Бастапқы бет          Білім бөлімі құрылымы        Елбасы жолдауы        Сілтемелер         Фотожинақ           

                                              Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі  №19,
                                                                 тел/факс: 8(72432) 4-14-16, E-mail: shieli_roiono@mail.ru
Іздеу
Қонақ кітабы
       
 

                       «Денсаулық  фестивалі  - 2010» акциясы

       Облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігінің «Денсаулық фестивалін» ұйымдастыру және өткізу жайлы қатынас хаттары мен іс-шара жоспарларына сәйкес,  аудандық білім бөлімінде және барлық  жалпы білім беретін мектептерінде ұйымдастыру алқалары құрылып іс-шара жоспарлары дайындалды.
      11 қыркүйек күні орталық алаңда аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, ішкі істер бөлімі, тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен  дала жарысы, арқан тарту, қол күресі, дойбы, кір тасын көтеруден спорттық жарыстар өткізіліп оған білім саласының  100-ге тарта  қызметкерлері тартылса, кент орталығындағы 8 мектептің 5 - 7 сыныптардан құралған 400 оқушы  «Қара жорға» биіне биледі.
     Сонымен қатар барлық мектептерде «Ұғынып тамақтан. Спортпен үнемі айналыс.  Денсаулығыңды сақта», «Дені сау, рухы биік болашақ Қазақстан баласы» ұрандарымен бастауыш сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар, асфальтқа сурет салу, 5-7 сынып оқушылары «Қара жорға» биіне билеп, 8-10 сынып оқушылары  дала жарысы, шағын футбол, волейбол, арқан тарту, қол күресі т.б. спорт түрлерінен өткізілген жарыстарға қатысты.
     Мектеп аяжандары «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат емшісі», «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» тақырыбында  оқушылар мен ауыл дәрігерлерінің кездесулерін өткізді.  
     Мектеп кітапханашылары спорт, салауатты өмір салты, денсаулық тақырыбында  кітап көрмелерін ұйымдастырды.
     «Денсаулық фестивалінің» өтілу барысы суретке түсіріліп, аудандық баспасөз  беттерінде жариялануға нәтижелері берілді.
     Ауданның, ауылдардың әкімдері, мектеп директорлары фестивальдың ашылуында  жарысқа қатысушыларды құттықтап,  фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
    Жалпы «Денсаулық фестивалі – 2010» аясында өткізілген іс-шараларға 8430 оқушы,  500-ден астам білім қызметкерлері қатысты.

 

 

 

   


Hosted by uCoz