ҚЫЗЫЛОРДА   ОБЛЫСЫ    
     ШИЕЛІ АУДАНЫ 
    Ә К І М Д І Г І

    АУДАНДЫҚ БІЛІМ
БӨЛІМІ


КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

А К И М А Т
ШИЕЛИЙСКОГО РАЙОНА

РАЙОННЫЙ ОТДЕЛ
ОБРАЗОВАНИЯ

      БҰЙРЫҚ                                                                                ПРИКАЗ
14 .09.2010 жыл
                                         №305                      

ШИЕЛІ КЕНТІ                                                                                       КЕНТ  ШИЕЛИ 

Аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогы - 2010» 
байқауын өткізу туралы  
   

    Шығармашылықпен жұмыс жасайтын қосымша білім беру педагогын анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, қорыту, озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
  • 2010  жылдың   18  қыркүйек күні аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогы – 2010» байқауы өткізілсін.
  • Аудандық «Үздік  қосымша білім беру педагогы – 2010» байқауының өткізілу ережесі  №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  • Байқаудың ұйымдастыру мен қазылар алқасы №2, №3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  • Байқауды өткізуге бөлінетін қаржы білім қызметкерлері аудандық кәсіподақ   комитетінен  сұралсын.
  • Аудандық «Үздік  қосымша білім беру педагогы – 2010» байқауы өткізілетін орынды дайындау аудандық балалар әуез мектебінің  директоры А.Алтынбековке  тапсырылсын.
  • Осы бұйрықтың орындалуы аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Омаровқа жүктелсін.
Бөлім бастығы                               Қ.Оңғаров   
  



