Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           Қонақ кітабы

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
 

        Мектеп – гимназия негізі 1922 жылы сол кезгі Скобелев (қазіргі Бидайкөл ауылы) болысында алғаш екі кластық сауат ашу мектебі болып Айтбай есімді кісінің үйінде  қаланған.           
1931-1932 жылдары мектеп жаңа үйге ауысып, «Октябрьдің 14 жылдығы» деген атау беріледі. 1936-1937 жылдары орталау мектепке, 1939-1940 жылдардан бастап орта мектепке айналды. 1941-1942 жылдары мектеп Шиелі қыстағының орталығына көшіріледі.
1959-1960 оқу жылынан бастап өндірістік білім беретін он бір жылдық білім ошағына айналып, № 45 қазақ орта мектебіне айналды. 1961-1966 оқу жылдары мектепті Әйбибі Сейдахметова басқарды. 1965-1966 жылдары білім ордасы он жылдық мектепке айналды.
1994 жылы № 45 қазақ орта мектебі мектеп-гимназия болып қайта құрылды.
Мектеп негізгі оқу корпусынан, №2, №3 қосымша оқу корпустарынан тұрады. №3 оқу корпусы мектеп үйіне арналмаған,  бу қазандығы жапсарлас орналасқан. Мектептің алғашқы корпусы 1958 жылы салынған. Негізгі ғимараттың оң жақ блогы қосымша 1978 жылы қосылып, кітапхана, спорт зал орналастырылған. Негізгі ғимараттың оң жақ қанаты шифермен емес, қара қағазбен жабылған.
Мектеп – гимназия 540 оқушыға арналған, қазір мектепте 1000 бала оқиды.
Мектеп – гимназияның жағдайына Қызылорда қаласындағы ЖШС «KZ Стройэксперт» (лицензия ГСЛ №008688 18.04.2002 ж) мекемесінің мамандары сараптамадан өткізіп, тексеру қорытындысы бойынша 2008 жылғы 16 мамырында №27 қорытынды актісі жасалған. Қорытындыға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары дайындалып, «Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 34 596 000 теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаражат мамыр айында 10 379 000 теңге, шілде айында 20 757 000 теңге, тамыз айында 3 460 000 теңге қаржы игеріледі. Күрделі жөндеу жұмыстарын 2010 жылғы 22 мамырында өткізілген конкурс қорытындысымен жеңімпаз «Ре СМО» ЖШС жүргізуде. ЖШС директоры Ш. М. Курбановпен 2010 жылғы 24 мамырында №15 келісім – шарт жасалған. Сметалық құжаттары бойынша мектептің есік, терезелерін толық ауыстыру, ескі ғимарат бөлігінің еденін қайта салу, сыртқы бөлігін сылап, әрлеу, электр құрылғыларын ауыстыру, оң жақ бөлігін шатырлау, өрт – дабыл құрылғыларын орнату жұмыстары жоспарланған.
Келісім – шарт негізінде күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылдың 20 тамызына толық пайдалануға беріледі.
Білім беру ұйымының толық атауы:
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы 
Білім беру ұйымының толық пошталық, электрондық мекен-жайы, байланыс телефондары:
Қызылорда облысы,  Шиелі ауданы, Мұстафа Шоқай №1,  8 (72432)  4-22-34,   akorda_45@mail.ru
Оқушылар жөнінде ақпарат:
Оқушылар саны – 941,  ұлы –465 , қызы – 476
даярлықта – 30; қызы – 17.
Жалпы: 941. қызы –  476.
Оқушылар 2 ауысыммен оқиды. І ауысымда – 456 оқушы, ІІ ауысымда – 485 оқушы.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік бітірген оқушы саны – 209, оның қызы – 134.  Жақсы  оқитын оқушы саны – 339, қызы – 188. Мектеп бойынша  білім сапасының орташа пайызы– 81%.
ҰБТ бойынша 2006 – 2007 оқу жылында бітіруші 63, қатысқаны – 63, грант иегерлері – 31 ;
2007 – 2008 оқу жылында бітіруші 66, қатысқаны – 65, грант иегерлері – 34.
