ҚЫЗЫЛОРДА   ОБЛЫСЫ    
     ШИЕЛІ АУДАНЫ
    Ә К І М Д І Г І

АУДАНДЫҚ БІЛІМ
БӨЛІМІ

КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ
А К И М А Т
ШИЕЛИЙСКОГО РАЙОНА

РАЙОННЫЙ ОТДЕЛ
ОБРАЗОВАНИЯ


                  
         БҰЙРЫҚ                                                                                                    ПРИКАЗ

01.09.2010 жыл №305                       

ШИЕЛІ КЕНТІ                                                                                                  КЕНТ  ШИЕЛИ

 

Аудандық «Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi  – 2010» 
байқауын өткізу туралы

      Шығармашылықпен жұмыс жасайтын химия  пәнінің мұғалімдерін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, қорыту, озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

  • 2010  жылдың  9-10 қыркүйек аралығында аудандық «Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi  – 2010» байқауы өткізілсін.
  • Аудандық «Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi  – 2010» байқауының өткізілу ережесі  №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  • Байқаудың ұйымдастыру мен қазылар алқасы №2, №3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  • Байқауды өткізуге бөлінетін қаржы білім қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінен сұралсын.
  • Аудандық «Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi  – 2010» байқауы өткізілетін орынды дайындау №244 Ы.Жахаев атындағы орта мектеп директоры Ғ.Асқароваға  тапсырылсын.
  • Осы бұйрықтың орындалуы аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Омаровқа жүктелсін.

 

Бөлім бастығы                               Қ.Оңғаров

 

 

 

 

 

Білім бөлімінің 2010  жылғы  1  қыркүйекдегі
                                                                                              №305  бұйрығына № 1 қосымша

«Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi – 2010»

(химия пәнi мұғалiмiнiң оқу-әдiстемелiк кешенi )
аудандық   байқауы туралы Е Р Е Ж Е
1.Жалпы ереже

«Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi – 2010» аудандық байқау химия пәнi мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн арттырудың тиiмдi жолын iздеуге, аудандағы нәтижелi әдiстемелiк жұмыстардың үлгiсiн iрiктеуге бағытталған.

2.Байқаудың мақсаты:
Аудандық  ҰБТ, олимпиада барысында жоғары кәсiби рейтингке ие болған, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн химия пәнiнiң мұғалiмдерiн анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсiби дамуын, жаңашыл тәсiлiн жинақтап, қорыту.
Байқаудың мiндеттерi:
1.Химия пәнi мұғалiмдерiнiң кәсiби қалыптасуына көмектесу;
2.Химия пәнi мұғалiмдерiнiң оқу-әдiстемелiк жұмысын,
жаңашыл тәжiрибесiн анықтап, тарату, жаңа бастамаларына қолдау көрсету.
3.Химия пәнi мұғалiмдерiнiң әлеуметтiк беделiн қолдау.
3. Байқаудың мазмұны:
Байқаудың сыртқы, iшкi кезеңi тапсырманың мазмұны, пәндi оқытудағы әдiстемелiк жұмыстың ұйымдастырылуы, тәжiрибесi мен теориялық, практикалық бiлiм деңгейiн анықтауға бағытталған.
4. Байқауға қатысушылар және өткізуді ұйымдастыру
Байқау - сайысқа жалпы білім беретін мектептің химия пәнi мұғалiмдерi қатыса алады. Қатысушылардың жұмысындағы еңбек өтiлi – 3 жылдан кем болмауы тиiс, жас кезеңi шектелмейдi.
Аудандық байқауға әр мектептен 1 химия пәні мұғалімі қатыса алады.

Байқауға қатысу өтiнiшi 2010 жылдың  6  қыркүйекке дейiн қабылданады.
5. Байқауды ұйымдастыру мен өткiзу кезеңдері
Байқау 3 кезеңде өткiзiледi:
I кезең – мұғалiмнiң 2009-10 оқу жылының талдаушылық есебi;
Химия пәнi мұғалiмiнiң портфелiне сырттай сараптау – 2010 жылдың   9 қыркүйек (сыртай);
II кезең – iшкi (теориялық) - әдiстемелiк шеберлiк сайысы - 2010 жылдың 9  қыркүйегі басталуы сағат 09.00-де;
1. олимпиадалық есептер шығару (4 сағат)
2. химия пәнi мұғалiмiнiң теориялық бiлiм негiзiне тест жүргiзу (20 мин). 2 кезең қорытындысы бойынша мұғалімдердін жұмыстары іріктеліп 3 кезеңге жіберіледі.
III кезең – iшкi (практикалық) - әдiстемелiк шеберлiк сайысы - 2010 жыл, 10  қыркүйек басталуы сағат 10.00-де;
- өзiн таныстыру (5 мин).
- шығармашылық жұмыс iзденiсi (10 мин).
6. Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдар
Байқауға қатысушы мiндеттi түрде жiберуi тиiс:

  • Өтiнiші;
  • Мұғалiмнiң 2009-10 оқу жылының талдаушылық есебi;

Химия пәнi мұғалiмiнiң портфелiнде:
1.Химия пәнi бойынша оқу бағдарламалары (тиесiлi сыныптар бойынша);
2.ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған: а)оқулықтар тізімі; б)оқулық кешендері тiзбесi;
3.Химия пәнi бойынша күнтiзбелiк-тақырыптық жоспары (сабақ беретiн сыныптары бойынша), 1 тарауды толық қамтитын күнделiктi сабақ жоспары (модуль бойынша беретiн болса бiр тарауға арналып жасалынған модульдiк жоспары);
4.12 жылдық білім беру жағдайында бағдарлы курстарда жасаған курс бағдарламасы, жоспары және оқу әдістемелік кешені (жүктеме болған жағдайда).
5.Үлестiрмелi әдiстемелiк, дидактикалық материалдар;
6.Республикалық, облыстық баспасөз беттерiнде жарияланған ғылыми-әдiстемелiк мақалалары;
7.Облыстық, республикалық, халықаралық конференция және ғылыми-практикалық семинарларда, педагогикалық оқуларда оқыған баяндамалары.
8.Облыстық, республикалық олимпиада нәтижелерiнiң көрсеткiштерi /жүлдегер оқушыларының және өздерiнiң/;
9.Дарынды балалармен жүргiзген ғылыми жұмыстарының облыстық, республикалық дәрежедегi көрсеткiшi /болған жағдайда/;
10.Оқыту үрдiсiндегi әдiстемелiк жаңашылдығы, жаңа инновациялық технологиясы бойынша оқу-тақырыптық, диогностикалық жұмыстары, материалдары (жазба және электронды түрде);
11. Панорамалық сабағы. Презентациялық және баспаға лайықтанылған жағдайда жазылып даярлану керек (жазба және электронды түрде);
12.Өздiгiнен бiлiм көтеру жоспары.
13.Әдiстемелiк кеңестер мен конференцияларда оқыған баяндамалары;
14.Аудандық (қалалық), облыстық т.б. бiлiм бөлiмдерiнiң мақтау қағаздары;
7. Байқаудың сарапшылары
Байқаудың сарапшылар құрамы: аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, химия пәні мұғалімдері.   Сарапшылар байқау қорытындысын 10 балдық жүйемен бағалайды.
8. Байқаудың қорытындысын жүргiзу және байқау жеңімпаздарын марапаттау

Байқаудың  нәтижесi қорытындыланып, жеңiмпаздар анықталады 1,2,3 орындар бойынша қатысушылар аудандық білім бөлімінің және білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің  мақтау қағаздары  және бағалы сыйлықтарымен  марапатталады. Жеңімпаз мұғалімге   Қызылорда қаласында өтілетін облыстық ’’Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi -2010’’ байқауына қатысу жолдамасы беріледі.

 

9. Қосымшалар
Қатысушының арнаулы сұраныс өтініші мынадай үлгіде болуы керек:
Өтініш


Аты-жөні (толығымен)

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Жұмыс орны, мамандығы, педөтілі

 

Қызметі, санаты

 

Мекенжайы

 

Телефоны кодымен (мектеп және үйінің)

 

Керекті техникалық құралдар

 

Барлық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық білім бөлімінің 2010 жылғы
1  қыркүйекдегі «Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi  – 2010» атты аудандық  байқауын
өткізу туралы №305   бұйрығына
№2 қосымша

«Ең таңдаулы химия пәнi мұғалiмi  – 2010» байқауының ұйымдастыру алқасының құрамы:
Алқа төрағасы:

  1. Р.Құдайбергенов – аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы

Алқа мүшелері:
1.   Ғ. Төлегенов - аудандық  әдістемелік кабинет меңгерушісі,

  1. Ғ.Асқарова - №244  орта мектеп директоры;
  2. Г.Жұматова - №244 мектеп директорының орынбасары;
  3. А.Нұртаев -№244 мектеп директорының орынбасары.

 

 

 

 

 
     Послание президента
      народу Казахстана
 
 
 

 

Hosted by uCoz