                                                                    Білім бөлімінің 2010  жылғы  14    қыркүйегіндегі

                                                                                           № 305  бұйрығына   № 1 қосымша


                  Аудандық «Үздік  қосымша білім беру педагогі-2010» байқауы

                                                1. Жалпы Ережелер

1. «Үздік қосымша білім беру педагогі» байқауы  мектептен тыс ұйымдардың
педагогтары арасында (бұдан әрі – байқау) Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.
2. Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, мектептен тыс ұйымдардың тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Аудандық байқаудың ережесі  облыстық  білім  беру қызметкерлерінің біліктілігін     арттыру      және    қайта    даярлау    институттын       2010  жылғы    25 тамыздағы      №01-06-303  санды хатына сәйкес жасалынды.
3. Байқаудың негізгі міндеттері:
1) ізгілікті, төзімді ахуал құра білетін, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және дарынды тұлғаны анықтау;
2) қосымша білім беру педагогтарының үлгілі шығармашылық зертханасын айқындау, озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;
3) қазіргі тәрбие технологияларын, тәрбие жүйесі модельдері мен жаңа нысандарын анықтау;
4) қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу;
5) мектептен тыс ұйымдардың беделін арттыру, әлеуметтік-адамгершілік мазмұнын байыту, тәрбие құндылығына қоғамдық оңды көзқарас қалыптастыру;
6) қосымша білім беру педагогтарының тәрбие саласындағы кәсіби шығармашылық талпыныстарын қолдауға, өзін-өзі дамытуға, әр қырынан жетілдіруге, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейтуге мүмкіндік жасау;
7) тәрбие жүйесіндегі инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу.
2. Байқауды  ұйымдастыру  тәртібі
5. Байқау 2010 жылдың қыркүйек айында екі кезеңде өтеді:
1) бірінші кезеңді мекемеішілік  2010 жылғы 1 - 16 қыркүйек аралығында өткізеді;
2) екінші кезең аудандық  2010 жылғы   18  қыркүйекте аудандық балалар әуез мектеп базасында (сагат 9.00 де) өткізіледі;
6.  Байқауға ұсынылатын материалдар «Үздіксіз қосымша білім беру педагогі-2010» деген белгімен 2010 жылғы  17  қыркүйекке дейін аудандық білім бөліміне жіберілуі қажет.
3. Байқауға қатысушылар
9. Байқауға ведомстволық бағыныштылығы мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан барлық типтегі мектептен тыс ұйымдарда қызмет атқаратын еңбек өтілдері бір жылдан кем емес, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жақсы нәтиже көрсеткен және байқаудың ұйымдастыру комитетіне уақытылы өтініш берген қосымша білім беру педагогі қатыса алады. Аудандық  байқауға қатысуға кандидатураны ұсынуды  қосымша білім беру ұйымдары мекемеішілік  байқаудың қорытындылары бойынша жүзеге асырады. Байқаудың аудандық  кезеңіне әр ұйымнан қатысушыға шек қойылмайды.
4. Байқауды өткізу тәртібі
10. Аудандық ұйымдастыру комитетіне 2010 жылғы 17 қыркүйектен кейін келіп түскен, сондай-ақ талапқа сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
5. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
11. Іріктеу турына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның атауы, мекен-жайы көрсетілген қосымша білім беру педагогының
жеке өтініші және байланыс телефоны;
2) Байқауға қатысушы туралы анықтама-сауалнама;
6. Ашық кезең тапсырмалары
 1.Өзін-өзі ауданның (қала) даталы тарихымен байланыстыра таныстыру-6 мин.;
 2. Қосымша білім берудің (қалауы бойынша ) авторлық бағдарламасы-7 мин;
 3. «Аула клубы және жазғы демалыс»-танымдық  шара өткізу-5мин.;
 4."Менің педагогикалық тұғырнамам" бейне материалдары (ұзақтығы 10 минуттан аспау керек) және басылым өнімдері.
 5)Қосымша білім беру педагогінің портфолиосы (сырттай кезең)
-Өзi туралы толық ақпарат болуы қажет.- ата-аналармен жұмысқа арналған жаңашылдық жұмыс түрi;-«Оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесі» тақырыбына эссе, жүргізген тәрбие жұмысындағы өз тәжірибесіне қысқаша сипаттама (3 баспа бет, Times New Roman шрифті, көлемі -14);
 -Оқушылардың өзін-өзін басқаруын ұйымдастырудағы жаңалықтары
- қоғамдық ұйымдармен бiрлесе жүргiзiлетiн танымдық-ақпаратты шаралар үлгiлерi;
7. Материалдардың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар
Байқауға аудандық Оқушылар үйі және балалар әуез мектебі тәрбие жұмыстарына байланысты көрме ұйымдастырады. Байқауға ұсынылған тәрбие жүйесінің моделін сипаттайтын материалдар көрмесі  мына бөліктерден құралуы тиіс:
  • Мектептен тыс ұйым туралы қысқаша мәлімет.
  • Құрауыштары жалпы сипатталатын тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы.
  • мақсаттары;
  • аналитикалық шолу;
  • тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері;
  • мазмұны;
  • аталған мақсаттарға жету шеңберінде жүргізілетін балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеттерінің негізгі түрлері;
  • негізгі субъектілер арасында қалыптасқан қарым-қатынас;
  • қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының сипаты;
  • тәрбие жүйесін басқару ерекшеліктері;
  • күтілетін нәтижелер.
  • Тәрбие жүйесі мақсаттарына жетудің негізгі тәсілдерін терең сипаттау (нақты атқарылған істер, акциялар және басқа іс-шаралардың сценарийлері қосымшада беріледі).
  • Мектептен тыс мекеменің тәрбие жүйесін басқару
  • тәрбие үрдісін жоспарлау
  • педагог кадрлардың жұмыстарын ұйымдастыру
  • педагог қызметкерлердің тәрбиелік іс-қимылдарын қолдау
  • тәрбие үрдісін мониторингілеу
  • тәрбие үрдісін бақылау
  • Қосымшалар мындай мазмұнда болуы тиіс:
  • тәрбие үрдісін жүзеге асыруда педагогтарға арналған қызметтік нұсқаулар;
  • тәрбие үрдісін жүзеге асырушы үйірме жетекшілерінің жұмыс жоспарлары
  • ерекше маңызды істер, оқиғалар, акциялар, іс-шаралардың сценарийлік үлгілері немесе оларды жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныстар;
  • тәрбие үрдісін бақылауды жүзеге асыруға пайдаланылатын диагностикалық сауалнамалар мәтіні;
  • тәрбие үрдісі мониторингісінің өлшемдері.
                                                                                                Қосымшаны есептемегенде материалдардың баспа мәтініндегі жалпы көлемі 15 беттен аспау қажет. Қосымшаның көлеміне шек қойылмайды. Барлық материалдар электрондық тасымал құралдарында (флешкамен) Word for Windows форматында өткізілуі тиіс. Әр материалда қайнар көздері, авторлары мен құрастырушылары көрсетілуі міндеттті.
Егер материалдар бұрын басылымдарда жарық көрген немесе басқа байқауларға қатысқан болса, қайда және қашан екендігін көрсетіп жазу керек. Осындай байқауларға бұрын өткізілген жұмыстар қайта қарауға қабылданбайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Авторларға пікірлер жіберілмейді. Жұмыстың сыртқы бетінде автордың толық аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, білім беру ұйымының атауы мен мекен-жайы, телефондары, сондай-ақ ұсынылған материалдардың тізімі көрсетіледі.
8. Байқаудың қазылар алқасы
12. Қазылар алқасы әрбір байқауға қатысушының іс-әрекетін мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
1) кәсіби шеберлігі және жеке басының қасиеттері (құзыреттілігі, жаңашылдығы, креативтік ойлау қабілеті, шығармашылығы, көркемдік дарындылығы, суырыпсалмалығы, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеті, ерік-жігері);
2) мектептен тыс мекемесінің тәрбиелік жүйесі моделінің тиімділігі және нәтижелілігі, тәрбиелеудің және дамытудың инновациялық технологиялары;
3) педагогикалық қызметінің тиімділігі және нәтижелілігі:
- тәрбие теориясынан және тәрбие жұмысы әдістемесінен білімі,
- педагогикадан және психологиядан білімі,
- әлеуметтік-психологиялық дайындығы,
- адамгершілік-әдептілік қасиеттері, ұйымдастырушы-тәрбиешінің тактісі,
- жалпы мәдениеті, эрудициясы, ой-өрісінің кеңдігі,
- қарым-қатынас жасау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері,
- негізгі педагогикалық шеберліктерінің қалыптасуы.
4) қосымша білім беру педагогының оқу-әдістемелік кешенін және баспа басылымдарын әзірлеудегі әдістемелік үлесі.         
9. Байқаудың қорытындысын жүргiзу және байқау жеңімпаздарын марапаттау