2008 – 2009 оқу жылында бітіруші 62, қатысқаны – 58, грант иегерлері – 31, «Жол картасы» бойынша – 2 (колледж)
2009-2010 оқу жылында бітірушы 64, қатысқаны – 62, грант иегері – 42.
Ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар байқауы
Аудандық «Жас ғалым -2010»ғылыми жобалар байқауына  барлығы 7 оқушы қатысып, 4 оқушы (Н.Кенжебек 10 «Ә», Ә.Қайырбек 10 «Ә», Е.Бердібеков 11 «А», Н.Жәрдемхан 10 «Ә» ) І-орынмен, 3 оқушы (А.Тәшкенбаева 9 «В», Г.Қойшыбай 10 «А», Ә.Ходжамұратова 10 «А») ІІ-орынмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Аудандық «Алтын кілт - 2009» логикалық олимпиада байқауына: 18 оқушы қатысып, 2 оқушы І орынмен (3 «Ә» сынып оқушысы Әбутәліпова Аружан, 7 «Б» сынып оқушысы Манап Назарбек), 3 оқушы ІІ орынмен (4 «Ә» сынып оқушысы Бекбаева Аймереке, 6 «Ә» сынып оқушысы Өмірзақ Олжас, 6 «Ә» сынып оқушысы Қыдырбеков Сүлеймен), 6 оқушы ІІІ орынмен (4 «Ә» сынып оқушысы Манап Ғазиз, 4 «А» сынып оқушысы Иманғали Ақжан, 8 сынып оқушысы Кемелов Мұрат, 5 сынып оқушысы Жарқынұлы Бағдаулет, 6 «Ә» сынып оқушысы Кенжебек Шерхан, 10 «Ә» сынып оқушысы Әбдірашитова Әйгерім), 1 оқушы алғыс хатпен (2 «Б» сынып оқушысы Нұржанқызы Аида) марапатталды.
Халықаралық «Золотое руно» байқауына оқушы қатысып, 1 оқушы І орын ( 10 «Ә» сынып оқушысы Қайырбек Әйгерім), 2 оқушы ІІ орын (10 «А» сынып оқушысы Хаджимұратова Әйгерім, 9 «Б» сынып оқушысы Әуезов Абзал), 2 оқушы ІІІ орынға (9 «А» сынып оқушысы Қаржауов Жоламан, 9 «А» сынып оқушысы Қыдырбек Рысбек) ие болды.
Халықаралық «Орыс қонжығы» байқауына  52 оқушы қатысып, 2 оқушы  І орынмен (10«Б» сынып оқушылары Төлеуова Анар, Абылайханханқызы Ұлжан) марапатталды.
Бастауыш сыныптан аудандық ғылыми жобаға 6 оқушы қатысып, 2 оқушы бас жүлдемен (3«Ә» сынып  оқушысы Ғалымұлы Нұртуған, 3 «Б» сынып оқушысы Жетпісова Ұлжан), 1 оқушы І орынмен (3 «Б» сынып оқушысы Аябек Нұрсұлтан), 1 оқушы ІІ орынмен (4 «Ә» сынып оқушысы Бекбаева Аймереке), 1 оқушы ІІІ орынмен (4«А» сынып оқушысы Баканова Ұлдана) марапатталды.
Аудан көлемінде өткізілген президенттік олимпиадаға барлығы: 4 оқушы қатысып, 3 оқушы І-орынмен (11 сынып оқушысы Мырзамұратов Кәдірхан (математик), 11 сынып оқушысы Манатбек Перизат (физика), 11 сынып оқушысы Қожантаева Ақмарал (химия) марапатталды.
Мектеп-гимназия бойынша аудандық пәндік олимпиадаға: 41оқушы қатысып, 9 оқушы І орынмен (11 сынып оқушысы Тілеулиева Меруерт (қазақ тілі), 11 сынып оқушысы Мырзамұратов Кәдірхан (математика), 11 сынып оқушысы Кикбаева Сабира (орыс тілі), 11 сынып оқушысы Аманқұлова Ұлданай (тарих), 11 сынып оқушысы Жұмабаева Гүлшат (информатика), 9 сынып оқушысы Сейіт Үміт (орыс тілі), 8 сынып оқушысы Қамбарова Ғанижамал (қазақ тілі), 8 сынып оқушысы Мұхтарова Ғазиза (орыс тілі), 3 оқушы ІІ орынмен 11 сынып оқушысы Манатбек Перизат (физика), 9 сынып оқушысы Сәрсен Серікболсын (математика), Нысанова Қаламқас (шет тілі), 6 оқушы ІІІ орынмен 10 сынып оқушысы Бақытқызы Құралай (физика), 10 сынып оқушысы Хаджимұратова Айгерім (қазақ тілі), 11 сынып оқушысы Тасболатова Фариза (биология), 8 сынып оқушысы Тұрсынов Мұсахан (тарих), 10 сынып оқушысы Қойшыбай Гүлім (шетел тілі), 9 сынып оқушысы Жалғасбайқызы Айгерім (тарих) марапатталды.
Облыстық деңгейде өткізілген  пәндік олимпиадаға мектеп-гимназиядан барлығы 6 оқушы қатысып, 11 «А» сынып оқушысы Тілеулиева Меруерт ІІІ-орынмен (қазақ  тілі ), Аманқұлова Ұлдана  (тарих) ІІІ орындармен  марапатталды.
