлдегер атанып «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  Алматы, Орал, Көкшетау, қалаларындағы тынығу жайы орындарының  жолдамасына 26 оқушы  ие болса, жүзден астам оқушы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы  жұмысты атқару барысында  Бауыржан  мектеп үйлестірушілеріне  бағыт-бағдар беріп, семинар-кеңістер ұйымдастырып өткізіп тұрады. Зияткерлік ойын-сайыстарды ұйымдастырып өткізуге байланысты тиісті іс-құжаттарды жауапкершілікпен уақытылы  орындайды.  Жалпы бұл жұмыстың ауданда жүйеленгені байқалады.

  Қызылорда облыстық білім басқармасының
«Дарын» орталығының маманы                                   Ақышева Қарлығаш

 

 

 

Шиелі аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері
Әбішев Бауыржан Әлтайұлының  жұмысына

П І К І Р

          Қазіргі таңда ғылым мен  техниканың  дамыған заманында  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы мамандарды даярлау нарық сұранысына ие болуда. Еліміздің  экономикасының қарқынды дамуы осы сала мамандарының еншісінде екені белгілі.Осы бағытта біздін   Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану факультеті химия, биология, география және экология ғылымдары бойынша  болашақ мұғалімдерді даярлауда. Университетте шет мемлекеттерден және Қазақстаннын барлық  облыстарынан талапкерлер келіп студент атануда.    
Біздің Университеттің жаратылыстану факультетінде  Шиелі ауданынан қазіргі таңда 26  студент білім алуда. Әр жылы Шиелі ауданынан 5-6   түлек химия және биология саласы  бойынша  өз мамандарының иегерлері атануда. Осы студенттер қатарында грант иегерлері  көптеп кездеседі. Шиелі ауданынан қабылданған талапкерлердін білімдері өте жақсы. Соңғы 5 жылда Шиелі ауданынан келіп студент атанған талапкерлердің саны 46 болса үздік дипломға ие болған түлектердің жалпы саны 12-ге жетті. Түлектердің туған ауылына барып жұмысқа орналасуы да қуантады.
Осы жұмыстармен қатар факультет Шиелі аудандық білім бөлімімен 2009 жылдан бастап Шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылып бірлесіп жұмыс жасауда. Келісім шарт аясында химия және биология пән мұғалімдерінін  өз кәсіби шеберлігін шыңдауда түрлі байланыс жұмыстары жүргізілуде. Факультеттің ұйымдастырып өткізетін шараларына мұғалімдердің қатысу белсенділігі жоғары. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жарыстарына дайындау мақсатында факультет ғалымдары жетекшілік жасауда және соңғы жылдары Шиелі ауданынан  осы бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдердің және оқушылардың өсу  динамикасы байқалады.
Бұл да болса аудандық білім бөлімінің, әдістемелік кабинеттің және осы пәндерге әдістемелік жұмыстарға жауапты  әдіскер Әбішів Бауыржанның  жемісті еңбегі деп білеміз.

 

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік Университетінің 
жаратылыстану факультетінің деканы                         Р.Х.Құрманбаев  

 

 
     Послание президента
      народу Казахстана
 
 

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі.
Байланыс телефондары: жұмыс тел: 8(724)3242180    үй тел: 8(724)3242456
E-mail: bauirjan_raioo@mail.ru

Hosted by uCoz