Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
     
                  Құрметтi ханымдар мен мырзалар !
                 Қымбатты балалар!

     Сiздермен жаңадан ашылған бетте қауышқаныма   қуаныштымын.   Бiлiм алуда ең батыл жоспарларды жүзеге   асыру үшiн барлық   мүмкiншiлiктерi бар. Бүгiнгi күнi   мемлекетiмiзде дарындарды   дамытуға, қолдауға iшiнде   шетелде бiлiм беруге жағдайлар   жасалған.   Елiмiз үшiн   алдына қойған мiндеттердi жоғары кәсiби   деңгейде   шешуге   қабiлеттi, бастамашыл жас мамандар қашан да   қажет.    Мектеп,  лицей, гимназия және басқа да оқу орындарының   оқушылары сапалы бiлiм алудың маңызын жақсы түсiнедi. Осы   орайда ауданның бiлiм жүйесiн жетiлдiруге және дамытуға   бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ескертулерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн.
    Осы бет өзiне қалың жұртшылықтың, оқушылар мен ата-аналардың ауданда  ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыруға мүдделi барлық азаматтардың назарын аудартады деген үмiтзор. Елбасы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мумкiндiктерi» халыққа Жолдауында: «Жастар — бiздiң болашағымыздың негiзi — өз болашағын құрудың жаңа мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi» — деп атап көрсеткен. Бiлiм саласының алдында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердi сiздермен бiрiгiп табысты iске асыратынымызға нық сенiмдiмiн.


                                                                         Құрметпен бiлiм бөлімінің бастығы
                                                                                                                       Қ.К. Оңғаров

   
 
 
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
   Аудандық білім бөлімі мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық сапасын арттыру мақсатында кешкі мектеп базасында 2011 жылдың 14 ақпанынан бастап дайындық сабақтарының ұйымдастырылатындығын хабарлайды. толығырақ 
                  Мектеп ата – аналары аудандық комитетінің                         
  ҮНДЕУІ
   «Адам ұрпағымен мың жасайды», - дейді қазақ. Ия, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы тарихтың өн бойында өсіп – өніп келеді және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған тірлік. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол саналы тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие. Демек ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Онсыз адам ғұмырының мәні мен сәні жоқ. Тәрбие жас ұрпақтың жүрегіне, ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек. Тоқсаныншы жылдардағы өтпелі кезеңде отбасы да жалпы қоғам да бала тәрбиесін босаңсытып алғанымыз рас. Нарық қыспағы дедік, ауыр әлеуметтік ахуалға арттық кінәні. Міне бірнеше жылдың жүзі болды мемлекетіміздің экономикасы өрлеу үстінде, елдің тұрмысы да біршама түзеліп қалды. Әлемдік дағдарыстан да сүрінбей өттік. Енді бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға жол беруге болмайды. Дегенмен қазіргі уақыттағы ауданымыздағы жасөспірімдердің тәрбиесі мен тәртібі көңіл көншітпейді. Жыл сайынғы статистика соның айғағы. Мектеп жасындағы жасөспірімдердің құқық бұзуы, қылмыстық әрекетке баруы тиылмауда. Түнгі уақытта көшеде қараусыз жүрген де кәмелетке толмаған балалар. Бала тәрбиесіне жауапты ата – ана, ата – әже, туған – туыс қайда қарап отыр деген сұрақ мазалайды. Балаларға адамгершілік тәрбие беру түгелдей жақсы үлгі – өнеге көрсетуге келіп саяды- деген екен ұлы Толстой. Бұл бізді, аға ұрпақ өкілдерін ойландыратын нәрсе. Көргенін, білгенін айтпаса аға кінәлі деген.
    Біз бұрынғысынша бала тәрбиесін мектептің, ұстаздардың арқасына жүктей салудан арылмай келеміз. Сабақ уақытында ғана емес, түнгі мезгілде көшедегі тәртібі де мұғалімдерден сұралады. Қоғамның қолдауынсыз, отбасының көмегінсіз жалғыз ұстаздар тәрбие деген ұлы істің үдесінен шыға алмасы анық. Ал тәрбие адам тағдырын шешетін  ұлы іс емес пе. Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата – ана еліміздің болашақ тарихын да тәрбиелейді. Себебі, біздің балалар – біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие біздің қайғымыз, бұл – біздің көз жасымыз, бұл – басқалар алдындағы, бүкіл ел алдындағы кінәміз. Сондықтан біз, мектеп ата – аналарының аудандық комитеті ауданымыздың ата – аналарын, ұл мен қыз тәрбиесінде мектеп пен тығыз ынтымақтастық орнату жолында ең бірінші балаларымыздың түнгі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалауда әр сенбі күндері болатын рейдке қатысуға шақырамыз. Мектеп мұғалімдерімен бірге ата – аналар да кесте бойынша аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен түнгі кезекшілікке шықса. Мектеп оқушыларының тәрбиелі, тәртіпті болуына ең бірінші біз ата – аналар мүдделі болуымыз керек. Ата – аналар мен ұстаздардың біріккен әрекеті нәтижелі боларына үмітіміз мол және оқушылардың тәртібін қамтамасыз етуде мектеппен ынтымақтасуға ауданымыздың ата – аналарын шақырамыз.
                                                Мектеп ата – аналарының аудандық комитеті

 

   


Hosted by uCoz