«Үздік биология пәнінің мұғалімі-2010»  атты аудандық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже
«Үздік биология пәнінің мұғалімі-2010»  атты аудандық байқау биология пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тиімді жолын іздеуге, аудандағы нәтижелі әдістемелік жұмыстардың үлгісін іріктеуге бағытталған.
     Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын биология пәнінің мұғалімдерін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, қорыту.

    Байқаудың  міндеттері:

  1. биология  пәнінің мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуына көмектесу;
  2. биология пәнінің мұғалімдерінің  оқу-әдістемелік жұмысын, жаңашыл тәжірибесін анықтап тарату, жаңа бастамаларына қолдау көрсету;
  3. биология  пәнінің мұғалімдерінің әлеуметтік беделін қолдау;
  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу

    Байқауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық білім бөлімінің  жанынан  тұратын ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:

  • байқауды өткізу мерзімін анықтайды;
  • байқаудың қазылар алқасын құрайды;
  • байқаудың қорытындысын шығарады.
    • Қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздары мен номинанттарын анықтайды.

 

  1. Байқауға  қатысушылар

      Байқауға кез-келген білім ұйымының  биология   пәні мұғалімдері қатыса алады. Қатысушылардың еңбек өтілі – 3  жылдан кем болмауы тиіс.
Әр мектептен 1 қатысушыдан жіберіледі. Сайысқа қатысу өтініші 2010 жылдың  20 желтоқсанына  дейін қабылданады.

  1. Байқуды  өткізу кезеңі  мен    мерзімі

 

Байқау  2 кезеңде өткізіледі.
Өткізілетін орны:  №46 А.С.Пушкин атындағы орта мектеп базасы

1 кезең – Теориялық- әдістемелік шеберлік сайысы.   24  ақпан  сағат  15.00
биология  пәні мұғалімінің  теориялық білім негізіне тест  жүргізу.
(Педагогика (10 сұрақ),  психология (10 сұрақ)  және  биология пәні бойынша (40 сұрақ),    уақыты-   45 минут)
Тест  тапсырмаларының  бағыттары:

  • Ботаника;
  • Өсімдіктер физиологиясы;
  • Зоология;
  • Анатомия;
  • Гистология;
  • Цитология;
  • Генетика;
  • Жалпы биология;

       Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған сайыскерлер келесі кезеңге өткізіледі.

3. кезең – Практикалық әдістемелік шеберлік сайысы.
1.«Шығармашылық сабақ» таңдалған сыныптарда ашық сабақтар өткізі.  Уақыты   - 45 минут (алдын-ала сабақ жоспарларын ұсыну керек)  12 наурыз  сағат  9.00;
Сабақты  бағалау өлшемдері:

  • Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтай алуы ;
  • Сабақтың ғылымилығы;
  • Пайдаланатын әдіс-тәсілдердің жаңашылдығы;
  • Өзіндік шығармашылық ізденісінің көрінуі;
  • Сабақтағы іс-әрекеттерді ұйымдастыруы;
  • Көрнекі құрал-жабдықтарды сауатты, тиімді пайдалануы;
  • Сабақ кезеңдері арасындағы байланыс;
  • Өзектілігі мен өмірмен байланыстылығы;
  • Сабақтың жалпы мақсатқа жету айқындылығы;
  • Уақытты тиімді пайдалануы.

Басым  бағыттары:

  • АКТ пайдалануы;
  • Технологияландырылған сабақтар;
  • Зертханалық сарамандық жұмыстар;
  • Проблемалық  және зерттеуге бағытталуы.

2.«Шығармашылық жұмыс ізденісі» өзінің шығармашылық  жұмысын қорғау                      ( электронды  презентация    қорғау  уақыты 10 минут)  13 наурыз  сағат  10.00;
Шығармашылық  жұмысты  бағалау өлшемдері:

  • Шығармашылық  қабілеттілік;
  • Ғылыми-тәжірибелік;
  • Шығармашылық жұмыстын ұсынылу дәрежесі.

Басым  бағыттары:

  • Тұлғаға бағдарланған;
  • Нәтижеге бағдарланған.

3. Идеялар аукционы: оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары (қорғау  уақыты 10 минут)   13 наурыз  сағат  15.00;
Әдістемелік идеяны бағалау өлшемі:

  • Теориялық маңыздылығы (жаңалығы, негізділігі,  болашағы);
  • Практикалық маңыздылығы (құндылығы, тиімділігі, қарапайымдылығы, сынақтан өтуі)

4. Байқаудың   мазмұны
Байқау кезеңдері  мұғалімнің орындаған  тапсырмасының мазмұндылығы, пәнді оқытудағы әдістемелік жұмысты ұйымдастыруы, тәжірибесімен және теориялық- практикалық білім деңгейін анықтауға бағытталған.

5. Байқаудың  қорытындысын жүргізу
Байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздар (1,2,3 орындармен) және жаңашыл мұғалім,  шығармашыл мұғалім, мұғалім – оптимист, эрудит-мұғалім, шебер-мұғалім номинациялар  бойынша анықталып, аудандық білім бөлімінің және білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің  мақтау қағаздары  және бағалы сыйлықтарымен  марапатталады.

 

 

 
     Послание президента
      народу Казахстана
 
 
   
 

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі.
Байланыс телефондары: жұмыс тел: 8(724)3242180    үй тел: 8(724)3242456
E-mail: bauirjan_raioo@mail.ru

Hosted by uCoz