Мектеп-гимназия бойынша тарих, (8,11сынып), орыс тілі (8,9,11 сынып), қазақ тілі  пәндерінен олимпиададағы жоғары нәтижелерді атап өту керек. Өте төмен көрсеткіштерді биология, ағылшын тілі (9,11 сынып) көрсетті.
Пәндік олимпиада жүлдегерлері:
2005-2006 оқу жылы: аудандық – 20; облыстық – 5
2006-2007 оқу жылы: аудандық – 21; облыстық – 5
2007-2008 оқу жылы: аудандық – 24; облыстық – 5; республикалық - 1
2008-2009 оқу жылы: аудандық – 24; облыстық – 2
2009-2010 оқу жылы: аудандық – 17; облыстық – 2
Мамыр айының басында  облыстық пәндік олимпиада қазақ тілі пәні бойынша ІІІ орынды иемденіп, олимпиада қорытындысымен Тілеулиева Меруерт Сүлеймен Демирель атындағы  университеттің грантын жеңіп алып, сертификатын  иемденді.
Оқушылардың аудандық деңгейдегі оқу мен тәрбие, шығармашылық бағыттағы әлеуетін көтерудегі жеткен жетістіктерінің тізбесі:
Облыстық  «Табиғат тынысы» газетінің ұйытқы болуымен «Балалар қоршаған орта туралы» мектеп оқушылары арасында экологиялық тақырыпта ұйымдастырылған жас суретшілер байқауына 5 оқушы қатысып, 1 оқушы дипломмен (5 сынып оқушысы Әбуова Алтынай), 4 оқушы алғыс хатпен (5 сынып оқушысы Әлімхан Нұрай, 5 сынып оқушысы Ақтөреев Салауат, 5 сынып оқушысы Нұсхабай Аружан, 5 сынып оқушысы Молдахметова Нұрай) марапатталды.
Сәуір айында өткен аудандық Абай оқулықтары байқауына 6 «Б» сынып оқушысы Піржанова Ақниет жүлделі І орынды жеңіп алып, облыстық байқауға  жолдама алды. Ал 8 «А» сынып оқушысы Қамбарова Ғайни-Жамал алғыс хатпен марапатталды.
«Жеңісті жақындатқан жырлар» атты көркем сөз байқауына:   4 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІІ орынмен (5 «А» сынып оқушысы Молдахметова Нұрай), 3 оқушы алғыс хатпен (6 «Б» сынып оқушысы Піржанова Ақниет, 5 «А» сынып оқушысы Әшімқызы Ғайни, 5 «А» сынып оқушысы Дүйсе Сабыржан) марапатталды.
Аудандық «Елім деп соққан жүрегім» шығармашылық байқауына: 2 оқушы қатысып, 1 оқушы І орынмен (10 «А» сынып оқушысы Қойшыбай Гүлім) марапатталып, облысқа жолдама алды.
«Президент и страна едины» байқауына:  2  оқушы қатысып, 1 оқушы І орынмен (9 «В» сынып оқушысы Темирбаева Г) марапатталып, облыстық деңгейдегі байқуға жолдама алды.
Ғылыми – тәжірибелік конференциялар жүлдегерлері:
2005-2006 оқу жылы: аудандық – 7; облыстық – 3
2006-2007 оқу жылы: аудандық – 10; облыстық – 4
2007-2008 оқу жылы: аудандық – 14; облыстық – 6; республикалық – 2; халықаралық - 1
2008-2009 оқу жылы: аудандық – 13; облыстық – 4; республикалық - 3
2009-2010 оқу жылы: аудандық – 13; облыстық – 3
Мұғалімдер жөнінде ақпарат:
Мұғалімдер – 139;
Жоғары - 8
І санаттағылар – 41;
ІІ санаттағылар – 31;
Разрядтағылар – 59;
Жоғарғы білімді – 124;
Арнаулы орта білімді – 15
Кабинеттер жөнінде ақпарат:
Кабинеттер саны – 32.
Оқу кабинеттері – 22.
Пәндік кабинеттер – 22.
Медициналық кабинет – 1.
Компьютерлік кабинеттер саны:
Мектепте 53 компьютер, Мультимедиялық 1 кабинет, информатика 1 кабинет, интерактивті тақта 7 кабинетте орналастырылған.
Білім беру ұйымының салынған жылы, жобалық қуаты:
Мектеп ғимараты 1958 жылы, қосымша оң қанаты 1975, сол қанаты 1986 салынған.  Жобалық қуаты – 640 орындық.           
Материалдық-техникалық базасы жөнінде қосымша ақпарат:
Мектеп–гимназияда химия, биология, физика жаңа үлгідегі технологиялармен толық жабдықталған.

 

 

   
 

 

   


Hosted by uCoz