Байқаудың  нәтижесi қорытындыланып, жеңiмпаздар анықталады 1,2,3 орындар бойынша қатысушылар аудандық білім бөлімінің және білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің  мақтау қағаздарымен  марапатталады. Жеңімпаз мұғалімге   Қызылорда қаласында өтілетін облыстық ’’ Үздік  қосымша білім  беру  педагогы – 2010’’ байқауына  қатысу жолдамасы беріледі.  
10.  Қосымшалар

Қатысушының арнаулы сұраныс өтініші мынадай үлгіде болуы керек:

                                                             Өтініш

Аты-жөні (толығымен)

 

Жұмыс орны, мамандығы, педөтілі

 

Қызметі, санаты

 

Мекен-жайы

 

Телефоны кодымен (мектеп және үйінің)

 

Керекті техникалық құралдар

 

      
 
 
                                                                                   Аудандық білім бөлімінің 2010 жылғы
                                                                               14  қыркүйекдегі «Үздік  қосымша білім
                                                                     беру педагогы – 2010
» атты аудандық  байқауын
                                                                                             өткізу туралы № 305  бұйрығына
                                                                                                                           №2 қосымша

«Үздік  қосымша білім беру педагогы – 2010»
байқауының ұйымдастыру алқасының құрамы:
Алқа төрағасы:
  1. Р.Құдайбергенов – аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы
Алқа мүшелері:
1.   Ғ. Төлегенов - аудандық  әдістемелік кабинет меңгерушісі,
2. А.Алтынбеков – аудандық балалар әуез  мектебінің директоры;
3. Н.Мизамбаев - аудандық балалар әуез  мектеп директорының орынбасары;

Аудандық білім бөлімінің 2010 жылғы
14 қыркүйекдегі «Үздік  қосымша білім
беру педагогы – 2010
» атты аудандық  байқауын
өткізу туралы №305  бұйрығына
№3 қосымша


«Үздік  қосымша білім беру педагогы – 2010» байқауының қазылар алқасының құрамы:
Алқа төрағасы:
  1. Т.Бөпежанов  – аудандық білім бөлімінің бас маманы
Алқа мүшелері:
     1.Б. Әбішев - аудандық білім бөлімінің  әдістемелік кабинет әдіскері;
     2.Д.Сейдахметов- аудандық білім бөлімінің  әдістемелік кабинет әдіскері;
     3.Қ.Сәрсенбаева - аудандық білім бөлімінің  әдістемелік кабинет әдіскері

 

 

 
     Послание президента
      народу Казахстана
 
 

 
 

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі.
Байланыс телефондары: жұмыс тел: 8(724)3242180    үй тел: 8(724)3242456
E-mail: bauirjan_raioo@mail.ru

Hosted by uCoz